Рефлексиялық есеп
2019-2020 оқу жылында «Балдырған» мектеп-балабақшасында 18-25 қараша күндері аралығында «Үйренейік, ізденейік жас маман!» тақырыбында
Онкүндік жоспарлы жұмыс ұйымдастырылды.
Мақсаты: жас мамандардың кәсіби шеберліктерін шыңдау, педагогикалық жаңашылдықтарды меңгерту, іс-тәжірибесінде қолдана алуға дағдыландыру, қазіргі заман талаптарына сай педагог тәрбиелеу.
Міндеті:
-Жас маманға өз әрекетінің мәнін ашып, ойды дамытуға мүмкіндік туғызу.
-Іскерлік қарым-қатынас ерекшеліктерімен таныстыру.
-Жаңа технологияның оңтайлы әдістерін қолдана білуге үйрету.
-Жас маман өз іс-әрекетін нәтижесін жобалай білу тәсілдерін меңгерту.
Арнайы жоспар бойынша «Үйренейік, ізденейік жас маман!» тақырыбында ашылу салтанаты өткізіліп жас мамандар мен тәлімгерлерге атқарылатын жұмыстарымен таныстырылды.
«Жас маман. Ол кім?» тақырыбында жас мамандармен сайыс және пікірталас түрінде жоспарлы іс-шара ұйымдастырылды. Педагогтар бірнеше кезеңдер бойынша өздерінің білімдері мен ұшқырлықтарын жан-жақты көрсете білді.
Тәлімгер Тулебаева А.Т педагогтармен «Жас маманның кәсіби өсуіндегі тәлімгер көмегі» тақырыбында баяндама жасап, өз жұмысың нәтижелерімен бөлісті.
«Кәсіби шеберлер»тақырыбында педагог-психолог Каменова Ж.З тәлімгерлер мен жас мамандарды біріктіре отырып ісерлік ойын түрінде іс-шара жүргізіп, жас мамандарға жаңа қызметте талмай жұмыс жасау үшін нұсқаулықтар беріп, қызықтыра түсті.
Қазкенова А.Ж педагогтармен «Педагогтің басқару дағдылары және оларды одан әрі дамыту жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Жас мамандарға жан-жақты мағлұматтер беріп, әріптестер арасында пікір алмасу жүрді.
Тәрбие жөніндегі орынбасары Бекбаева З.Д жас мамандармен «Ата-аналармен педагогтардың жұмыс мазмұны, формалары және әдістері» тақырыбында баяндама жасап, әріптестерімізге балабақша-ата-ана-педагог арасында қарым-қатынастың, әр түрлі жұмыс жүргізудің формалары мен әдістері туралы мағлұматтар беріліп, талқыланды.
Жас маман мектебінің жетекшісі Шакиева Ж.О педагогтармен «Заманауи білім берудің әдіс-тәсілдері» тақырыбында іс-тәжірибемен алмасу мақсатында жұмыстар жүргізді. Қазіргі таңда өз жұмысыңды нақты көрсетуге мүмкіндіктердің зор екендігін, оқу іс-әрекетінде әдіс-тәсілдерді тиімді қолданып, өз мақсатына айқын жетуге болатындығы туралы мәліметтер беріліп, айтылды.
Балабақшада педагогтардың жоспарлы ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатысу жоспарланды. Сабақтың сараптамасы мен өзіндік талдау жасау мақсатында жас мамандарымыз сабақтарға қатысып, алған әсерлерімен бөлісіп, өз ой-пікірлерімен алмасты.
Көңілді кездесу. «Үйренерім көп менің» тақырыбында тәлімгер Елеуова А.З. өзге әріптестермен тәжірибе алмасу мақсатында педагогтар арасында пікір алмасу жүргізді. Үлгілі педагогтар мен тәлімгерлерлердің жетістіктері мен нәтижелері туралы айтылып, әр адамның алдына қойылған мақсатқа жету үшін қажырлы еңбек етудің қажет екендігі түсіндірілді.
Апта соңында «Әріптестер алға, қанаттарың талма» тақырыбында жас мамандар арасында сайыс жүргізілді. Сайыс 4 кезеңнен құрылды. Жас мамандарымыз осы сайыс барысында жан-жақты қырынан танылып, ашылды. Өздерінің ойларын еркін жеткізіп, көрсете білді.
Қорытынды: Онкүндік барысында жоспарланған барлық іс-шараларымыз жүргізіліп, жұмысымыздың нәтижесін әріптестер арасында бірге қорытынды жасалды. Барлық іс-шараларға жауапкершілікпен қаралып, жас мамандарымызға жақсы ой-пікірлер мен тілектер айтып, өз жұмысымызды аяқтадық.
Ұсыныстар:
1.Жас мамандармен жұмыс түрлерінің жаңаша бір форматын қарастыру.
2.Тәлімгерлерге жас мамандардың оқу іс-әрекеті кезінде тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануға бағыт-бағдар беру.