Бүгінгі балалар – болашақ ересек адамдар. Оларға осы уақыттан бастап табиғатпен жақын таныса отырып, құстар туралы білімдерін кеңейтіп, оларға қамқорлық жасауға үйретіп тәрбиелеу біздің міндетіміз.
13-17 мамыр айынын аралығында балабақша бойынша «Құстар –біздің досымыз» тақырыбымен апталық жоба өтті.
Мақсаты: Құстар туралы білімдерін бекіту, оларға көмек көрсетуге үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту.
Жоба бойынша тәрбиешілер бір апта бойы балалармен әр түрлі құстар туралы іс-шараларды өткізді. Атап айтсақ: тәрбие сағаттары, серуендер, әңгімелер, қимылды ойындар және ата-аналармен жүмыс жүргізілді. Тәрбиешілер бейнефильмдер, слайд, ертегілер, жұмбақтар арқылы балалардың қызығушылықтарын оятып қызықтырды балалар күнде құстар жайлы әр түрлі, қызықты мәліметтер алды.
Ата-аналарда белсенді қатысып, балабақша өмірінен тыс қалмады. Ата-аналарға үй тапсырма берілді, үйде де балалармен әңгіме жүргізіп отырды. тапсырманы жауапкершілікпен орындап. Ата-аналар осындай қызықты өткізген іс-шараға риза болды. Әр ата-ана өзінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Біз балабақша ұжымы барлық ата-аналарға алғысымызды білдіреміз.
Осымен «Құстар-біздің досымыз» атты апталығы ойдағыдай аяқталды.
Балабақшадағы тәрбие бағдарламасына сәйкес балаларды табиғатпен таныстыру барысында өзара байланысты білімділік және тәрбиелік міндеттер жүзеге асырылды.