«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мирас" мектепалды даярлық тобының «Шырша» ағашына бақылау жасау сәті.

26.01.2023

Мақсаты:
Балабақшамызда өсетін ағаштармен таныстыруды жалғастыру.
Шырша ағашын басқа ағаштармен салыстыру;
Ағаштардың қысқы өзгерістері туралы білімдерін молайту.
Бақылау барыс: «Жасыл шырша» К. Әзірбаев
Қанша заман өткенімен,
Ескірмейтін асыл шырша.
Алатаудың көктемімен,
Доссың ғой сен, жасыл шырша.
Өзгермейсің қыс келсе де,
Бояыңды оңдырмайсың.
Аяз шымшып, тістесе де,
Жапырағыңды тоңдырмайсың.(көркем әдебиет,)
Балаларға сұрақтар:
Шырша ағашының басқа ағаштардан айырмашылығы неде?
Балалар шырша ағашын неге жақсы көреді?
Шырша ағашы туралы қандай жұмбақтар білесіңдер?
Тәрбиеші әңгімесі: Шырша ағашы адамға өте ұнамды, қуаныш сыйлайтын ағаш. Шыршаны ойыншықтармен безендіріп, жаңа жылды қарсы аламыз. Өкінішке орай, біздің осындай қиянаттарымыздан шырша орманы сиреп барады. Қазір шыршаны кесіп, бүлдірмес үшін, жасанды шыршалар шығарылды. Қаламызда шырша ағаштары отырғызылып, қала көшелеріне сән беруде.
Шыршаны тек қана адамдар емес, жан-жануарлар мен құстар да жақсы көреді. Қалың шырша орманында аюлар апанын, тиіндер індерін, құстар ұяларын салады.
Зерттеу жұмысы: шырша ағашын маңайдағы басқа ағаштармен салыстыру , ерекшеліктерін атау.
Еңбек: шырша ағашының айналасын тазалау.
Мақсаты:ұжыммен бірлесе жұмыс істеуге деген құлшыныстарын арттыру.
Қимылды ойын: Доппен ойын.
Мақсаты: Қозғалыс координацияларын дамыту..
Жаттығу ойыны
Доппен жаттығу.
Мақсаты: допты жоғары лақтырып, екі қолмен қағып алуға жаттықтыру.
Мақал-мәтел:
Орман ел дәулеті, жер сәулеті.
Аяламасаң ағаш та, аспандап өспес.
(танымдық іс-әрекеті,қоршаған ортамен таныстыру,зерттеу іс-әрекеті,дене шынықтыру)

Просмотров: 558


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст