«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Қош келдің, Жаңа жыл" атты ересек топтарының ертеңгілігі.

30.12.2022

Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
                    Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
                    Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
                    Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
                    Бәрімізге мына жыл арайлы!
                    Құтты болсын ағайын!
                    Жаңа жылың тағы да
                    Қол соғып қарсы алайық
                    Шақырайық ортаға
                    Ертеңгілік басталсын

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, балалар!   «Жауказын » тобынының балаларының Жаңа жылға арналған ертеңгілігін бірге тойлайық!

Музыка әуенімен балалар кіреді.

Жүргізуші: Кел, жаңа жыл,
                     Төрле, төрле жеріме,
                     Құт береке боп келгейсің еліме,
                     Үміт артып армандарға аяулы.
                     Шаттығына бөлегейсің бізді де.

Құрметті қонақтар,  балалардың орындауында әнін қабыл алыңыздар.

Хор:  «Шыршаға бардық»

Музыка мен Мыстан   кіреді

Мыстан:  Пай-пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаның кереметін-ай! Уйге алып кетсем бе екен? Осы жерде не болып жатыр?

Жүргізуші: Біз Жаңа жыл мерекесін тойлап жатырмыз. Сені кім шақырды?

Мыстан:   Мен мыстан кемпір!

Жүргізуші :Мыстан кемпір! Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз,тимеңіз біздін шыршамызға! Мыстан сөзге мән бермей, былай дейді:  

Мыстан :Туу! Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын-ай, жұлынбайды ғой. ( Маңдайдағы терін сүртіп, тұрып.)

Жүргізуші: Жоқ, жоқ сені не істеп жатырсың  бұзба біздің шыршамызды, бізге Аяз ата мен Ақшақар  қонаққа келеді.

Мыстан: Онда сендерде Жаңа жыл болмайды, Аяз ата  мен Ақшақарды адастырып жіберемін (шыршаны айналып  күліп қашып кетеді).

(Гномик кіреді фонарикпен)

Гномик:  Мында неге қараңғы шырша неге жаңбай тұр.  Балалар не болып жатыр мұнда.

Жүргізуші: Мында біздің шыршамызды мыстан кемпір көңіл күйімізді бұзып жаңа жыл болмайды деп айты.

Гномик:  Онда мен сендердің көңілдеріңді көтеру үшін сендермен бір би билеп алайын.

Би: «Ергежейлер биі»

Мыстан кіреді: Мыналардың көніл күйлері керемет екен, бұларға жаңа жыл мерекесі болмайды деп айттымғой.

Мыстан: Шыршаның қасында жүреді айналып. Аяз атаның қолғабы түсіп кетеді.

Гномик:  Мыстан мына қолғапты қайдан алдын? (Көріп қалады)

Мыстан: Ол менің колғабым (қолынан жұлып алып,сыпырғышпен  итерип қашып кетеді)

Гномик: Тоқта! Тоқта! Ол Аяз атаның қолғабы! Тоқтааааа!!!!! (артынан жүгіріп кетеді)

(Мыстан мен гномик шығып кетеді)

Панда мен маймыл: Екеуі алысып кіреді.

Жүргізуші: Сендер шулап не істеп жүрсіңдер.

Панда мен маймыл: Сендер неге көңілсіз отырсыңдар.  Біз сендердің Жаңа жыл болып жатқанын естідік. Жаңа жылдарыңыз неге көңілсіз өтіп жатыр.

Жүргізуші: Аяз ата мен Ақшақарымыз жоқ. Мыстан бізді алдап кетті.

Панда мен маймыл: Біз сендерге көмектесеміз. Сендердің көңіл күйлеріңді көтеруге келдік. Сендер өлең айтып, би билеп көңіл күйлеріңді көтеріп отырыңдар.

Сендер жаңа жыл меркесін тойлап беріндер. Ал біз Маймыл екеуіміз Аяз атаны мен Ақшақарды алып келеміз!

Жүргізуші: Жаңа күнде ән қылып,

Тек жүрмеңіз сән қылып,

Көңілдердей қартаймай.

Шырша тұрар мәңгілік.     

