«Балдырған» мектеп балабақшасында «Тілдер күні » мерекесіне орай арнайы құрылған жоспар бойынша іс-шаралар өткізілді. Осы жоспарға сәйкес төмендегідей жұмыстар атқарылды:
«Тіл мәртебесі- ел мәртебесі» атты тақырыппен тәрбиешілер топтарда тәрбие сағаттарын өткізді.
Арнайы тақырыптық сабақтарда қойылған мақсаттарды, яғни балалардың тілдік қорын молайту және барлық тілдерді құрметтеуге тәрбиелеу, жүзеге асыру үшін тәрбиешілер мақал-мәтелдер, жыр шумақтар, бейне таспаларды қолданып жүзеге асырды.
Қазақ тілі мұғалімі өзге ұлт өкілдері балаларымен қазақ тілінде «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің театралды қойылымын ұсынды. Балалар ертегі кейіпкерлерінің дауыс ырғақтарын келтіріп, қызығушылықпен ойнады.
Мектеп-балабақшаның ағылшын тілі мұғалімі Ахметова А. Е. «Numbers»(Сандар) тақырыбына «Жауқазын» мектепалды даярлық тобының бүлдіршіндерімен ойын-жаттығу түрінде өткізіп, балалардың ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын арттырды.
Мектеп- балабақшада тілге байланысты іс- шаралар әдеттегідей жақсы деңгейде өткізілді деп нық айтсақта артық болмайды. Алдағы уақытта келе жатқан көптеген мерекелерімізді де, осылай жоғары деңгейде өткізетінімізге сенімдімін, әріптестеріме көптен –көп рахмет!