15-17 қазан күндері «Балдырған» мектеп-балабақшада жылдық оқу-тәрбие жоспарына сәйкес «Мерекелі, берекелі Алтын күз» атты іс-шаралар өткізілді.
Күз мезгілі туралы білімдерін молайту, күзге тән ерекшеліктерді сезінуге және табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында іс-шаралар бірінші және екінші кіші топтарда ойын-сауық түрінде өткізілді, бүлдіршіндер әдемі киініп, тақырыпқа сай безендірілген залда тақпақ айтып , ән салды, сонымен қатар «Дәмін көріп жемісті тап», «Қайсысы жеміс, қайсысы көкөніс», «Кім тез және көп жинайды», «Жапырақты жинау» ойындарын ойнады, қонаққа келген ғажайып кейіпкерлердің да тосын сыйлары болды.
«Кұлыншақ», «Балдаурен», «Еркетай» ортаңғы топтар бүлдіршіндері «Саңырауқұлақтар» биімен келген қонақтарды қуантты, дәрумендердің пайдасын көріністе өз жыр шумақтарымен дәлелдеді.
«Ертөстік», «Арман», «Қарлығаш» ересек топтарының балалары Күз ханшайымынын сиқырлы әлеміне бос қол бармай, өз өнерлерін , білімдерін ортаға салып, ертегі көріністерін ұсынып, Күз ханшайымын қуантты.
«Құлагер», «Жауқазын», «Мирас» мектепалды даярлық топтар қонаққа келген күз патшайымына көнілді ән-шашу мерекесін ұсынды. Сонымен қатар балалар берілген тапсырмаларды орындап күз патшайымының көңілінен шықты.
Биылғы жылғы күз мерекесін өткізуде ата-аналардың да қосқан үлесі мол болды. Әсіресе, ата-аналармен бірлесіп ұйымдастырылған «Күз берекем, байлығым» атты көрмені атап өткен жөн. Күзде пісетін жеміс-жидектер мен бау-бақша өнімдерінен, дәнді дақылдардан жасалған әр түрлі бұйымдар, әшекейлер, көрменің сәні болды. Қөрмеге белсене қатысқан ата-аналарға ризашылығымызды білдіре отырып, келешекте осындай мерекелерде іс- шараларды бірлесе атқарамыз деп сенемін.