«Отан-отбасынан басталады» дейді халқымыз. Елдің , ұлттың , жалпы адамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасыдан басталады. Бала үшін отбасы бір жағынан – тіршілік қоршауы болса, екінші жағынан – тәрбиелік орта. «Балдырған» мектеп-балабақшасында отбасы апталығына байланысты ата-аналармен түрлі шаралар ұйымдастырылды. Мектепалды даярлық, ересек және ортаңғы топтардың ата-аналары «Мен отбасымды мақтан тұтамын» атты апталық жобаға белсене қатысып альбом, коллаж, буклеттерді өз қолдарымен жасап оны қорғай білді. Балабақшаішілік балалар мен ата-аналар «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбына суреттер көрмесіне қызығушылықпен қатысты.
Өзін-өзі тану мұғалімі «Құлагер» мектепалды даярлық тобымен «Мен және отбасым» шаттық шеңберін өткізді, балалар бір айналым сөйлесу арқылы отбасы туралы айтып өтті, «Жүректен-жүрекке» өз отбасыларына тілектерін білдірді. Балабақша алаңында «Отан-отбасынан басталады» атты флеш-моб ұйымдастырылды. Ата-аналар мен балалар қызығушылық білдіріп белсене қатысты, өте қызықты өтті. Баланы өмірге бейімдеуде ата-ананың орыны болек . Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істеуді көп ізденуді, еңбек етуді қажет етеді. Балалардың ата-аналарымен тығыз байланыста болған жағдайда ғана талапқа сай жұмыстар жүргізуге болады. Бүгінгі жас ұрпақ ертеңгі ел болашағы, біз әрқашан заманауи үлгідегі жаңа білімді бала бойына сіңіріп отырсақ біздің балаларымыздың болашағы жарқын болмақ.