Тақырыбы: «Тәуелсіздік тірегім »
16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Біз тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты тірбие сағаты.
Мақсаты: Отан туралы алған білімдерін бекіту.
Білімділік мақсаты: мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін бекіту: Тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстан туралы балаларға ұғындыру.
Дамытушылық мақсаты: шығармашылық қиялын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: көпұлтты отанға деген сүйіспеншілік, құрмет сезіміне тәрбиелеу. Балаларды елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Технолоиялық қамтамасыз ету: Слайд шоу: «Қазақстан рәміздері», Бейне көрініс: «Көк тудың желбірегені», Астана қаласының көрікті жерлері, Караоке: «Біз бақытты балдырған» әні, нышандары, мақал - мәтелдер. Мульти - анимациялық сергіту сәті: «Жұмыр қылыш» әуені.
Біздің еліміз сендердей тамаша жас ұрпақтары бар бақытты ел. Сендер бақытты елдің бақытты ұландарысыңдар. Ендеше караоке арқылы "Біз бақытты балдырған" әнін орындап жіберейікші.
- Қазақстан мемлекетінің елбасы кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
- Елбасы қандай адам болуы керек?
Балалар: Білімді, ақылды, іскер, жан - жақты, өз Отанын шексіз сүйетін адам болуы керек.
- Қандай мемлекеттік рәміздерді білесіңдер?
Балалар: Ту, елтаңба, әнұран
- Қазақстанның бас қаласы қалай аталады?
Балалар: Астана
- Тамаша, сендер рәміздер туралы қандай өлең - тақпақ білесіңдер?
Айғаным: Әйнегі - күн, шатыры - аспан
Кең дала, төсегі толқыған есік.
Көлдері көкке күмістер шашқан,
Қазақстан - Республикам менің.
Аиша: Әнұраным - жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім,
Туған жерім, сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады.
Республика ән ұраны.
Қазақстан республикасының Ән ұранын тыңдайды.
Тәрбиеші: Қазақстан туралы тереңірек білгің келсе мына слайд шоуды тамашала.
Слайд шоу: "Қазақстан рәміздері"
Тәрбиеші: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің көпұлтты тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш президенті. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кішкентайынан спортты, белсенді демалысты жақсы көрді, сол себепті республикадағы барлық тұрғындар спортпен айналысып, дені сау, бақытты, салауатты өмір сүргендерін армандайды. Біздің Елбасымыз кітап оқығанды өте жақсы көреді. Сондай - ақ ән айтқанды, домбыра шерткенді ұнатады, тіпті өлең жазып, ән шығарады.
- Балалар, егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына биыл 25 жыл болды.
Мұзға жанған желтоқсанның жалауы,
Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы.
Ол әркімге еркін өмір сыйлайды.
Жақсы атақпен нұр шапағын жинайды.
Бүгінде тәуелсіз еліміздің өркениетті 50 елдің қатарымен тереземізді теңестірсек деген алдына мақсат қойып отыр. Аспанымыз ашық, еліміз аман болса, бұл мақсатқа да жетеміз. Сол болашақтың тірегі мына алдымыздағы бүлдіршіндер - сендерсіңдер.
Есігі ашық төрі кең,
Жылап өттік жылдар өмір өрінен.
Жетер енді желпінейік, қарайық,
Мына өмірге үмітпен.
Бейне көрініс: «Көк тудың желбірегені»
Сергіту сәті: Ұлытау тобының «Жұмыр қылыш» мульти - анимациялық сергіту сәті музыкасына қимыл қозғалыс жасату.
Тәрбиеші шетелдік қонаққа қарап: Біздің балаларымыз Отан туралы көптеген мақал - мәтелдер біледі.
Мақал - мәтелдер:
Темірлан: Ердің көркі елімен,
Отан көркі жерімен.
Аизере: Отан оттан да ыстық
Диас: Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.
Балалар: «Мен Отанымды сүйемін!» жылулық шеңберімен аяқтайды.
- Мен өз мемлекетімді мақтан тұтамын!
- Мен өз Отанымды шексіз сүйемін!
- Мен өз Отанымның бақытты ұланымын!
Тірбие сағатының соңында балалар ән: «Көк тудың желбірегені»