Мақсаты: Жас мамандардың жұмысқа деген психологиялық ойларын тұрақтандыру, өзінің таңдаған мамандығына бойынша қызығушылығын арттыру. Ұжымда бірлесіп жұмыс істеуіне бағыт-бағдар беру. Жан-жақты білім алуына, ортада бейімделуіне психологиялық қолдау көрсету.
Барысы: Педагогтар екі топқа бөлінеді. Бірінші топтағы педагогтардың аяқтары бір –біріне байланады. Екінші топтың да аяқтары бір –біріне байланады. Осылайша жерде жатқан шеңберді баспай, шеңбердің бір шетінен екінші шетіне дейін бір –біріне демеу болып жету.
Педагогтар барлығы қолдарына А4 қағазын алып құбыр жасайды. Жүргізуші құбырдың бас жағынан кішкентай дөңгелек шарды жібереді. Ойыншылардың мақсаты, кішкентай шарды түсіріп алмай өзінің ыдысына дейін шығарып салу.
Психолог: «Қолыңызға дәптер (парақ, қағаз) алыңыз, оны төбеңізге қойыңыз. Екінші қолыңызға қалам алыңыз. Параққа үлкен шеңбер сызыңыз. Осы шеңбердің ортасына кішткентай арал салыңыз. Аралдың қасына екі-үш пальма салыңыз. Сол жағына жүріп қайықтың суретін салыңыз. Енді қайтып келіп пальманың қасына өзіңізді жатқызып қойыңыз. Сонан соң парақты қолыңызға алыңыз. Айтылған нұсқауға сәйкес сурет сала алдыңыз ба? Кімнің суреті нұсқауға сәл болса да ұқсайды?» Ойынның (әзіл) қорытындысы: егер кімде-кімнің суреті нұсқаулыққа ұқсайтын болса, онда ол семинар барысында айтылып жатқан мәселелерді зейін қойып, назарын соған аударып тыңдап отырған