«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Келді міне, Жаңа жыл! ертеңгілігі. Ортаңғы топ.

25.12.2019

Келді міне, Жаңа жыл!
 

Мақсаты: Балаларға жыл он екі айдың иелерін білуге, жақсылық пен жамандықты айыра білуге үйрету. Шығармашылыққа баулу, эстетикалық тәрбие беру.


Жүргізуші:Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.  

Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

Бәрімізге шынайы тілек тілеп,

Бар әлемге бақытпен жар салайық!
Құрметті ата аналар, ұстаздар, қонақтар!!! Жаңа жыл мерекесіне арналған «Кел, Жаңа жыл!» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

(Музыка әуенімен балалар залға кіреді)

Жүргізуші:: Нұрландырып маңайды

                       Шырша шамы жағылсын

                       Жаңа жылдың құрметіне

                       Ақ тілектер ағылсын!

Ортаға балабақша директоры Акпентаева Райхан Зейнуллакызыны сөз кезегін береміз.

      Жүргізуші: Айнала қоршап шыршаны

                            Шашылар шашу жыр әні.

                       Мына әсем шыршаға,

                      Ән арнаиды балалар,
Ән: «Жаңа жыл» хоровод ал достарым...

Жүргізуші: Балалар, бүгінгі жаңа жылдық кешімізде қызықты кездесулер күтілуде. Сендер дайынсындар ма?

Балалар: Иә!

(Мыстан мысықты іздеп кіреді. Мысық шыршаны астында жатады)

Мыстан:Сәлеметсіңдер ме балалар. Сендер әдемі киініп отырсындар ғой. Ааа мен білем сендер Жаңа жыл  мерекесін тойлап жүрсіңдер ғой. Қандай кереметсіздер. Балалар сендер менің мысығымды көрдіңдер ме?
Балалар:Жоқ.
Мыстан:Қазір мен өзім іздеп көрейін,ол бір жерде сүт пен тышқан армандап, ұйықтап жатқан шығар.

(Шыршаны айналып іздейді)

Мыстан: (Мысықты көріп)

-«Қап бәлем! Сен мында жатыр екенсің ғой,ал балалар жаңа жыл мерекесіне тойлап жатыр. Тұр орныңнан!».
Мысық: Мяу, мыстан маған кедергі жасама,мен түс көріп жатырмын.
Мыстан: Сен не істеп жатырсың,армандамай тұр,аяз ата мен ақшақарды мында кіргезбей тұрып,жаңа жылдың қалтасын ұрлап алып,өзімізге барлық сыйлықтарды алып алайық.

(Екеуі шығып кетеді)

(2 Гном қаппен кіреді)

(1 гном шыршаны айналып айғайлайды)

1 Гном: Жаңа жылмен! Жаңа Жылмен!

2 Гном: Эй Санчо, сенің ойының бітпейді, кел маған көмектес. Бол. Қазір Аяз Ата мен Ақшақар келеді.

Екі Гном: -Салеметсіздерме балалар, Менің атым Санчо. Менің атым Манчо.  Біз Аяз Атаның көмекшілеріміз. Бізге Аяз Ата сендерге сыйлақтарды беріп жіберді. Ал өзі алыс жақтан Ақшақар қызымен келе жатыр. Біз сендермен бірге Аяз атаны тосып Жаңа жылды бірге тойлағымыз келеді.

Жүргізуші: Санчо, Манчо, әрине бізбен бірге тойландар.

(Мыстан мен мысық қайтып келеді. Олар гномдардың жанына келеді.)

(Екі гном мыстаннан корқады)

Мыстан: Мында неғып отырсыңдар, қолыңдағы қапшықта не бар?
1 Гном: Аяз ата менен балаларға сыйлықтарды беріп жіберді.

2 Гном: Өзі Ақшақармен бірге жаңа жылға дайындалып жатыр. Қазір келеді. Біз алыстан келіп шаршадық, демалайық. (Екеуі ұйықтап кетеді)

Мыстан: А, жақсы. Бізде мысықпен Аяз Атаны тосып отырайық.

(Мыстан мысықты шақырады.)

Мыстан: Мысық, қара ол жаймен ұйықтап кетті. Енді екеуміз оларды сықырлап ұйықтатып, қапшығын ұрлап кетейік.

