Білім беру саласы: Таным.
Бөлімі: ҚМҰҚ
Тақырыбы:1 ден 5 ке дейінгі сандар.Тура және кері санау
Мақсаты: Балаларға сан және санау, білімдерін пысықтау, логикалық ойлау қабілетін дамыту, жетілдіру. Ертегі арқылы математикалық оқу іс қызметіне деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекілік: сандар, карточкалар, суреттер.
Әдіс-тәсілдер: логикалық жаттығулар, көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс -әрекеті |
Балалардың іс -әрекеті |
Ұйымдастырушы-оятушылық кезеңі
|
Шаттық шеңбері Қайырлы таң Алтын күн, Қайырлы күн көк аспан. Қайырлы күн достарым Сендерді көріп сағындым. |
Балалар шаттық шеңберін жасайды.
|
Ұйымдастырушы ізденушілік кезеңі
|
Амандасу Сәлеметсіңдер ме балалар! Балалар мынау автобусқа мініп, сандар патшалығына саяхат жасайық. Балалар біз қайда келдік? Қызықтыру сәті: Жан –жағына қарап, әуенмен Қызыл телпек келеді.Ол балалармен амандасып, қайда келгенін сұрайды? Қызыл телпек: Балалар мен әжеме жете алмай, адасып жүрмін. Маған көмектесесіңдер ме, Тәрбиеші: Сәлеметсің бе, Қызыл телпек. Әрине көмектесеміз. Қызыл телпек: Маған әжеме тез жету үшін, маған қысқа жолмен бару керек. Қысқа жол өте қауіпті. Сол үшін мына тапсырмаларды орындап берсеңдер, мен әжеме тез жетемін. Тәрбиеші: Қызыл телпек, сенің тапсырмаларыңды орындау қиындық тудырмайды. Солай емес пе, балалар? 1-тапсырма: 1-ден 5-ке дейін тура және кері санау. 2-тапсырма: Сандардың көршісін тап! 3-тапсырма: Сандарды рет-ретімен орналастыр. 4-тапсырма: Логикалық жаттығу Табақта үш алма, Қолымда екі алма Барлығын қосқанда Болады неше алма?
Әжем де бар еді үш моншақ Анам берді бір моншақ Сонда әжемде... Сергіту сәті: Тәрбиеші: мен сендерге сұрақ қоямын, ал сендер жауап беріңдер. Бағдаршамда неше түс бар? Қолғапта неше саусақ бар? Адамда неше көз бар? Көлікте неше доңғалақ бар? Аспанда неше күн бар?
Дидактикалық ойын: «Кім жылдам» қорапшалардағы сандарды ата.
Карточкамен жұмыс: Мына суретте неше қоян бар? Неше кірпі? Неше аю? Неше түлкі? Әже: Қызыл телпек аман-есен екенсің ғой. Мен сені адасып кетті ме десем, мұнда жүр екенсің ғой. Жолда қиындықтар болды ма, қала жеттің? Қызыл телпек әже оңайлықпен жеткен жоқпын. Балалар тапсырмаларды орындау арқылы маған жол сілтеді. Міне осылай жеттім. Сау болыңдар балалар.
|
Сәлеметсіз бе ! Балалар топпен автобусқа мініп келеді. Сандар патшалығына
Сәлеметсіз бе, Қызыл телпек.
Иә.
Иә
1,2,3,4,5 5,4,3,2,1
2-3,4-5,1-2
5 4 1 3 2
5 алма
4 моншақ
3 5 2 4 1
1 3 5 \
3 2 1 4 |
Рефлекстік түзету кезеңі
|
Балалармен сұрақ-жауап арқылы түсінгендерін пысықтайды. Бізге қонаққа кім келді? Жақсы қатысқан балаларды мақтап мадақтау. |
Балалар сұрақтарға жауап береді. Қызыл телпек және Әже келді. Иә, ұнады. Балалар мақтағанды естіп қуанады. |
Күтілетін нәтиже
Білу керек:
Түсінігі:
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: