«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ханталапай" ойыны

31.05.2019

«Ханталапай» ұлттық ойыны

Қазақ халқымыз ертеден бала тәрбиесіне жете мән беріп, оларды батыл, ержүрек, шыдамды етіп тәрбиелеуге аса зор мән берген деседі. Ол үшін ең алдымен салт-дәстүрімізді, ұлттық ойындарымыз бен мәдениетімізді, отанымызды сүюге баулып, оларды ұмытпай жалғастыру болып табылады.

Сондай ұлттық ойындарымыздың бірі «Ханталапай» ойыны. Бұл ойын ежелгі ата-бабаларымыздан бері келе жатқан ең көне ойындардың бірі. Бұл ойынды ойнау үшін төрт түлік малдың асығы  оның ішінде қой мен ешкінің асығын алған. Балалар бұл ойынды үлкендердің басшылығымен ойнайды. Бұрын бұл ойын ауыл балалары үшін кешкі уақытта қызығып ойнайтын жәй ойын ретінде қолданылып келсе, қазіргі таңда ұлттық спортымыздың біріне айналған.

  «Балалық шақ» республикалық орталығы мен облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен жыл сайын «Ханталапай» байқауы өткізіледі. Ойынның негізгі мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлауын дамыта отырып, қазақ халқының мәдениетін, жоғалып бара жатқан салт-дәстүрлерін таныстырып, жаңғырту болды.

Міндеті:

-балалардың танымдық белсенділігін арттыра отырып, жеңіске деген құлшынысын , отанға, елге, туған өлкесіне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Ойынға керекті заттар: ұлттық нақышта безендірілген ойын алаңы, қой малының асықтары, оюлы қоржын т.б. заттар пайдаланылды.

Ойынға берілетін негізгі уақыт 25 минут. Қатысушылар осы аз уақыт аралығында өздерінің алғырлығын, шапшаңдылығын,шыдамдылығын көрсетіп, жеңіске жету. Бағалау критериялары екі түрде болды, бірі бейнетаспа, екіншісі фотоколлаж. Біз де осы байқаудың аудандық кезеңіне қатысып, облысқа жолдама алдық, нәтижесінде «Ең үздік бейнетаспа» номинациясы бойынша ІІ орынға ие болдық. Жас келсе іске демекші, осы байқауға қатысқан жас та болса, бас тарпай қатысып, ойынды өткізген тәрбиеші Азатбек Сәттігүл мен бейне таспаға түсірген есепші Бағдал Еркін.

Осы «Ханталапай» облыстық (сырттай) байқауынан балабақшамыз «Ең үздік бейнетаспа» номинациясы бойынша жүлделі ІІ орынға ие болды.

Бұл ойынға балаларымыздың жастайынан қатысуы олардың болашақта алғыр, шыдамды болып өсе отырып, ширақтылыққа, ұстамдылыққа, дәлдікке тәрбиелеу болып табылады. Ата бабаларымыз «Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар» деп айтқандай әр балаға жеткілікті түрде тәрбие мен білім берсек, бұл болашағымыздың жарқын әрі мықты болатынының кепілі. Осындай ұлттық ойындарымызды балабақшадан бастап дағыландыра берсек, асық ойынын ойнауға деген ынталары мен ұлттық ойындарымызға деген қызығушылықтары ерте кезден бастап дами бермек. Қорыта айтатын болсақ, жас ұрпақтарымыздың алар шыңы мен шығар биігі көп болып, асығы алшысынан түссін деп тілейміз!

Просмотров: 762


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст