«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Келді міне,Жаңа жыл!» атты мектепалды даярлық топтарының ертеңгілігі.

30.12.2022

Жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн

Қанаттана кең алқапқа тарайды.

Би: Флешмоб

Балаларды ортаға кіреді

Шығыс әуені естіледі, шамдар сөнеді.

Құмырасын ұстап, шыршаның жанында ата тұрады. Ол түшкіріп, үстін қағып айналасынақарайды

Жүргізуші:

Сәлеметсіз бе, Сіз кімсіз, о, мәртебелі ақсақал?

- Құмырадан шыққаныңыз қандай тамаша, бізге сіздің көмегіңіз қажет.Бұл шырша,ал біз мұнда Жаңа жылды қарсы алуға келдік. Сіздің сақалыңыздын жұлынған бір талынан ғажайып оқиғаларға тап болуы мүмкін.

Сиқыршы ата: О, сұлулардың сұлуы, мен бүлдіршіндер үшін ештеңе ден аянбаймын. Бірақ сәл демалып өнерлеріңді тамашаласам ба...

Жүргізуші:

Ау, бақытты адамдар,

Айлы көкке қараңдар!

Келді жылым бақытым

Кемелденді уақытым.

Сәлем саған, жаңа жыл,

Жаңа бақыт, жыңа жыр!

Хор: «»

Ата :  -Бәрекелді, рахмет. Мен де сендердің көңілдеріңді көтерейін. Ал енді сұраңдар, қандай ұсыныстарың бар еді?

Жүргізуші:-Бізге Аяз атаны шақырып беріңізші...

Ата : -Мен оны көрген жоқпын ғой, сондықтан танымаймын. Сендер түрін бейнелеп берсеңдер.

Балалар :Оның сақалы ұзын жане жанында әрқашан балалармен ертегі кейіпкерлері жүреді.

Сиқыршы ата:-О, данышпандарым, рахмет. Кәзір орындаймын. Сим- салявим, ахалай- махалай- деп, сақалының бір тал шашын жұлып, дуалайды.

Карабас- Барабас:(кіріп келіп)

- Қайда, қайда жүр тентек Буратино?! Кәзір мен оны ...(Қамшысын алып жерге бір соғады)

Жүргізуші:-Сабыр етіңіз, сіз кім боласыз?

Карабас- Барабас:-Мен сондай құбыжықпын, сондай қорқыныштымын және өте тойымсызбын, барлықтарыңа таныспын, мен- Карабас- Барабаспын! Театрда менқуыршақтарды жаттықтырамын, мені тыңдамаса, қораға қамап, аштан қатырамын. Сенбесеңдер қараңдар, мені орындықтар да тыңдайды.

 

Ойын «Орындық, маған кел»

Карабас- Барабас:

Жетеді ойнағандарың! Буратино, Мальвина, билеңдер тап кәзір! Қадырменді көрермендер, сіздердің алдарыңызда менің қуыршақтарым билейді.

Карабас-Барабас: -Ал енді барлықтарың билеңдер!  Жылдам! (қамшысымен қорқытады)

Жүргізуші: - Сиқыршы ата, бұл не қылғаныңыз?  Тезірек ертегіне қайтарыңыз!

Сиқыршы ата дуалайды, Карабас- Барабас айналып залдан шығады,

Жүргізуші:-Ой, мен қатты қорқып кеттім. Ата , ұқыпты болыңызшы! Ал біз Аяз-Атаның бейнесін дұрыс түсіндіруге талпынайық.

Бала:-Аяз-Ата өте кәрі, ал сақалы қара емес- ақ, балалармен ол билейді, қалжындайды.

Сиқыршы ата:-Е-е, жарық айым, түсіндім, кәзір қателігімді жойяйын.

(дуалағаннан кеін Гном кіреді)

Гном:-Сәлеметсіңдер ме, балалар, қонақтар. О, жоғары мәртебелі Сиқыршы ата (амандасады). Орманымды аралап жүрсем, балабақшаға тап болыппын.

Жүргізуші:-Кешіріңіз, Гном мырза, сізді шақырған Сиқыршы ата. Тағы қателесіп Аяз Атаның орнына сізді шақырыпты.

Сиқыршы ата:-О, данышпандарым, өздерің айттыңдар ғой: сақалы ақ, балалармен билейді деп.

Гном:-Мерекелікке келгеннен кейін әрине, билеп қайтайын достарыммен. Тұра қалыңдар артымнан.

 Би:«Қоңыраулар»

Жүргізуші:-Тамаша биледіңіздер. Бізбен бірге қалыңыз.

Гном:-Көп рахмет шақырғандарыңа, бірақ орманымда көп жұмыстар бар. Сау болыңдар!