(Сиқырын жасайды. Қапшығын алып кетті)

Жүргізуші: -Балалар, қарандаршы Санчо мен Манчоны мыстан кемпір мен мысық ұйықтатып, қалтасын ұрлап кетті. Ендеше балалар, бізге көмек керек. Кім көмектеседі?

(Бір дауысы естіледі. Сол кезде сыйқыршы келеді.)

Сыйқыршы: -Сәлеметсіңдер ме, балалар! Неге сендер көңілсізсіңдер, мерекені неге тойламайсыңдар?
Жүргізуші: Біздің гномдарымызды Мыстан мен Мысық қатырып, қалтасын алып кетті. Енді бізге гномдарымызды сыйқырлы сөздеріңізбен оятып беріңіз. Балалардың көңіл күйін көтеріңізші.
Сиқыршы: Мүмкін балалар ән айтып достарымыз оянады. Балалар сендер ән айту білесіндер ме?

Балалар: Иә

Жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық
                      Әндетейік, жырлайық
                      Ортамызды ашайық
                      Ырыс тілеп бұл жылға
                      Жырдан шашу шашайық!

Ән: «Ахау, жаңа жыл».

Сиқыршы: Балалар ән айтып едік біздің достарымыз оянбады ғой, енді  сиқырлы сөздерді айтып оятайық.

Сиқыр, сиқыр, сиқырла,

Бізге қарай бойла.3 рет айтады

(Гномдар оянып, жүгіріп жүріп қалтаны іздейді.)

Сиқыршы: Үй, сендерге не болды,не іздеп жүрсіңдер?
1 Гном: (Отырып жылайды). Біз  ұйықтап кеткенде біреулер келіп бізді  сыйқырлап, Аяз Ата берген сыйлықтарды ұрлап кетті.
Сиқыршы: Жақсы, мен сендерге көмектесемін. Бірақ алдымен балалардың көңілін көтерейік.

Жүргізуші: Ендеше санчо сіздер силықтарды тауып келіңіз.

2 Гном: Ал балалар Аяз Ата мен Ақшақар келгенше біз сыйлықтарды тауып келейік.                 

                                                (Екеуі шығып кетеді)
Жүргізуші: Балалар, Аяз Ата мен Ақшақар кешігіп жатыр.Мүмкін адасып кеткен шығар.Сол үшін оларды дауыстап шақырайық,мүмкін естіп қалар. Ұзақ күттірмей, барлық балалардың қуанышы Аяз атаны ортаға шақырайық.
Балалар:Аяз ата, Ақшақар!Аяз ата, Ақшақар!Аяз ата, Ақшақар!

(Аяз ата келеді. Қасында Ақшақары бар. Таяғын тарсылдата кіріп келеді.)

Аяз ата: Армысыңдар,қарақтарым,

                Армысыңдар, құлындарым!?

Өздеріңді сағындым.

Сонау алыс орманнан оралдым

Сендерге сондай асығып, омбы қарға малынып,

Мерекеге үлгірмей қаламын ба деп қорықтым.

Бірақ үлгерген екенмін.

Жаңа жыл бақыт, денсаулық әкелсін!

Бүгінгі мереке ерекше болмақ.

Ақшақар: Менің атым Ақшақар!

Аяз атаның немере қызымын.

Жаңа жылмен, жаңа жылмен құттықтаймын баршаңды!

Жаңа жыл молшылық әкелсін.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер. Біз сіздерді мерекемізде көруге шын жүректен

қуаныштымыз.

Ақшақар: -Ата біз осылай тұра береміз бе? Шыршаны шамын жағайық та!

Аяз Ата: Бәріміз бірге, балалар!

«Қуант, бізді, таңырқат

Шамдарыңды жарқырат» (шырша шамы жанбайды)

-Шыршамыз жанбады ғой. Арамызда айтпағанымыз бар шығар. Ата – аналар, қанекей бәріміз бірге:

«Қуант, бізді, таңырқат

Шамдарыңды жарқырат».(шыршажанады)

Аяз ата: Біз де сендерді көруге,

Халдеріңді білуге,

Асулардан асып,

Аппақ қарды басып жетіп қалдық.

Ақшақар: Шыршамыз қандай көрікті!

Балалар мәз болыпты,

Жаңа жылдық шыршаға

Би билеп, ән салыпты.

