«Келді міне, Жаңа жыл »
Жүргізуші:
Уа,халайық жараңдар,
Айналаға қарандар!
Жаңа жылдық бұл тойын,
Салтанатқа санандар.
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылын тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
«Ақжелкен» кіші тобында!
(балалар келіп шыршаны айналып тұрады)
Балалардын орындауында
Ән: «Шырша жыры» қабылалыңыздар!!!
(музыка қосылады ортаға сайқымазақ шығады)
Сайқымазақ:
Жаңа жыл келді
Азаймасын ән мен жыр,
Ел көңілін көтерсін,
Құтты болсын жаңа жыл!
Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар.
Басталады жаңа жылдық карнавал,
Маска да бар,би де бар,асығыңдар.
Бәрекелді, жарайсыңдар!
Қараңдаршы, айнала неткен керемет,мына шыршамызда ойыншықтардың алуан түрлері бар.
Ой, балалар мынау не екен? Аяз атаның қалтасы ма?
Жүргізуші: Балалар бұл Аяз атаның қалтасына ұқсайдыма?
Балалар: Жоқ ол шалқан.
Жүргізуші:
Сайқымазақ шалқанды әрі тартады,бері тартады,бірақ тарта алмайды.
Сайқымазақ көмекке доңызды шақырады.
(музыка әуенімен доңыз шығады)
Доңыз: Мен бір жыл бойы жұмыс істеп, шаршап жатыр едім, мені шақырған дауысты естіп келдім.Мені шақырған кім?
Сайқымазақ:
Доңыз досым мына шалқанды әрі тарттым, бері тарттым бірақ тарта алмадым.Көмектесесіңбе?
Доңыз: Әрине, көмектесемін, менің де қарным ашып тұр еді.
Жүргізуші: Сайқымазақ пен Доңыз екеуі шалқанды әрі тартады, бері тартады бірақ тарта алмайды.
Доңыз: Қане, балалар көмекке Аяз атамен Ақшақарды шақырайық.
Жүргізуші: Қане балалар Аяз атамен Ақшақарды бәріміз бірге шақырайық.
Балалар: Аяз ата,Ақшақар деп 3рет айтады.
Аяз ата:
Сәлеметсізбе, балаларым,
Балаларым балғыным.
Өмір гүлім шалғыным.
Тілейтінім жыл бойы,
Сендердің денсаулығын.
Жүргізуші: Армысыз Аяз ата,Ақсақалым! Бармысыз сұлу көркем Ақшақарым! Асыға тағатсыздық сезімімен, Тосуда өзіңізді барша қауым.
Ақшақар: Сәлеметсіндер ме балалар? Мына шырша қалай әдемі безендірілген?Шыршаның шамын жағып алайық қанекей бірге.
Бәрі бірге: «Қуант бізді таңырқат,шамдарыңды жарқырат!»
Жүргізуші: Алдарыңызда балалардын орындауында
Ән: «Ақшақар» әнің қабылалыңыздар
Жүргізуші: Аяз ата сіз демалып, балалардың өнерін тамашалаңыз.
Доңыз:Ақшақар сіз бізге көмектесесізбе?
Жүргізуші:Сайқымазақ, доңыз,ақшақар үшеуі шалқанды әрі тартады,бері тартады бірақ тарта алмайды.
Жүргізуші: Ал балалар, біздің кейіпкерлеріміз сәл тынығып,күш жинап алсын,
келесі кезекті балалардың өлең шумақтарына берейік.
Ортаға:
Жүргізуші: Қане балалар бәріміз орнымыздан тұрып,сергіп би билейік
Би: «Балапандар»
Ақшақар:Күшігім, күшігім мұнда келші.
Күшік:Сәлеметсіздерме балалар! Қандай әдемі шырша.Мені шақырған кім?
Ақшақар: Мен сені көмекке шақырдым.Мына шалқанды тартуға көмектесші.
Жүргізуші: Сайқымазақ,доңыз,ақшақар,күшік төртеуі шалқанды әрі тартады,бері тартады бірақ тарта алмайды.
Күшік:Балалар мен құр-қол келген жоқпын.
Қанекей бірге таласа,
Меніменде балалар
Ойнасын ойын тамаша
Ойын:
Жүргізуші: Күшік мысықты шақырады.
Мысық: Мяу- мяу сәлеметсіздер ме балалар.
Жаңа жыл келді,
Азаймасын ән мен жыр.
Ел көңілін көтерсін,
Құтты болсын жаңа жыл!
Мяу – мяу мені шақырдыңдарма?
Күшік: Аф –аф.Иә, бізге сенің көмегін керек.Мына шалқанды тартуға көмектесші.
Жүргізуші: Сайқымазақ,доңыз,ақшақар,күшік,мысық бәрі шалқанды әрі тартады, бері тартады бірақ тарта алмайды.
Ендігі кезекті шырқалар әсем әнге берейік.Балалардың орындауында
Ән: «Аңдар әні» қабылалыңыздар
Жүргізуші: Мысық биылғы біздің жаңа жылымыз тышқанды шақырады.
Тышқан:
Сәлеметсіздер ме балалар!
Мен тұрамын қуанып,
Шаттыққа бөленіп.
Бір жыл бойы сендермен,
Дос болайық шаттанып.
Не болды мысық сен мені шақырдыңба?
Мысық:Мына шалқанды тартуға көмектесші.
Тышқан:Әрине,көмектесемін.
Жүргізуші: Сайқымазақ,доңыз,ақшақар,күшік,мысық,тышқан барлығы шалқанды әрі тартады,бері тартады тартып алады.
Шалқанның ішінен жаңа жылдық сыйлықтар шығады.
Жүргізуші: Келесі кезекті балалар өздерінің жыр шумақтарына берейік.Ортаға :
Доңыз:
Бір жыл бойы сендермен
Бірге жүрдім ойнадым
Енді міне балалар
Кезек келді қоштасар.
Жүргізуші: Балалар Аяз ата сендерге сыйлықтар ала келіпті.
Аяз атаның сыйлығын тарату.
Аяз ата:Жарайсыңдар,балаларым!
Мені бүгін бір қуантып,алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер.Барлықтарын ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер.Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емеспе қызым.Ал енді біз жолға шығайық.Басқа да балалардың өнерін тамашалайық.Ал, балаларым,сендер өсе беріңдер.Аспандарын ашық болсын.Қош болыңдар!
Жүргізуші: Келесі кезекте балалардың орындауында
Ән: «Ақшақар» әні
Жүргізуші:Құрметті қонақтар,балалар 2020 – шы жаңа жылға арналған мерекеміз өз мәресіне келіп жетті. Көріп тамашалағаңдарыңызға көптен көп рахмет.Жаңа жыл құтты болсын,отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!!