Аудандық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «Мектеп жасына дейінгі баланың ойын қызметін дамыту саласындағы педагогтың құзыреттілігі» тақырыбында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагог қызметкерлерінің аудандық семинары өткізілді. Осы семинарға бөбекжайдан аттестатталушы 4 тәрбиеші қатысып, өз іс- тәжірибелерімен әріптестерімен бөлісті:
-Тәрбиеші Алматова Қорлан Жақсылыққызы «Ойын құзыреттілігін дамыту» тақырыбында баяндама жасады.
-Тәрбиеші Киккаринова Шынар Богдатовна «Танымдық ойындар барысында балалардың танымдық- зияткерлік дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында өз бейнеролигін ұсынып, іс-тәжірибе алмасты.
-тәрбиеші Тагыбаева Нұргүл Ерболатқызы «Дидактикалық ойындар арқылы кіші топ балаларының коммуникативтік- тілдік дағдыларын дамыту» тақырыбында баяндама жасап, өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
Тәрбиеші Манет Аманбол «Ойын арқылы балалардың саусақ моторикасын дамыту» тақырыбында шебер сынып көрсетті.
Жоғарыдағы тәрбиешілер өз іс- тәжірибелерімен бөлісіп, аудандық семинарға қатысқандары үшін Сертификаттарға ие болды.