                  Жаңа жылмен құттықтап,

                  Ойнап-билеп, күлуге келдік міне, балалар!

Жүргізуші: Қане балалар, Аяз Атаның құрметіне бір ән салайық!

Ортаға Валентинаны, Диас, Бэкет, Меруерт

Ән:«Шыршаға бардық» хоровод

Аяз ата: Ой, айналайындарым-ай, сендерге келуін келдім, бірақ қапшық 

толы сыйлықтарды досыма беріп жібергенмін енді ол  ұшты-күйлі жоқ болып кетті. Енді не істесем екен?

(Мыстан мен мысық қапты түсіріп алады сосын алып кіреді. Төрде отырған Аяз Атаны көріп, қорқып, бір-біріне қарап қалтаны тастап жібереді).

Ақшақар: Ата, мыстанның қолындағы қалта біздікі емес пе?
Аяз ата: Әй кемпір, менің көмекшіме берген қалтам сенің қолыңда қайдан жүр?

(Мыстан мен мысық капты бір-біріне бере бастайды таласады.)

Мыстан: Аяз Ата біздің кінәміз жоқ. Сенің көмекшін жолда шаршап, ұйықтап қалған соң, қалта жоғалып кетпесін деп, алып келдік.
Аяз ата: Бер балалардың сыйлықтарын!
                                          (Мыстан қалтаны аяз атаға береді.)
Аяз ата: Ақ шырақты жағып келдім!

                Сендерге мына балаларым,

                Тәтті сыйлық алып келдім!

                Олай болса, сендерге сыйлығымды үлестірейін! Ол үшін сендер маған өнерлеріңді көрсетуге тиіссіңдер.

Жүргізуші: Олай болса, Ақшақар екеуіңіз шыршаның жанына отырып демалыңыздар. Ал біздің балалар сіздерге арнап дайындаған тақпақтарын тыңдаңыз.
Ортаға: І. Лилиана, Амантаева Аизере, Рашид Аизере, Рамина, Саилаубаи Аизере, Бекет Аиғаным., Аяжан, Меруерт.Нұртілеу, Мансур, шақырамыз.  

Тақпақтар:

Аяз Ата: Қасымда бар ақшақар,
                 Ол да ренжіп қалмасын.
                 Балаларым тілерім,
                 Оған да бір би сыйлаңдар.
Жүргізуші: Кәне, кәне келіңіздер

Періштелеріміздің биін көріңіздер!

Кейіпкерлердің келу құрметіне періште қыздардың биін тамашалап, қошемет көрсетіп отырайық!

Би:«Періштелер»
Ақшақар: Рахмет, балалар мені сыйлап құрметіне би билеп жатқандарыңа өте қуаныштымын.

Жүргізуші: Барлық жандар бір білікке қосқан үн,
                      Бақытты боп бастады жыл дастанын.
                      Қуанышпен келді ғой деп жаңа жыл,
                      Құтты болсын жаңа бақыт достарым, - дей отырып, ортаға балаларымызды  шақырайық  ортаға Аиша, Нура,Аиажанды шақырамыз.

Ән: «Бізге жаңа жыл келді»

Аяз Ата: Әй, бәрекелді! Осы мерекеде күміс көмей, жез таңдай әншілер бар екен, мына әсем әуеннен көңілім көтеріліп қалды.

(1 Гном жылап кіреді.2 оны құшақтап кіреді)

2 Гном:  Санчо Сен енді жылама, бір мәнісі болар, сыйлықтар табылар.

Аяз Ата: Санчо, Манчо достарым, сендер не шулап жүрсіңдер?
1 Гном: Аяз ата біз сыйлықтарды жоғалтып алдық.
Аяз Ата: Сыйлықтарды Мыстан мен Мысық алып келді ғой.
2 Гном: Жоқ,олар бізді ұйықтатып, қалтаны ұрлап кетті. Бірақ біз Сиқыршы және балалардың арқасында ояндық. Рахмет саған Сиқыршы.
Аяз Ата: Ай Мыстан ай, Мыстан сенің өтірігің таусылмайды. Сендірді сыйқырлап тастамасам ба?
Мыстан: Жоқ, Ата бізді бір жолға кешіріңіз. Балалар сендер де кешіріңдер. Аяз Атаның көңілі жоқ. Тақпақ айтып көңілін көтеріңдерші!
Жүргізуші: Аяз Ата, бұл екеуін кешірейік. Балалардың тақпақтарын тыңдаңыз.

     Ал, халайық, тұрмайық
     Әндетейік, жырлайық
     Ортамызды ашайық
     Ырыс тілеп бұл жылға
     Жырдан шашу шашайық!

Тақпақтар ІІ: Валентина, Сапиа, Аиша, Нұрасыл, Лимара. Темірлан, Идрис Аиғаным,

Диас, Абылаихан.Нураи.

Аяз ата: Рахмет балалар тақпақтарын көңіліме қонды, жақсы жаттап келдіңдер ғой. Мен өте ризамын.

2 Гном: Ой балалар, алақай. Сыйлықтар табылғанға өте қуаныштымын. Енді менде сендермен би билеп көңілімді көтерейін.

Жүргізуші:   Би билейік бұралып,
                        Ұлдарда тұр сұранып      
                        Шаттанайық қуанып.

                        Қол соғайық  баршамыз

Би:«Жаиау»
Жүргізуші: Құрметті қонақтар мен  балалар  ортамызға бізбен бір жыл бірге болған Доңыз жылын  шақырайық. Ескі жыл қайдасын?

-Әне өзі де келе жатыр, бәріміз қосылып Қош келдіңіз делік.
Доңыз жылы: (өз сөздерін айтады)
Доңыз жылы:
Жаңа жылымыз келген ше мен сіздермен көңілдерін көтеріп ойын ойнап алайық.

Ойын: «Ырғақпен» биле

Доңыз жылы: Рахмет сіздерге қандай тамаша би биледіңіздер. Міне бізге Жаңа жыл да келе жатыр.

(Тышқан кіреді)

Тышқан жылы: Сәлеметсіздер ме? Кешіккен жоқпын ба? Мен сондай асықтым, сондай жүгірдім. Кешігіп қалам  деп қатты қорықтым. Міне орталарыңа да келіп жеттім. Мен келген сәттен бастап қадамым құтты, еліміз берекелі жыл болды.

Доңыз жылы: Қош келдің Тышқан жылы!  Аяз ата, Ақшақар, балалар мен енді барайын. 12 жылдан кейін қайта кездесерміз. Хош сау болыңдар, балалар!
Мысық:- Ооо Тышқан жылы бізге келіпті ғой, Осы Жаңа жылда менің армандарым да орындалатын болды.

(Тышқанды көріп,қуанып,қуа жөнеледі.Тышқан қашып,аяз атаның артына тығылады.)

Аяз Ата: Сендердің бұларың не?Мерекенің шырқын бұзбаңдар!Біздің тышқан жаңа жылдың  иесі ғой. Екеуің дос болыңдар.

Тышқан мен Мысық: Кешіріңіз, біз енді дос боламыз. Бір жыл бойы бір бірімізді реңжітпейміз. (Би билейді айналып)

Жүргізуші: 2020 жаңа жыл құтты болсын! Келіп жеткен Тышқан жылы бәрімізге бақ - береке, мол ырыс - дәулет әкелсін! Ертегіге елітер осы ғажайып кезеңде барлық асыл армандарыңыз орындалсын! Жаңа Жыл түні өзінің сиқырлы әсерімен сізді қуанышқа бөлеп, алдағы жылыңызға шат - шадыман сәттер, жаңа мүмкіндіктер сыйласын!

Аяз ата: Қарақтарым,шырақтарым!

Мен сендердің өнерлеріңді көрдім,әндеріңді тыңдадым,енді сендерге деп арнайы дайындаған сыйлығымды берейін. Ал Мысық, тышқан сендер дос болдындар ғой барып сыйлықтарды алып келіңдер. (Сыйлықтарды береді)

Ал, балалар біздің де кететін уақытымыз болды. Келесі жылы қайта көріскенше. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып басымыздан бақ пен береке кетпесін. Жаңа жылдағы барша армандар мен мақсаттарың орындала берсін.

Жүргізуші: Ал, құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық. Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді асыға күтеміз.

(Аяз Ата қызын ертіп, көмекшілерімен бірге шығып кетеді.)

Ән: «Жаңа жыл, жаңа жыл»
Жүргізуші: Құрметті достар! Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларыңызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Табысқа кенеліп, тұлпардай жүйрік болайық! Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар! 





 

Просмотров: 895


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст