«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық сабақ

29.05.2019

Ұйымдастырылған  ашық оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

 

Апта тақырыбы:Елін сүйген , ер болар

Білім саласы: Таным

Бөлімі: Жаратылыстану.

Тақырыбы: «Қамқорлық жасау » дегенді қалай түсінесің?

Мақсаты: а) Слайд көрсету арқылы «Қамқорлық»түсініктерін қалыптастыру.

ә)Әңгімелеп беруге, мұқият тыңдауға дағдыландыру.

б)Адам,табиғат, құстарды қастерлеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, Сұрақ-жауап, Сергіту сәті.

Көрнекілігі:   Үлестірмелі корточкалар, нұсқау қағаздар, Слайд.

Үш тілді компонент:Қамқорлық-забота-care

 

Оқу іс-әрекет кезеңдері

 

Тәрбиешінің іс-әрекеті

 

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

 

Шаттық шеңбері

Үлкенге де-сіз,

Кішіге де-сіз.

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем айларын атап беріндерші!

-Қазір көктемнің қай айы?

 

Слайдбойынша балалардың ойларымен бөлісу.

 

Балалар шаттық шеңберіне тұрып өлең жолдарын айтады.

 

 

Көктем

Наурыз,сәуір , мамыр

Мамыр айы.

 

Гүлдерге су құйып жатыр.

Құстарға жем беріп жатыр.

Бақшаны тазалап жатыр.

 

 

 

Ұйымдастыру-

шылық-

ізденістік

 

-Балалар «қамқорлық» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

-Балалар біз бұның бәрін бір сөзбен «Қамқорлық жасау» деп айтамыз.

-Ендеше, бүгін біз қамқорлық туралы әңгімелейміз.

-Балалар «Қамқорлық» деген сөзді үш тілде айтып беріңдерші!

 

-Сендер кімге қамқорлық жасай аласыңдар?

 

Үлестірмелі карточкамен жұмыс:

 

 

Сергіту жаттығуы: Қимыл-қозғалыс жаттығуы.

 

 

 Ойын «Дұрыс ба?, Бұрыс ба?»

-Өсімдіктерге су құйған дұрыс ба?, бұрыс ба?

-Құстарға тас лақтырған дұрыс ба?

-Өзен ,колдерге қоқыс лақтыру дұрыс ба?

-құстарға жем шашу дұрыс ба?

-Ағаштың бұтақтарын жұлған дұрыс ба?

-Гүлдерді жұлған дұрыс ба?

 

 -Біреуге көмектесу, қиын сәттерде қол ұшын беру.

 

 

 

 

Қамқорлық-забота-care

 

-Құстарға, достарымызға, табиғатқа.

Суретке қарап кандай қамқорлық жасайтындары туралы айтып береді.

 

Балалар тақтаға  қарап қимыл-қозғалысжаттығуын жасайды.

 

 

Алдарына берілген қызыл,  (дұрыс)  көк (бұрыс) түсті нұсқаулар арқылы көрсетеді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексиялық-

түзетушілік

 

Қорытындылау.

Бейнебаян «Табиғат – адамзатқа аманат!»

-Балалар өздерің көргендей біздің еліміздің табиғаты қандай керемет!

-Біз оны аялап, суйіп, қамқорлық жасауымыз керек.

-Ендеше мен бүгінгі оқу іс –әрекетімізді жақсы бір мақалмен қорытындылағым келіп тұр.

«Елін сүйген- ер болар»

 

 

Бейнебаян көреді.

 

 

 

 

Тәрбиешінің сөзін мұқият тыңдап, мақалды қайталау.

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Суретке қарап өз ойларын айтуды.

Игереді:Табиғатқа қамқор болуды үйренеді.

Меңгереді:Қамқорлық туралы толық мәлімет алады

Просмотров: 549


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст