«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Күздің сыйлықтары" "Ботақан" ортаңғы тобының ертеңгілігі

20.10.2022

Күздің сыйлықтары»
Тулегенова Ж.К.
Муканова Г.У.

Қатысушылар:Үлкен адамдар: Күз, Қоян, Түлкі.
Балалар: жемістер мен  көкөңістер.
(Балалар көңілді музыка ырғағымен залға кіреді де, жартылай шеңбермен турады)
Жүргізуші: (күзгі орманға көңіл аударады).
                      Қарандаршы балалар, күзгі орман қандай әдемі!
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан, алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Балалар Күз ханшайымды шақырайықшы.
Балалар: Күз, күз, кел, кел!
Жүргізуші: Міне, Күз де келе жатыр, бізбен бірге мерекені тойлауға.
(Салтанатты музыкамен Күз келеді, айналып, билеп, қолында себет бар, балалар шапалақтайды)
Күз: Мен, Алтын күзбін!
Мерекеге келдім,
Күзгі сыйлықтарды,
Балаларға әкелдім, деп, себетті ортаға қояды. 
Мынау менің күзгі сыйлықтарым. Мына себеттің ішінде жеміс-жидектер бар, олар денсаулыққа пайдалы.
Жүргізуші: Балалар, Күз Ханшайымға рахмет айтайықшы.
Балалар: Рахмет сізге Алтын күз!
Ән «Куз тамаша»
Күз ханшайымы:Әндерің маған ұнады.
Жапырақтарды алыңдар,
Би билендер, барындар.(балаларғажапырақтардытаратады)
Би «Көкөністер мен жемістер» (бәрі билейді)
Күз: Сары, қызыл, жапырақ,
Бір, екі, үш, төрт.
         (жүріп санайды)
Жел соғады уылдап,
Ұшып кетті жапырақ. (би соңында балалар жапырақтарды шашады да орындыққа отырады)
Жүргізуші: Алтын күз! Орындыққа отырыңыз, бізбен бірге балалардың өнерлерін тамашалаңыз.
Тақпақтар
Жүргізуші: Алтын күз! Біздің балалар ойын ойнағанды ұнатады.
Күз: Олай болса ойнайық. 
Ойын «Күз сыйлықтарын жинау»
(Балалар екі топқа бөлінеді, әр топта себет бар, ортада жеміс-жидектер мен көкөңістер жатады, балалар тез жинау керек, қай топ тез жинайды) 
Күз: Жауды жаңбыр гүлдерге, ағаштарға, тауларға.
Жаңбыр, жаңбыр соқпашы, ойнайықшы тоқташы.
Күз: Балалар, бізге біреу келе жатыр
(қоян залға жылап, секіріп кіреді)
Жүргізуші: Не болды қоян, неге жылайсың?
Қоян: Жаңбырдың астында қалып қойдым, тоңып су болдым, құлағым, мұрным тоңып қалды. Ай-ай!
Жүргізуші: Кел қолшатырдың астына, күз мезгілі суық, жылы киіну керек.
Міне саған қолғап, жылы тон (кигізеді)
Күз: Жылыну үшін би билеп, ойын ойнау керек. Солай ғой балалар?
Балалар: Ия!
Ойын «Қолшатыр»
 (Балалар көңілді музыкамен билейді, жаңбырдың дыбысын естігенде үлкен қолшатырдың астына тығылады, ойыннан кейін қолұстасып орындарына отырады)
Жүргізуші: Күз: Ал қояным, жылындын ба?
Қоян: Иә, жылындым, рахмет!
Бірақ қыс келгенде одан да суық болады, не істеймін, үйім жоқ?
Күз: Ол үшін сен үй салу керексін.
Қоян: Қалай мен жалғыз өзім үй салам, кім маған көмектеседі?
Жүргізуші: Балалар, кім қоянға көмектеседі?(үш, төрт бала шығып, қоянмен бірге үй салады)
Жүргізуші: Қоян, сағанүйұнадыма?
Қоян: Иә, ұнады, рахмет сендерге балалар, енді мен қысқы аязда да тоңбаймын.
(үйдің ішіне кіріп, терезеден қарайды да, ортаға түлкі шығады)
Түлкі: Тук-тук-тук! Кім осы үйде түрады?
Ай, ай жіберші мені, құйрығым тоңды.
Қоян: Мен осы үйде тұрамын! Ал сен не істеу білесің?
Мен міне ағаштан түскен жапырақтарды сыпырамын, үй тазалаймын
(сыпырғышпен сыпырады)
Қоян: Кір түлкі үйге, бірге тұрамыз.
(Түлкі үйгекіреді де, қоянды ұстағысы келеді, қоян қашады)
Жүргізуші: Балалар, қоянға көмектесейік, түлкіні қуып шығайық.
(Балалар орындарыннан тұрып түлкіге айтады)
Балалар: Түлкі кет! Түлкі кет!
(Түлкіқашыпкетеді) 
Қоян: Рахмет сендерге балалар, түлкіден құтқардындар!
(Бәрі би билейді қоянмен)
«Көңілді би»
Күз: Міне керемет, қоянға көмектестіңдер, өнерлеріңді көрсеттіңдер, жарайсыңдар балалар. Сендермен өте көңілді, бірақ менің қайтатын уақытым келді. Сау болыңдар!
Жүргізуші: Балалар Алтын күзбен қоштасайық.
Балалар: Сау болыңыз!
Жүргізуші: Балалар, біздің де қайтатын уақытымыз келді. Күз ханшайымының сыйлықтарын алып, топқа барайық.

Просмотров: 219


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст