Тақырыбы:«Ел рәміздері - еркіндік нышаны»
Мақсаты:
Білімділік: Балалардың аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздер жөніндегі білімдерін жан-жақты сарапқа салу, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғындыру, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету;
Тәрбиелік: Отаншылдық, ұлтжандылыққа, өз елін, тегін, тарихын сүюге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Ой-өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту.
Көрнекілігі:Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған. слайд, шар, күн, гүлдер.
Кіріспе бөлім:Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз.Сондықтан өз жерімізді,өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге,қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.
Әдіс тәсілі: Түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
-Сәлеметсіздер ме құрметті балалар! Бүгін біздің ұйымдастырылған «4 маусым – Қазақстан Республиканың рәміздер күні» атты тәрбие сағатына кош келдіңіздер.
Шаттық шеңбер:
Күлімде күн күлімде,
Күлсін барлық бала шат.
Бүгінгідей күн қайда,
Бейбіт болсын болашақ!
Балалар, сендер өте зейінді, ақылды, әдемі, сұлу, дарынды, мейірімді балаларсыңдар. Біз аспаны ашық сәулелі кең байтақ елде тұрамыз. Олай болса балалар бәріміз біргеҚазақстан Республиксының Мемлекеттік Әнұраның шырқайық.
-Балалар, сендер қандай ән орындадыңдар?
-Қазақстан Республикасының әнұранын орындадық.
Балалар бүгін сабағымыз ерекше болмақ.Бүгін4 маусым – Қазақстан Республиканың рәміздер күні. Бүгін мен сендердің бүгінге дейінгі Қазақстан Республикасың рәміздері жайында не үйренгендеріңді, білгендеріңді сұраймын:
Республиканың қандай рәміздерін білесіндер?
Амаль: Ашық аспандай көгілдір туымыз.
Али: Айбынды Елтаңбамыз бар.
Аяулым: Мағыналы әнұраны.
- Елбасы, тұңғыш Президентіміз – Нұрсұлтан Назарбаев.
Ел Тәуелсіздігінің ең басты белгілерінің бірі – оның өзіне ғана тән мемлекеттік рәміздерінің болуы. Кеңестік дәуірде де одақтас республикалардың бірі ретінде Қазақстанның Туы, Елтаңбасы, Әнұраны болды. Бірақ бұл толық дербестігімізге, егемендігімізге кепілдік бере алмайтын еді. Біз одақ құрамындағы бодандық құрсауындағы ел едік. Еліміз толық тәуелсіздікке 1991 жылы ғана қол жеткізді.
Неге мемлекеттік рәміздерге осынша мән беріліп отыр? Өйткені Отанға деген сүйіспеншілік, ел тарихына құрмет мемлекеттік рәміздерге деген құрметтен басталады. Тәуелсіз Қазақстан рәміздері біздің болашағымыздың, еліміздің орнықты, оң үдерісте дамуының ерекше белгілері.
Мемлекеттік рәміздер 1992 жылы, 4 маусымда қабылданды
Туға сипаттама : Ту көгілдір түсті мата, ені 1 м, ұзындығы 2 м, Авторы – Шәкен Ниязбеков. Ортасында 32 шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген. Көгілдір түсті, төрт бұрышты мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек, Тік шолақ түрінде нақышталған.
Елтаңбаның авторлары - Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Мемлекеттік елтаңбаның басты нышандық белгісі: уықтар көтергеншаңырақ боп табылады. Уықтар ол Қазақстан территориясында өмір сүретін барлық ұлт өкілдерін көрсетеді. Яғни Қазақстан территориясында өмірсүретін 130 дан астам ұлт өкілдері бір шаңырақтын астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр дегенді көрсетеді.
Мемлекеттік әнұран
Әнұран –Гимн (грек тілінде) – ерекше, барынша манызды жағдайларда орындалатын салтанатты ән
Әнұран - Гимн – сөзден тоқылған мемлекеттік туы.
- Әнұран жайлы ақпаратпен бөлісетін болсақ алғашқы гимн 1992 жылы желтоқсан айында қабылданған. Қазіргі Әнұранымыз 2006 жылы қаңтар айында қабылданды
Мемлекет басшыларын қарсы алу және шығарып салу кезінде сол елдердің Әнұрандары орындалады. Бұл – мемлекеттің екінші мемлекетке ресми түрде көрсеткен жоғары дәрежедегі құрметі.
Сергіту сәті:
Ақ көгершін, көгершін,
Қол қанат құс сен едің.
Бар кезіп қайт, ел үшін,
Кең дүниенің көлемің.
Әділеттің құсы деп,
Көз алмастан жолыңнан,
Ұшырамын қолымнан.
-«Қазақстан Республикасының мелекеттік рәміздері туралы қандай тақпақтар білесіңдер?»
Аяулым: Рәміздерім-елдігімнің белгісі,
Білу керек-бала-дағы ең кіші.
Рәміздерім-Әнұран,Ту, Елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
Айым Ж.Әнұраны елімнің
Шақырады бірлікке.
Егеменді халқымның
Болашағы бірлікте.
Жақсы жауапты баса сал
Екі жақтан көмкерген.
Малика:Қазақстан жалауы
Азаттықтың алауы.
Желбірейді аспанда,
Отан орны асқарда.
-Өте жақсы балалар, енді біз рәміздер туралы көп білдік.
Қорытынды:Сондықтан біз балалар бір-бірінді татулыққы, достыққа шакырайық.
Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз..
Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.
Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы.
Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады. Құрметті оқушылар! Сендер тәуелсіз еркін елде ер жеткен ұлансыздар. Ендігі жерде еліміздің тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елімізді жоғары дамыған елдер қатарына енгізетін мына сендерсіңдер. Ол үшін сендер терең әрі жан – жақты білім алу керексіңдер, – дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз