«Мирас» мектепалды даярлық тобы
тәрбиеші: Шакиева Ж.О.
Тақырыбы: «Өрттен сақ болыңыз»
Мақсаты:
Өрттің қаншалықты қауіпті екені туралы балаларға түсіндіріп, білімдерін кеңейту. Адам өміріне өрттің зиянды екенін біле отырып сіріңкені, тұрмыстық техникалық заттарды пайдалану қауіпсіздік ережелерін білу. Оттың тілсіз жау екенін ұқтыру. Өрттен, оттан сақтану жолдарын үйрету. Балаларға оттан сақтанудың жолдарын, өрттің табиғатқа, адамға әкелетін зардабын түсіндіре отырып, сіріңке, оттық т. б. қатерлі нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Өту барысы:
Тәрбиеші: балалар, мен бүгін бір хат алдым, кімнен екенін бірге оқып білейік, жарайды ма?
Хаттың мәтіні: Сәлеметсіңдер ме балалар, мен өрт қауіпсіздігі инспекторы боламын. Маған көмекші болғыларыңыз келеді ме? Менің өз командама жас өрт сөндірушілер қажет.
Тәрбиеші: - ал сендер өрт сөндіруші болғыларың келеді ме?
Олай болса біз бүгін қауіпсіздік ережелерінің бірі өрттің қаншалықты қауіпті екенін білейік. «От – досымыз, от – жауымыз». Жалпы «от» деген сөзді қалай түсінесіңдер? От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От – өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса тамақ піспейді, үй жылымайды. Ал тамақ ішпесек бойымызға қуат бітпейді. Бойымызда қуат болмаса өмірге деген қызығушылығымыз жоғалады.
Олай болса бүгін біз саяхатқа бірге шығайық.
Оттың пайдасымен қатар зиянды жағы да жоқ емес.
№ 1 аялдама: «Суреттер галлериясы»
«Отпен ойнама, күйесің» дегендей оттың зиянды жақтарына тоқталсақ:
Оттың зиянды жақтары: отты дұрыс пайдаланбаса, адам күйіп қалады. Өрттің шығу себептеріне тоқталайық. Өрттің шығу себептері туралы білгілерің келсе мына видео сюжетке назар аударайық.
Видео сюжет: «Өрттің шығу себептері»
Өрттің шығу себептері туралы не білеміз? Қане кім айтады?
Балалар: 1. Шылымның тұқылын сөндірмей тастаса;
2. Шырпымен ойнаса;
3. Үтікті қосып кетіп қалса;
4. Газды ашық қалдырып кетсе;
Видео сюжет: « Қауіпсіздіктің 9 ережесі»
ЕГЕР ӨРТ ҚАТТЫ ЖАНЫП ТҰРМАСА.
Сіздің әрекетіңіз:
1. Өртті бір затпен (көрпе, пальтомен) үстінен жаба салыңыз. Содан кейін үстінен су кұйыңыз.
2. Түтінмен демалмауға тырысыңыз. Мұрынды және ауызды ылғал шүберекпен орап қойыңыз.
3. Өрттен жанып тұрған заттарды алмаңыз, өйткені ол өрттің таралудың себепкері болады.
4. Өртті шетінен бастап ортаға қарай сөндіру керек.
№ 2 аялдама: «Барабан»
Д\о: «Жанады, жанбайды»
Балалар сурет бойынша жанатын, жанбайтын заттарды атап айтады.
№ 3 аялдама: Зерттеу жұмысы.
№4 аялдама: «Кездесу» аялдамасы.
Өрт қауіпсіздік инспекторымен кездесу.
Сұрақ-жауап әдісі арқылы балалардың білімдерін тексереді.
-Өрт болған жағдайда не істеу керек?
-101 номеріне хабарласу керек.
-мекен –жайыңды білесің бе?
-өрт сөндіру көлігінің түсі қандай?
-өрт болған жағдайда немен сөндіруге болады?
Айтуар:
От жақпа күйерсің
Өртеніп жүрерсің
Сіріңкені ұстасаң
Бәлеге сен түсерсің
Бақдаулет:
Оттың ісі қуырмақ
Желдің ісі суырмақ
Қазір жанған жалынды
Алып ұшып қуалмақ.
Айзере:
Кешір, досым, қателестім.
Шырпыны ұстап, көктемеспін.
Ата – ананың рұқсатынсыз
Сіріңкеге беттемеспін.
Айлин:
Алыңдар ұғып, балалар,
Істері кейде шалалар.
Шырпы, оттық, электрге
Шама келсе жоламаңдар.
Инспектор: Жарайсыңдар, балалар. Өрт қауіпсіздігі туралы біраз білімдерің бар екен, рахмет.
Сендер өрт сөндіруші болғыларың келеді ма?
Олай болса мен сендерді өз командама қабылдаймын-деп балаларға киім береді.
Сендермен бір ойын ойнап көрейін,
Дидактикалық ойын: «Өрт сөндірушіге не қажет?»
Мақсаты: өрт сөндірушіге қажетті заттарды ажыратып, топтастыру.
Тәрбиеші: сізге біздің балаларымыздың іс-әрекеттері ұнады ма?
Инспектор: рахмет балалар, сендер өте білімпаз, ақылды, қайсар екенсіңдер. Мен сендерді күтемін.
Тәрбиеші: балалар, сендерге бүгінгі саяхатымыз ұнады ма?
Не қызықты болды?
Не туралы айттық?
-жақсы, олай болса біздің балабақшаға да оралатын уақытымыз болды. Міне, балалар айтылғандарды естеріңде сақтап, әдепті болып жүріңдер.
-сау болыңдар.