Пролог "Ата мен бала"
Автор: Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, жерден қар кетіп, жердің түрі түрленіп тұрған уақытта, күннің сәулесі көктен қыздырып, жер – ананың денесі бусанған шақта, көңілді «Көктем» атты патшалық болыпты.
Бұл патшалыққа да жадырап «Наурыз» айы келді. Дүние жаңарды. Көк жетіліп, әлем құлпырды.
Осы құлпырған, көңілді патшалықты еліне сыйлы, ақылды хан басқарыпты. Ол ханның қайсар да қайратты 7 ұлы, ай десе аузы, күн десе көзі бар 7 қызы болыпты.
«Көктем» патшалығы қандай үлкен болса, сол зәулім ғимараттың іші мейірім мен шапағатқа толы үлкен махаббаттан тұрады екен.
Сол патшалықты басқарған хан өз ұлдарының ішінен мұрагерін іздейді. Сөйтіп оларды сынамаққа бел буды.
Хан:
Ұлдарым мен қыздарым! Мен қартайдым, сендерге қояр талабым бар. Соны орындағандарың менің мұрагерім боласыңдар. Кімнің өнері мен ақылы көркіне сай болса, сол менің мұрагерім болып, осы патшалықты басқарады.
Автор: Хан ұлдарын қасына жинады.
Хан: Балам, үйдегі алтын қазық кім?
Баласы: Үйдегі алтын қазық – бала. Ол – мен.
Хан:
Жоқ балам, үйдегі алтын қазық сен емес, ол – ана.
Ана ақылды болса, бала дана болады.
Ана тәрбиесі – қызға үлгі.
Ана сыйламағанның ақылы кем.
Ананың мейірімі – көзінде, ақылы – сөзінде.
Патшаға абыз қария келеді.
Қария: Дат, тақсыр!
Хан: Датың болса, айт!
Қария:
Менің айтпағым балаларыңда. Балам, жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?
Бала: Ата ашты тоқ, жоқты бар ететін мейірімді әке.
Қария: Жоқ, балам! Әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек. Жоқты бар, ашты тоқ ететін – ол ана. Анасыз бала ұйықтамайды. Қатықсыз айран ұйымайды.
Хан: Жоқ, сендердің жауаптарыңа менің көңілім толмады. Ханзаданы шақырыңдар!
Бала: Алдияр әке, не бұйырасыз?
Хан: Өнеріңді көрсет.
Бала:
Ана! Ана!
Не деген қастерлі, қасиетті сөз едің.
Осынау үш әріптен тұратын ұлы сөздің түбірінде қаншама ұлы сезім, ұлы құдірет жатыр десеңізші. Ананың ыстық алақаны жүрекке жылы тиіп, әр сөзі адамзат баласына өшпес нәр береді. Дүниеде ана қадірлі.
Автор:
Осы патшалықтағы аяулы ана алыста тұратын бауырының үйінде болатын. Үйге бір аптадан кейін оралды. Үйге кірісімен қыздары бірінен соң бірі аналарын қалай сағынғандарын айта бастады.
1 - қыз: Анашым, мен сені күн сәулесін күткен көкнәр гүліндей сағындым.
2 - қыз: Анашым, мен сені бір тамшы суды аңсаған шөл даладай күттім.
3 - қыз: Мен енесін сағынып шырылдаған кішкентай балапандай болып жыладым.
4 - қыз: Мен сенсіз гүл таппаған ара сияқтымын.
5 - қыз: Сен менің түсімде раушан гүлінің түсіне енген шық тамшыларындай болып көріндің.
6 - қыз: Шие бағын іздеген бұлбұлдай мен сенің жолыңды қараумен болдым.
Автор: Жетінші қызы үндеген жоқ. Ол анасының қолын жуу үшін су әкеліп берді. Анасының асын даярлап, алдына ас қойып, шәй құйып берді.
Ана: Қыз – қызғалдақтарым менің! Бәрінен де мені ең кіші қызым қатты сағыныпты.
Виталина: Бізге осы жарық дүниені сыйлаған кім?
Бәрі:- Ана.
Виталина : Түн ұйқысын төрт бөліп, бөбегін бөлеген кім?
Бәрі: – Ол – мейірімді ана.
Виталина: Құрметті де ардақты, аналар! адамға өмір нәрін себуші құдірет иесі сіздер! Біз мәңгілік сіздердің алдарыңызда борыштармыз. Бүгінгідей мерекеде балапандарыңыздың қызметін, құрметін қабыл алыңыздар! Бүгінгі ән, би, бәрі де сіздер үшін.
Жүргізуші:
Әйел – сұлу, әйел – Ана, жалғаушы,
Арманымен әлем шарлап самғаушы.
Қанаттарың ешқашанда талмасын,
Көркемдіктің көрмесіндей таңдаушы.
Музыка әуенімен балалар залға билеп шығады.
Қ. Ислам:
Ана десем алғыс алам халқымнан
Ана десем теңіз болам шалқыған
Ана десем ,ашылады қабағым
Ана десем әділдікті ұғамын
Біз ғана емес Қадір тұтқан бабалар
Аналардаң туған небір даналар
Ана деген тіршіліктің тірегі
Армысыздар, қасиетті аналар!
Диляра:
Дорогую свою маму
Поздравляю с женским днем.
«Лучшей мамы нет на свете»-
Прошепчу ей перед сном,
Дарит мне она конфетки,
Даже отдает свои,
Обниму ее я крепко
И признаюсь ей любви!
М.Ислам:
I love you mommy
My dearest mommy
You make me happy
When I am sad
I want to tell you
I really love you!
When I am with you
I am so glad!
Хор: «Анашым»
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар, асыл әжелер, аяулы аналар, қызғалдақтай құлпырған арулар! Сіздерді көктемнің келуімен және 8 Наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!
«Жаным»дейсің мені,
Жаратушым-бір сен .
Жалғыз өзің,тегі,
Жанашырым білсең,
Айналайын ана!-деп «Мирас» тобының «Шуағын шашқан - аялы алақан» атты ертеңгілігіне хош келдіңіздер.
Жүргізуші:
Алла деп ашқан соң, өмірдің есігін,
Анашым әлдилеп, тербетті бесігін.
Құлаққа жағымды нәзік ол үнімен,
Тербетсін, тербетсін әр ана бесігін.
-дей отырып алғашқа құттықтау сөзін «Балдырған» мектеп-балабақшасының директоры Р.З. Ақпентаеваға беріледі.
Жүргізуші:
Айналдым ана деген асыл аттан,
Шуағын бар әлемге жарқыратқан.
Ойнап жүрген құлынын даладағы,
Үйде отырып даусынан ажыратқан.
Ортаға: Ш. Ислам, Адия, Батыржан , Айғаным, М.Ислам, Диляра. Виталина,
Ш.Ислам:
Құттықтаймыз аналарды, қыздарды,
Мерекеден шуақты бір із қалды.
Болсын әркез көтеріңкі көңілдер,
Нұрын шашсын мерекеге өңірлер!
Дүниеде ең кемеңгер дананы,
Ана табады, аялайды бағады.
Сол үшінде құдіретіңе бас иіп,
Құрметтейік қасиетті – ананы
Айғаным:
В этот светлый добрый день
Мамочку поздравляю.
И любимые цветы
В вазочку поставлю.
Чтоб улыбкой расцвела,
Милая, родная.
Хорошо, что у меня.
Адия:
Менің анам ардақты,
Алтыннан да салмақты
Жақсы көріп баласын,
Мәпелейді анашым
Жақсылыққа шақырып,
Жамандықтан тыяды.
Мейіріммен тәрбиелеп
Иман нұрын құяды.
Елнұр: анг
Батыржан:
Өзіңсің ғой өмірімнің тірегі.
Аман жүрсең - маған сол гой керегі.
Бақытты бол, ауырма деп тілейді
Сәбиiңнiң жұдырықтай жүрегі!
Виталина:
Анашым!
Қайда жүрсем сен - күш, арым,
Сүйемін дидарыңды, мен құшамын.
Қайда барсам, өзіндей қарсы алады,
Кең байтақ Отанымның кең құшағы.
Жүргізуші:
Әркімніңде өмірден аласы бар,
Аласы бар, адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Ән жолдайтын аналардың баласы бар.
Ән: «Мама сен бақытты анасың» орн: Еркежан, Виталина, Айғаным, Жансая, Диляра
Жүргізуші: Бүгін біздер қадірлі де ардақты асыл әжелерімізді ерекше атап құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» деп халқымыз текке айтпаған. Олай болса, әр үйдің қазынасы, сіздер аман болыңыздар.
Келесі орындалатын жылы лебіздер сіздер үшін, әжелер.
Ортаға : Алим, Арсен, Еркежан, Аянат, Нұрасыл, Жансая.
Арсен:
Әжем менің,ақ әжем
Аппақ әжем,пәк әжем
Басқалардай емессіз
Сүйкімдісіз ақ әжем.
Аянат: анг
Алим:
Өзің мені өсірген
Айналайын ақ әжем
Тентек болсаң кешірген
Шөлдедің бе,дана әжем
Шай қайнытып берейін
Шекер салып жан әжем
Өзім құйып берейін
Балдай тәтті бал әжем!
Еркежан:
Моя бабушка родная,
Лучшая на свете.
Самая красивая,
На всей большой планете.
Сегодня я бабулечку,
Нежно поздравляю,
С прекрасным 8 Марта,
И счастья ей желаю!
Диляра:
Ана- мерген, нағыз батыр ол- ана,
Ана- сенім, пана болар балаға.
Бақыт деген анаңның алақаны
Жылытар әрдайым тоңғаныңда.
Жүргізуші:
Әжелер осылайша жүзге жетсін,
Ұл-қызың енді өзіңді ерекелетсін,
Әрқашан шаттықтардан орын алып,
Уайымның не екенін білмей өтсін-дей келе ақ жаулықты әжелеріміздің құрметіне Алим, Адия, Нұрасыл, Аянат немерелеріңіздің орындауындағы «Ата, әже» әнін қабыл алыңыздар.
Ойын: «Кім жылдам? »
Жүргізуші:
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр нұр көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен, Күн-Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем!
Би: «» биін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Ана –деген өмірімнің шырағы
Өмір көзі алтын күннің шуағы
Дем беретін сүйетұғын жаныммен
Шөл далада сусындайтын бұлағың.
Хор: «Аппақ әжем»
Жүргізуші: ата-аналардың құттықтау сөзі
Жүргізуші:
Олай болса анамызды қарсы алайық.
Дауысына сүйсініп тамсанайық.
Ерке ұлдың талантына тәнті болып,
Уа, халайық, жұмыла қол соғайық!
«Ана, әке » орн: Ислам анасымен
ойын: «»
Жүргізуші:
Ана дейміз біріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын бақ.
Ән: «Анаңды сүйсең менше сүй» жігіттер
Жүргізуші:
Ана деген – бастауы ұлылықтың.
Ана деген - рәмізі сұлулықтың.
Ана деген - бір жыр бар шырқалатын,
Асқақтатар биікке ұрпақ атын –дей отырып балалардың аналарына дайындаған сыйлықтарын ұсынамыз.
Жүргізуші:
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым.
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
Ән: «Аяулы анам»
Жүргізуші:
Ана маған Күн сыйлап,ғұмыр берген,
Қасиетті Анамның тілін берген
Шарласаң да шардала күн-түн мейлі,
Артық жанды таппадым жұмыр жерден.
Хор: «Поппури»
Жүргізуші:
Ақ жүректі аналар берекеміз
Құтты болсын көктемгі мерекеңіз
Құтты болсын осы шаттық күніңіз,
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.—деп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Назарларыңызға рахмет.