Кәрібай Айсұлтан

Жеке ән : «Бізге жана жыл келді»

Музыка ойналып жолбарыс кіреді

Жолбарыс:-Сәлемітсіздерме балалар сендерде жана жыл болып жатырма менің достарымды панда мен маймылды көрген жоқсындар ма осы жана жылды қарсы алуға кеткен. Таба алмай жүрмін енді.

Жүргізуші:-Сәлемсізбе жолбарыс біз сенің достарыңды көрдік. Панда мен маймыл бізге келген. Бірақ Ақшақар мен Аяз атаны іздеп кетті. Ал сен жолбарыс достарыңды бізбен бірге тос. Балалар өнерлерін  көрсетеді

Жолбарыс: Жақсы, онда сендермен бірге қалайын, мүмкін казір келетін шығар.

Жүргізуші: Төрлетіңдер, төрлетіңдер.

Шырша сәнін көріңдер.

Әсем әнмен би билеп,

Күй жырларын төгіңдер.

Би : «Чтыри шага»

  1. Музыка ойнайды. Панда мен маймыл кіреді.

Панда мен маймыл: Балалар, балалар Аяз ата мен Ақшақар әлі келмедіме. Біз жаңа  Аяз атамен Ақшақарды көрдік. Олар жеткенше біз ата аналармен ойын ойынап тастайық.

Ойын: Ата аналармен  қызықты ойын.

Панда мен маймылдың сөздері.  О алақай, алақай панда қарашы аяз атамен ақшақар келе жатырОлар екеуі таласады. (бинокльмен таласады)

 2 кі -Гномик келеді.

Гномик: Алақай, алақай  балалар біздің сендерге жақсы хабарымыз бар.

Гномикті панда мен маймыл мазақтайды.

Гномик: Аяз ата мен ақшақар емес піз.

Белоснежка : келеді  достар нестеп жатсындар неге шулап жатсындар : Менің достарымды неге ренжітіп жатсындар ренжітпендер

Гномик:  Біз оларға аяз атамен ақшақар кележатыр десек олар бізге сенбейді.

Белоснешка:  Балалар, Панда, маймыл ,  шынымен де ақшақар мен аяз ата келе жатыр.

Жүргізуші: -Ал балалар ендеше Аяз атаны мен Ақшақарды бірге шақырайық.

Балалар: Аяз ата мен Ақшақар 3 – рет

(Аяз ата мен Ақшақарды шақырады. Аяз ата мен Ақшақар келеді)

 

Аяз ата:

Амансын ба ұлдарым,

Амансын ба, қыздарым?

Қандай әсем жүздерің,

Қандай мөлдір көздерің.

Керемет бір ән тыңдап,

Келіп тұр-ау демалғым.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе!
Ақшақар- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт-жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Аяз ата, сәлеметсіз бе, Ақшақар. Біз балалармен ән айтып, би билеп, ойын ойнадық.

Аяз ата :-Балалар шыршаларың әлі жаңбаған екен. Шыршамызды жағу үшін біз сендермен сыйқырлы сөзімізді айтайық.

Шамдарын жағады

Құант бізді таңырқат

Шамдарынды жарқырат

 

Жүргізуші:  Азаймасын ән мен жыр

                      Ел көнілін көтерсің

                      Құтты болсын жана жыл

                      Құттықтаймыз сіздерді  балалардың орындауында  «Жана жыл» 

   Хор: «Жана жыл»

Жүргізуші : Аяз ата, сіз шаршаған шығарсыз. Балалар сізге тақпақтарын дайындап келді, отырып тамашалап, демалып алыңыз.

Аяз ата: Жақсы, ендеше балалардың тақпақтарын тындайық.

Жүргізуші: Ал, балалар, . Аяз атаға арналған тақпақтарымызды айтайық. Ал, Аяз ата демалып алсын.  Ортаға:  Мақсат, Тимур, Таншолпан,Ерасыл, Расул,Інжуді

 

Балалар тақпақтарын айтады.

Мыстан кіреді

Мыстан:  Балалар Аяз ата , Ақшақар мені кешіріңдер, сендердің жаңа жыл  мерекесі өте көңілді өтіп жатыр екен, мен сендермен бірге жаңа жылды қарсы алайын. Мен сендерді енді алдамаймын.  Аяз ата, міне сенің қолғабын.

