«Балалардың арманы»
Жалпы балабақшада тәрбиеленіп жүрген әрбір тәрбиеленушіге адамгершілік тәрбие берудің басты құралы ол өнер деп есептеймін.
Ал, осы өнерді үйретіп, балаларды әдемілікке, әсемдікке үйретуде, олардың бойларына адамгершілік пен әдептілікті, шығармашылық ізденістерін жетілдіруге балабақша педагогтарының берері мол. Аудандық балабақшалар арасында өткізілген «Баланың арманы» атты сурет көрмесі өтті. Осы сурет көрмесіне «Балдырған» мектеп- балабақша атынан даярлық пен ересек топтарының балалары қатысты. Ұйымдастырған аудандық сурет көрмесінен жеңімпаздары анықталды, атап өтсем Бесембек Алмаз пен Сайланова Аяна Гран При жеңіп алса, Қайратова Жұлдыз белсенділік үшін Грамотаға ие болды.Ұжымның сенімін ақтап «Балдырған»мектеп- балабақшасының абыройын асқақтатып, тәрбиеленушілеріміздің биіктерден көрініп, бағындырар белестерінің алда екеніне сенімдіміз.