Балалар:   Сау болыңыз

Жүргізуші:  Абзалды ата, Аяз Атаның орнына Гномды шақырып,  сіз тағы қателік жібердіңіз

Сиқыршы ата:(тізесіне құлап) О, қайғы, маған қайғы, сендерге көмектесе алмадым...

Жүргізуші: Ренжімеңіз, Сиқыршы ата, балаларымыздың тамаша әнін тыңдап, бір сергіп алыңыз.

Ән:«Төрлет, Жаңа Жыл»

Сиқыршы ата: Керемет!!! Рахмет!!! Кәзір тілектерің орындалады.(дуалайды)

Жүргізуші: Олай болса балалар, Аяз ата мен Ақшақарды бірге шақырайық

Салтанатты музыка естіледі , Аяз Ата кіреді, Сиқыршы ата жоқ болып кетеді. 

Аяз Ата: сөзі

Бәрі:-Сәлеметсіз бе, Аяз Ата!

Аяз Ата:

Хор: «Қоңыраулар»

 

«Шығармаймыз» ойыны

Ойынның соңында:

Жүргізуші: Билеп бер, Аяз Ата, сонда ғана жібереміз.

Аяз Атаның биі

Аяз Ата би ден шаршап- Қатты шөлдеп қалдым, сусын берсеңдер?

Жүргізуші:Кәзір,берейік(ішіне конфетти салынған ожау береді)

Аяз Ата ішкендей болып, қалғанын: «Сіздер шөлдеген жоқсыздар ма?»- деп, қонақтарға шашады

Шыршының дауысы үнтаспадан  - Сәлеметсіңдер ме, балалар.

         Мен көрікті шыршамын

         Жеріме нұр шашамын

         Балалардың арманын

         Орындауға дайынмын.

Шырша шамы жағылады.

Жүргізуші: Аяз Ата,шаршадыңыз, демалып, балалар өнеріне тамсаныңыз Балалар Аяз атаға дайындаған жыр шумақтарымызды айтайық

Жекеше тақпақтар:

Ән: «Жаңа жыл»

Ескі жыл мен Жаңа жыл кіреді.

Жекеше тақпақтар:

Ескі жыл мен Жаңа жыл бірге балалармен ойын ойнайды.

Жүргізуші:

БИ: «Ақшақарлар»

Ескі жылды шығарып салу.

Ән: «Мерекелеріңізбен»

Жүргізуші: -Құрметті Аяз Ата, балалар сізден сыйлықтар күтуде.

Аяз Ата:-Дайын, бөбектерім, дайын сыйлықтарым,

(айналасына қарап) бірақ қайда менің қызыл қабым?

Жүргізуші:Аяз Ата, сіз келгенде қолыңызда қапшық болған жоқ.

Аяз Ата:О, менің қу  басым,сендерге асығып

Жолда түсіріп  жоғалтып алдым...

Жүргізуші: Аяз ата , сіз сиқыршысыз ғой! Шақырыңыз қапшықты!

Аяз Ата: Жатсаң қардың үстінде

Қапшық, жедел жет бізге! (таяғымен тарсылдатады үш рет)

Сол кезде «Тірі қап» жүгіріп, артынан

Мыстан кемпір қуып залға кіреді

Мыстан кемпір: Тоқта, тоқта, тұр – дедім ғой

Қап: Мені Аяз Ата дуалаған

Жете алмайсын сен маған!

Мыстан кемпір: Сөйлеме қарсы маған!

Қәзір ақ жетіп алам!

Қап қаша жөнеледі, залдан шығып кетеді

Аяз Ата Мыстан кемпірдің алдынан шығып

Аяз Ата:

Ау, Мыстан кемпірім –ай

Қашан өзің шаршайсың – ай

Балаларға кедергі неге қоймай жасайсың ай?

Мыстан кемпір:Ой, Аяз мырза, қайдағы кедергі ай? Тек қөңілімді көтерейін деп едім-ай!

Аяз Ата: Көңілді көтергің келсе –

Жылдам биле!

Мыстан кемпір билейді, әбден шаршап, жалынады:

Мыстан кемпір:         Болдым, қойдым! Кешеріңіздер! Биле алмаймын!

Аяз Ата:Биле алмасаң тоқта – орал орманыңа.

Үрлейді қатты-қатты, балаларда қосылады.

Мыстан кемпір айналып, жүгіріп, ұшып кетеді

Аяз Ата: (қуанып) – Қане, қапшық, биле! (билейді)

Қане, қапшық, айнал! (айналады)

Қане, қапшық, жүгір!(жүгіріп, қашып кетеді)

Аяз Ата қапшықтықуып, сыйлықтар толған қапшықты әкеледі

-Әрең ұстап алдым ғой! – деп, сыйлықтар толған қапшықты ортаға қойып, ашып,балаларға  таратады.

Хор: «Қош келдің, Жаңа жыл»

 

 

 

Просмотров: 408


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст