«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Жеңіс туы желбіреп"- тәрбие сағаты

20.05.2019

                                         Жеңіс туы желбіреп

Мақсаты: Балаларды адамгершілікке , отанын сүюге , оны  қорғауға  баулу. Балаларды Ұлы отан соғысымен , Қазақстандықтардың  ерлік істерімен таныстырып, ой өрісін дамыту. Балаларды үлкен кісілерді силай білуге оларды  қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  Буклеттер . Батырлардың суреттері, слайд .

Шаттық шеңбер:

Көк аспанда күн күлсін                                                                                                             
Бірге күлсін бүлдіршін.
Ұл қолында ту жүрсін,
Қыз қолында гүл жүрсін!
Бірге күлсін бүлдіршін.

 

Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік  Әнұраны орындалады.

1941 жылы  22 маусымда  соғыс басталды. Дүние  жүзін қара  бұлт  торлады  - Ия, сұрапыл соғыс ешкімді аямады.  Ана жарынан  айырылды , бала әкесінен айырылды,  Бірақ  үміт оты еш өшкен жоқ,  Бала әкесін күте берді, күте берді. Осы  соғыста  Кеңес одағының  басқа да   Республикаларымен  бірге  біздің Қазақстан  Республикасы да жан аямай шайқасты.

(Соғыс жүріп  жатқан сәттен Бейне баяннан үзінді  көрсету).

Ұлы Отан соғысына  қатысқан  батырларымыз : Бауыржан  Момышұлы , Мәншүк  Маметова , Әлия  Молдағұлова,  Мәлік Ғабдуллин , Талғат Бегелдинов ,   ел алдындағы борыштарын өтеп , еліміздің амандығын жеріміздің  тұтастығын  қорғап  қалған ерлерге тағзым етеміз  Олар еліміздің жарқын болашағын , жас ұрпақ өмірін , халықтың бақыты мен қуанышын сақтап қалды . Ардагерлер ерлігінің арқасында   біз осы күнге жеттік  Біздің өз қалауымызбен  еркін өмір сүріп , шаттана  күлгеніміз  бәрі де сол Ұлы Отан  соғысы  жеңісінің жемісі.  Дүние жүзі,  халық бостандық алды. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Соғыс аяқталды.

Осы кісілерге құрметпен бас иеміз . Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен  апаларымыздың  рухына  бас иіп, еске алайық. Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп , кеудесін оққа тосқан  боздақтарымызды  бір сәт үнсіздікпен еске алайық  (1мин үнсіздік)

 Балалардың орындауында  «Мәншүк апай» әні

 Ал балалар жеңіс күніне арнап жаттап келген тақпақтарыңды  айтып беріңдер

Әсель

Әлияны бұл күнде

Барлық бала біледі

Әлия атты көңілде

Әпкеміз деп жүреді.

Нұрсипат

Мәншүк апай батыр қыз

Ардақтаймыз атын біз

 Ұқсап Мәншүк апайға

Өсіп келе жатырмыз.

Беколжас

Жеңіс келді далама

Жеіңіс келді қалама

Жеңіс келді әке боп

Елдегі көп балаға .

Рамина

Жүйрік озар әйгілі

Күні бүгін бәйгенің

Ура ,ура балалар!

Тоғызыншы май бүгін.

Балалар орнымыздан тұрып  «Жирма сегіз батыр жыры » әнін  орындайық.

9-мамыр Жеңіс күні –бүкіл әлем  бойынша үлкен мейрам . Біздің бейбіт өмір сүруіміз үшін жанын қиған , ерлікпен қаза тапқан  ата – әжелеріміздің есімін ешуақытта  ұмытпауымыз керек  Жеңіс күні құтты болсын . Күндіз күлкі, түнде ұйқымыз тыныш болсын.

Кәне балалар орнымыздан тұрып «Жеңіс туы желбіреп» әнін  орындайық.

Біздер  соғысқа қатысып батыр болмайық . Біз бейбіт өмірдің батырлары  болуға  тырысайық . Ел үшін аянбай еңбек етіп. Өз жеріміздің патриоттары болайық.

Мәнгілік алауға  гүл  шоқтарын  қою салтанаты.

«Соғыстан қайтқан салдаттар » әні    (жәймен ойнап тұрады).

Осымен «Жеңіс туы желбіреп»  атты тәрбие сағаты аяқталды.

 

Просмотров: 2184


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст