Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатқан Елбасының кісілік келбетін тәрбиеленушілерге меңгерту, одан үлгі алу және өмір жолы туралы мағлұмат алу мақсатында «Балдырған» мектеп-балабақшасында арнайы жоспарға сәйкес іс-шаралар өткізілді.Топтар мерекеге сай безендіріліп, әр топтарда «Елбасы-тірегіміз» тақырыбында мерекелік тәрбие сағаттары өткізілді және Елбасының өмір жолы және еңбек жолынан сыр шертетін әртүрлі кітаптардан көрме ұйымдастырылды. Елбасымыз туралы даналық сөздер жазылған буклеттер, журналдар да көрмеден орын алды.
«Мирас» мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Рахимова Г. Қ.-ның ұйымдастыруымен «Елбасы-тірегіміз» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Балалардың орындауындағы өлең жолдары, ән шумақтары әрбір адамның патриоттық сезімін оятып,еліміз үшін, елбасымыз үшін мақтанарлықтай! Балалар елге және Елбасына деген қадір құрметтерін керемет жеткізе алды.
«Мен үшін елімді дамыған елдердің сабына тұрғызып санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» деген Елбасымызды барлық қырынан да таныта алды.