«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті. Тақырыбы: «Пішіндер әлемі»

29.11.2019

Өтпелі тақырып: «Дені саудың жаны сау»

Білім беру саласы: «Таным», « Шығармашылық»

Бөлімдері:  Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.

Сабақ тақырыбы: «Пішіндер әлемі»

Сабақ мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін тексеру. Сипап сезу мен көру арқылы пішіндерді өз бетінше ажырата білуге үйрету.

Міндеттері:

Білімділік: Балалардың  пішіндер туралы білімдерін  кеңейту.

Дамытушылық:  Есте сақтау қабілетін арттыру.

Зейіндерін шоғырландыру.

  Балалардың  қағазбен жұмыстануға   деген  қызығушылықтарын   

арттырып , эстетикалық талғамдарын   қалыптастыру.

Тәрбиелік: Пішіндер туралы түсіндіру, ұжыммен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Түрі: Кіріктірілген сабақ

Қолданылатын технология:  «Тәй-тәй» технологиясы

Көрнекіліктер: Слайд, геометриялық пішіндер,тиісті суреттер.

Сөздік жұмыс:үшбұрыш, шаршы, дөңгелек

Билингвальды  компонент:үшбұрыш-триугольник; шаршы- квадрат; дөңгелек-круг.

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің  іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Қызығушылығын ояту кезеңі

Шаттық шеңбері

Қуанамын менде,

Қуанасың сенде

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге!

Сәлеметсіздер ме,қонақтар!

Балалар шеңберге тұрады.Өлең жолдарын айтып амандасады.

Ұйымдастыру іздену кезеңі

Видео бейне көрсету.

Балалардан  сұрақ-жауап  арқылы   пішіндер туралы   сұрау.

Д.ойын: «Пішіндерді құрастыру»

Мақсаты:Балалар қиылған пішіндердің   екінші  бөлігін тауып, бір-біріне қосады.

Балалар  белсенділік орталығыны барып белгілер арқылы орталықтарға бөлінеді.

Өнер орталығы:  балалар бастырма әдісімен пішіндерді саламыз.

Қауіпсіздік ережелерін  сақтаймыз.

 

Есеп  орталығында балалар пішіндер  туралы тереңірек білетін боламыз. 

Балалар қараңдаршы бүгін біз құм терапиясымен жұмыс жасаймыз.

 

Белгі берілгенде балалар орындарына келіп отырады.

Сергіту сәті:

Ал, балалар тұрайық

Қолдан шеңбер құрайық.

Түзу болып тұрайық

Бір-біріне қосқанда

Үшбұрышты құрайық.

Д.Ойын: «Үй құрлысының ретін көрсет»

Мақсаты: Түстерді ажыратуға жаттықтыру,ойлау қабілетін,қабылдау,ес,зейін процестерін дамыту.

Балалар барлығы назарын видеоға аударады.

 

 

 

Балалар орталықтарға бөлінеді.

Балалар картоппен пішіндерді қағаз бетіне бастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар қимыл-қозғалыспен сергіп алады.

 

 

Балалар қызғушылықпен ойын ойнайды.

 

 

 

 

Қорытынды

Балалар бүгін біз қандай пішіндермен таныстық?

Құм терапиясында саусақ арқылы не салдық?

Дөңгелек, шаршы, төртбұрыш.

Пішіндерді

Күтілетін нәтиже:

Болу керек: Пішіндер  жайлы мағлұмат  болу  керек.

Үйрену керек:  Пішіндерді бір-бірінен  ажырата  білуді  үйрену керек.

Білу керек:Пішіндер  туралы  біледі.

Просмотров: 2694


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст