Мақсаты: Педагог кәсібінің мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар педагогтерді анықтау, педагогтардың кәсіби, біліктілік, тұлғалық деңгейлерін арттыруға және іс- тәжірибелерімен алмасуға жағдай жасау.
2018-2019 оқу жылында «Үздік педагог-2019» атағын беру мақсатында өткізілетін аудандық кезеңге қатысатын педагогты анықтау мақсатында мектеп- балабақшада «Үздік пеадгог-2019» байқауы өткізілді. Байқауға 5 педагог қатысты. Олар:
1. Болатбек Айбөпе – мектеп- балабақшаның музыка жетекшісі
2. Азатбек Сәттігүл- «Ақжелкен» ІІ кіші тобының тәрбиешісі.
3. Каменова Жанар Забинуллақызы- мектеп- балабақшаның педагог- психологы.
4. Жарқынова Әсем Абаевна – «Балдәурен» ересек тобының тәрбиешісі.
5. Киккаринова Шынар Бағдатқызы- «Еркетай» ересек тобының тәрбиешісі.
Қатысушыларымыз 3 кезең бойынша бақтарын сынады.
1 кезең –Мамандық таңдадық ойлана,
Балалық шаққа айтамыз «Иә!» 5 минут
Мақсаты: Өзін-өзі және мамандығы мен өзінің мектепке дейінгі ұйымын таныстыру
Бағалау критерийлері:
1.Таныстыруда мамандық спецификасының көрсетілуі
2.Ерекшелік, әртістік, таныстырудың музыкалық муызкалық ресімделуі
3.Ішкі және сыртқы педагогикалық мәдениеттілігі
2 кезең- Бақшаға біз барамыз,
Пайдалы іске тартамыз.
Мақсаты: МДҰ-да ұйымдастырылған оқу үрдісін жүргізу. 15 минут
Бағалау критерийлері:
1. Жасқа және білім немесе оқу жоспарына сәйкестік
2.Сабақтарда инновациялық әдістер, технологиялар және бағдарламалар қолданысы
3.Педагогикалық техника және педагогикалық шеберлік
4.Тәрбиеленушілердің өздерін зияткерлік- шығармашылық жақтан көрсетуіне жағдай жасау.
3 кезең – Шығармашылық зертхана. 7 минут
Бағалау критерийлері:
1.Материалды таныстыру кезіндегі ерекшелік пен шығармашылық
2.Көрме бөлімінің болуы
3.Заманауи білім технологияларының қолданысы.
4.Зерттеулік жұмыстары
Әр қатысушы өзінің жан- жақты іс- тәжірибесін, көрсетуге тырысты. Әр кезеңге жауапкершілікпен қарап, критерийлердің орындалуына көңіл бөлген. 3- кезеңде бәрінде көрме ұйымдастырылған.
Әділ –қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар анықталып, Грамоталар мен сыйлықтар табысталды. Байқау қорытындысы бойынша, ІІІ орынды Киккаринова Ш. Б. мен Болатбек А, ІІ орынды Азатбек С., І орынды Каменова Ж. З. жеңіп алды. Ал Гран При мен аудандық кезеңге жолдаманы Жарқынова А. А. жеңіп алды.
Ұсыныс: келесі оқу жылында байқауды өткізіп, бірнеше педагогтарды тарту.
3- кезеңде жүйелілікке көңіл бөлу.