Текст
Өмір талабына сай технологияларды оқу процесі мен тәрбие аясында шебер қолдана білу тәрбиешінің міндеті. Осыны ескере отырып, біз мектепке дейінгі білім беру саласындағы әр жаңалықты өз қызметімізде қолданамыз. Қазіргі кезде балабақшада фетрден жасалған заттарды бала тәрбиесінде қолдану кең жолға қойылған. Түрлі –түсті, жұмсақ, әрі ыңғайлы фетр матасын түрлі көрнекіліктерді жасап, баланың қызығушылығын оятамыз. Фетрден жасалған көрнекіліктерді оқу үрдісінде қолдану. Тәрбиешілер фетрден түрлі көрнекіліктер жасап, оны оқу үрдісінде қолдануда. Фетрден жасалған көрнекіліктердің баланы жан- жақты дамытуда көмегі өте көп.