«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Республикалық «Туған жерім- тұғырым» атты тәрбиешілер арасында өткен онлайн эссе байқауы.

07.11.2019

Республикалық «Туған жерім- тұғырым» атты тәрбиешілер арасында өткен онлайн эссе байқауы.

  «Өрлеу Қазақстан»  қоғамдық қоры қыркүйек- қазан аралығында  республикалық «Туған жерім- тұғырым» атты тәрбиешілер мен балабақша бүлдіршіндері арасында эссе және сурет байқауын ұйымдастырған болатын. Осы байқауға мектеп- балабақшадан жас маман тәрбиеші Азатбек Сәттігүл қатысып, өзінің эссесін жіберді. Нәтижесі де көп күттірмей, Сәттігүл жүлделі ІІ орынға ие болып, Мадақтамамен марапатталды. Әріптесімізді жеңісімен құттықтаймыз.

ЭССЕ.

Туған жерім тұғырым

 

    Әркімге туған жері оттан да ыстық дейді ғой атам қазақ. Кіндік қаның тамған туған жердің бір уыс топырағы мың алтыннан артық қой шіркін. Сол секілді менің де туған жерім бұлттары биіктікті белгілейтін, бұланы бұтақ шайнаған қыздары ұнамды, ұлдары ұранды, қасиетті де қастерлі Бұланды жері болып табылады. Тас таңбалы тарихына үңілетін болсаң сонау 1936 жылы негізі қаланып іргетасы салынған қала екені бесенеден белгілі.

   Табиғаты сонау Ақан серіге ән салдырған , Тұрсынбек Кәкішевтей алыпқа том том кітап жаздырған туған жерім Бұландының тегінде тегін жер емес екені айдан анық.

Бұланды асыр салып ойнаған жер.

Көз тоймас көрікті шын жайнаған жер.

Қазағым біле білсең Бұландымыз

Атақты Балуан Шолақ жайлаған жер.

   Адамы түгілі төрт түлігі төсінде өрген текті өлкенің бүгінгі тыныс тіршілігі қарқынды даму үстінде. Анықтап қарасам, мұнда орыс, татар, цыган, өзбек, анығырақ айтсақ 130-дан астам ұлттың тең жартысы өмір сүріп жатыр. Бірақ қазақ халқы соған қарамастан өзінің мемлекеттік тілін, дінін ұмытпай, насихаттау үстінде, ұлттық менталитетін сақтап қалуға барынша ат салысуда және жаңа заман технологиясын меңгеріп жастарды жұмыспен қамтуда алдыңғы орындарда екенін мақтанышпен айта аламын. Ауданымызда бес бірдей білім ордасынан тәлім- тәрбие алып жатқан жас жеткіншек оқушылардың талантын айтпау мүмкін емес. Кез келген облыстық, республикалық деңгейде ауданымыздың намысын абыройлы қорғап отырады. Менде болашақта осы Бұланды ауданымыздың көркейіп өсуіне өз үлесімді қосып, өсіп келе жатқан бүлдіршіндерімізге әр түрлі қызықты ойын – сауық  алаңдарын салып беруді армандаймын. Әр адам өз туған жерінің көркейіп өсуіне,  ат салысуы міндеті, әрі борышы деп білемін.  Өйткені туып өскен жеріміздің болашағы мен сияқты жасатардың қолында деп білемін. Ол үшін әр адам білімді де білікті, парасатты болуы қажет.

 Туған жерім – қастерлі де қасиетті өмірімнің киелі орны, болашағым, өткенім. Отанға деген сүйіспеншілік сезімімді сөзбен айтып жеткізу мен үшін  қиын. Өйткені бұл менің өсіп-  өнген жерім, ата –анамнан тәрбие көрген, бал бақытты балалық шағым өткен жерім, оқу -білімге баулыған білім ұям, туған көшем, достарыммен асыр салып ойнаған жерім.  Қасиетті мекенім саған деген мөлдір махаббатым да, алғысым да шексіз! Өркендеп, гүлдей жайнай бер!

Көзімді ашып сені көріп қуандым,

Іңгәләдім бір өзіңде жұбандым.

Басымды иіп тағзым етем алдыңда,

Қасиетті туған жерім Бұландым!

Просмотров: 884


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст