«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті. Тақырыбы: "Бөлме гүлдері."

29.11.2019

Білім беру саласы:Таным.
Бөлімі:Жаратылыстану.
Тақырыбы:Бөлме гүлдері.

 Мақсаты:Білімділік. Бөлме гүлдерімен таныстыру,атауларын айтуды үйрету.
Дамыту: Ойлау,есте сақтау қабілеттерін жетілдіру. Қарапайым тәжірибелерді  жүргізу,қызығушылықтарын арттыру. Қол маторикасын дамыту.
Тәрбиелік:Еңбекке,ұқыптылыққа баулу.
Әдіс-тәсілдері:Жұмбақ,сұрақ-жауап,суретпен жұмыс,сергіту сәті,қауіпсіздік ережесін сақтау,тәжірибе жасау,ойын.
Билнгвальді компонент:Гүл-цветок,су-вода.
Көрнекіліктер:Гүлдер(қазтамақ,алоэ,кактус),суреттер,түбектер,тас,топырақ,су,

гүл өсінділері,күрекше,сулы орамал.
Сөздік жұмыс:Бөлме гүлдері,герань,алоэ,кактус

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс-әрекеті.

Мотивациялық қозғаушылық

Сәлеметсіңдер ме балалар?

Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер оның жауабын шешуге тырысыңдар. –
1) Адамдардың бәрі қызығады
 Су құймасаң сәні бұзылады
.

 

2) Өзі сондай нәзік,
Су құйса кетеді,
Жапырағын жазып.

Бұл не?
 

Сәлеметсіз бе?

«Гүл»,-деп жауап бреді.

Ұйымдастыру,
ізденушілік

Балалар,біз бөлме гүлдерін не үшін өсіреміз?
Дұрыс,ендеше бүгін  бөлме өсімдіктерімен таныс боламыз. Өсімдік өмір сәні, табиғат көркі, дәрі-дәрмек. Олар біздің бөлмемізді тек әдемі етіп көрік бере қоймай, үйдің ауасын тазартады. Олардың көптеген түрлері болады. Енді балалар тақтаға назарымызды аударайық, мынау қазтамақ гүлі. Гүлінің түсі қызыл, хош иісті болып келеді екен. Герань гүлі өте әдемі, бөлмемізді әдемі етіп тұрады. Ал мынау, алоэ гүлі. Жапырақтары тікенді болып келген, бірақ тікені қолымызға кірмейді. Алоэның емдік қасиеті бар. Егерде, жүгіріп бара жатып, жарақат алған жағдайда осы алоэ кескінін кесіп алып, жарақат алған жерге орап қойсақ тезірек жазылады екен және түрлі су-сабын жасалады.Мынау кактус,

кактустың пайдасы компьютерден шыққан, адамға зиянды заттарды озіне жұтады.Міне,бөлме гүлдерінің осындай адамға деген пайдасы бар.Басқа бөлме гүлдерінің де пайдасы бар. Мен айтып кеткен гүлдер бөлмемізде бар ма?

Қазір біз тәжірибелік жұмыс жасаймыз.Алдымен қауіп-сіздік ережесін сақтайық.

Ескертусіз жылдам қозалуға болмайды,құралдарды орнымен қолданыу керек,

олармен ойнауға болмайды.

Енді сергіп алайық.

  Сергіту сәті:
Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап дем алам
Қанатымды бір қағып
Гүлдей болып жайқалам


Балалар, осы гүлдерді өзіміз өсірейік. Енді, гүлдің сырт келбетімен танысайық. Тамыры – сабағы – жапыра-ғы – гүлі.Гүл-цветы,су-вода. Практикалық әрекет: Гүл отырғызу үшін ең әуелі бізге ыдыс қажет. Ыдысты алып, гүл өсуі үшін астына тас саламыз,үстінен құнарлы топырақ саламыз. Содан соң, топырақ ортасына құдықша жасап, гүл өсіндісін отырғызамыз (тамырын көрсету). Сұрақ:Гүлді отырғызып осылай қалдырамыз ба?

 

Енді, осы гүлімізді табиғат бұрышына қояйық. Сендер шаршаған шығарсыңдар,

ойын ойнайық.Қ/О:Гүл құрастыру.Ойын шарты:

Дайын гүл бөлшектерін ретімен дұрыс орналасты-рып гүл құрастыру.Ол гүлдің атын атау.
 

Бөлме ауасын тазалау үшін.
Әдемі болуы үшін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Балалар мұқият қарап,тыңдап отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Иә,бар»,-деп гүлдерді көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар мұқият қарап,тәрбиешінің жұмысын қайталап жасап отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Жоқ!Оған су құяды»,-деп су құяды.

 

 

Балалар гүл бөлшектерін ретімен құрастырып гүлдің атын айтады.

Рефлексивтік түзетушілік

Балалар бүгін біз қай гүлдермен таныстық,қандай жұмыс жасадық?

 

Гүлдердің пайдасы қандай?

Бөлме гүлдерімен таныстық.Герань,алоэ,
кактус гүлімен танысып,

гүл отырғыздық.
Ауаны тазалайды,әдемі болады.Дәрі-дәрмек жасалады.

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:
Бөлме гүлдерін біледі.
Қандай түініктерді игерді:Гүл атауларын таныды.Гүлді отырғызуды, тәжірибе жасауды үйренді.
Білу керек:Өсімдіктердің пайдасын,айтылған гүлдерді кез-келген жерде танып,атай білуі керек.
 

Просмотров: 2359


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст