Текст
Мектеп -балабақша ұжымы бірнеше жылдан бері "Мұғалім.kz" республикалық ғылыми - әдістемелік журналымен тығыз байланыста жұмыс жасап келеді. Педагогтарымыз іс-тәжірибелерімен алмасу мақсатында өздерінің жоспарларын, мақалаларын т.б. осы журналға үнемі жариялап жүреді. Жуырда осы редакцияның "Педагог-новатор" журналының бір номері түгелдей біздің ұжымға арналып басылып шықты. Бұл номерге түгел біздің ұжымның материалдары жарияланды. Мақаласы жарияланған әр педагогқа редакция атынан журналдың сол номері сыйға тартылды. Әлі де серіктестікті одан әрі жалғастырамыз деген ойдамыз.