«Балдырған» мектеп-балабақшасы» КММ
Сегізінші наурыз мерекесіне орай «Анаға бас иеміз!» атты ертеңгіліктердің өту жайлы ақпарат
2021-2022 оқу жылы
Наурыз айынның 01-04 наурыз күндері мектеп-балабақшада жылдық оқу-тәрбие жоспары бойынша Халықаралық әйелдер күніне орай іс-шаралар өткізілді.
Мақсаты: Тәрбиеленушілерге 8-наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын құрметтей білуге тәрбиелеу.
Директордың қатысуымен кеңесте іс-шаралардың жоспары талқыланып, бекітілген болатын. Жоспар бойынша топтардың жас ерекшеліктері ескерле отырып белгіленген іс-шаралар толық өткізілді.
Эпидемиалогиалық ахуалға байланысты кіші топтардың бүлдіршіндері жеке бөлек топтарын безендіріп, мейрамды әртүрлі көңілді ойынмен және аналар туралы әндермен өткізді.
Мерекеге орай музыка залы безендірілді. Жылдан жылға тәрбиешілерде, балаларда өздерінің өнерлерін шыңдай түсуде. Әр топта ертеңгіліктің өзіндік ерекшеліктері болды. Топтың барлық балалары аналарына арнап әннен, биден шашу шашты. Ортаңғы топтар сүйкімді билерімен көрермендерді қуантты, ересек топтардың ер балалары «Әжелер» қойылымын ұсынып келген қауымды біраз күлдіртті. Мектепалды даярлық топтарын ерекше атап кетсек артық болмайды, тәрбиеленушілердің өнерлері жоғары деңгейде болды. Барлық топтардың тәрбиеленушілері өте жақсы дайындалған, өздерінің тәтті бал тілдерімен ән шырқап, аналарына арналған өлең шумақтарын айтып берді, сонымен қатар бүлдіршіндер аналарына арнап жасаған сыйлықтарында табыс етті. Эпидемиалогиалық ахуалға байланысты барлық карантиндік ережелер сақталып, жиналған ата-аналар балаларының өнеріне дән риза болып, өз алғыстарын білдіріп тарқасты. Ертеңгіліктеріміз өте тартымды, қызықты, думанды өтті, тәрбиешілер өз мақсаттарына жетті. Сонымен қатар әріптестерімізге арнап шағын концерт ұйымдастырылды.
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі
орынбасары: Бекбаева З. Д.