19-21 қазан аралығында «Балдырған» бөбекжайында жылдық оқу-тәрбие жоспары бойынша «Алақай, Алтын күз!» атты іс-шаралар өткізілді.
Мақсаты: Күз мезгілі туралы білімдерін молайту, тәрбиеленушілердің тілдік қорын молайту, күзге тән ерекшеліктерді сезінуге және табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Әкімшіліктің қатысуымен кеңесте іс-шаралардың жоспары талқыланып, бекітілген болатын. Жоспар бойынша топтардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып белгіленген іс-шаралар толық өткізілді.
Ортаңғы топ тәрбиеленушілері «Үйшік» ертегісінің кейіпкерлеріне айналып, ойын ойнап ән айтты. Ересек және мектепалды даярлық топтардың балалары «Күз ханшайымына» өз өнерлерін паш етіп, қуанты. Осы топтардың қыздары «Күз ханшайымы» атағына ие болу үшін, үй тапсырмаларын көрсетті, яғни арнайы тігілген сән көрсетіліміне көйлектерін және көрме затын. Әділ қазыларға шешім шығаруға оңай болмады, әр топтың ханшайымы анықталып, марапатталды. Күз мерекесін өткізуде ата-аналардың да қосқан үлесі мол болды. Әсіресе, ата-аналармен бірлесіп ұйымдастырылған «Күзгі сыйлықтар» атты көрмесі ерекше түрде өтті. Күзде пісетін жеміс-жидектер мен бау-бақша өнімдерінен, дәнді дақылдардан жасалған әр түрлі бұйымдар, әшекейлер, көрменің сәні болды.
Қөрмеге белсене қатысқан ата-аналарға ризашылығымызды білдіре отырып, келешекте осындай мерекелелік іс- шараларды бірлесе атқарамыз деп сенемін.