Жүргізуші:- Мыстан, жақсы онда сенде бізбен бірге қалып жаңа жылды тамашала.   Белоснешка: Балалар бір сергіп алайық,  « Майнемиз бум » ойын  ойнайық

Ойын: «Майнеміз бум»

Жүргізуші: Әуеледі әніміз
                      Жаңа кірді сәніміз
                      Ақшақарды ортаға алып
                       Би билейік бәріміз.

Би:  «Ақшақарлар» биі

Ақшақар: Жарайсындар сұлу қыздар, өте жақсы биледіңдер. Маған өте ұнады

Жүргізуші: Рахмет саған Ақшақар, ал енді біздің балаларымыз Аяз Атаға айтатын тақпақтары бар

Тақпақтар 2 поток:  Василиса, Сәлімжан Айсұлтан ,Адия, Айсұлтан Альтайір, Дария.                  

Аяз ата: Өнерлі екен ұлдарың,
               Өнерлі ару қыздарың,
               Жарқын, жарқын жүздерің,
               Жайнап өссін, гүлдерің.

Жаңа жыл келеді. Қоян:

Қоян: Сәлеметсіздер ме балалар

Мен Жаңа жылмын.

Мен жаңа нұрмын

Нұрымды да себейін.

Жырымды да төгейін.

Құт береке еліме.

Үйіп төгіп берейін.

Әр отбасы төріне

Шаттық болып кірейін.

Жүргізуші: Қош келдің Жаңа жыл.

                     Қош келдіңіздер баршаңызда.

                  

Жүргізуші: Жаңа жылға сәніміз

Біздің айтар әніміз.

Келдіңбе аман алыстан.

Сәлем Аяз атамыз дей отырып ортаға Ерасыл мен Адиянының әнін қабыл алыңыздар.

Жеке Ән: «Шырша жыры»

Жүргізуші: Балалар Жаңа жыл болса келіп қалды, біздің қоштасатын жолбарыс жылымыз қайда.

Ескі жыл қоштасады.

Жолбарыс:  Армысыңдар ма достарым. Мен сендермен бір жыл бойында көп қызықтар көрдім. Ендігі жылымды Қоян ініме беремін.

Аяз ата: Жарайсындар, балаларым. Барлықтарың өнерлі екенсіндер. Аталарыңды бір қуанттыңдар, ал маған кететін кез келді (қолын бұлғалап, бұрылып шығуға дайындалады)

Ақшақар: Ата сен әзілдеп тұрсын ба?
Сыйлықтарды ұмыттың,
Әлде сен балаларды сүймейсің
Тәтті егер бермесең?

Аяз ата: Ой, ақбас ау ақбас   
Кәне мен сендерге көрсетемін сиқырды
Бір, екі, үш. Сыйлық мұнда түс.
(Ақшақар  мен коян сыйлық толы үлкен шананы алып келеді).

- Міне, менің сыйлыққа толы үлкен шанам да жетті.

Сыйлықтарды таратады.

 

Жүргізуші: Жаңа жыл, Жаңа жыл.

Жаңалық ізде сен.

Жаңа ән, жаңа жыр.

Жазып бер бізге сен.

Балалардың орындауында «Құтты болсын жана жыл» әнін қабыл алыңыздар.

Хор: «Құтты болсын жана жыл »

Аяз ата: - Мен енді өздеріңмен қоштасып, келесі бақшаға барайын. Онда да өздерің секілді кішкентай балалар күтіп отыр. Қош сау болындар, балалар!
Балалар: Қош сау болыңыздар Аяз ата мен Ақшақар!

Жүргізуші: Міне біздің мерекелік ертеңгілігіміз де аяқталып қалды. Жаңа жыл тек табыс береке, бірлік әкелсін. Әрбір адам Жаңа жылдан жаңалық күтіп, үмітпен қарайды. Осы мерекеге жиналған әрбіріңіздің үміттеріңіз ақталып әрбір отбасында арман - тілектеріңіз орындалсын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




 

 

 

Просмотров: 771


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст