Тақырыбы:"Ардақты,асыл аналар" Мақсаты: Балалардың анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып,ананы құрметтеуге,сыйлай білуге,балалардың бойындағы жеке қабілет терін-ізгілікке достықты қастерлей білуге отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Сайқымазақ: Салеметсіздер ме? Қонақтар ,аналар.Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсы!Ал біздің балалар неге кешігіп жатыр? Оларды мен өзім алып келейін.
Жүргізуші: Құрметті Асыл аналар,Ақжаулықты әжелер!
Көктемгі күндей жарқырап,гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз құтты болсын!
Құтты болсын,ардақты ана,
Асыл анам мерекең,
Құтты болсын жадыраған,
Қуанышты мерекең.-дей отыра «Ардақты,асыл аналар»,атты ертеңгілігімізге қош келдініздер!
Жүрегіңнін бір бөлшегі бала үшін.Сенен асқан жан бар ма екен, Анашым.Сәбилер тілегімен "Балапан" тобын қарсы алыңыздар. "Барбарики би"Сайқымазақпен бірге билейді. Жүргізуші: Төрле, төрлет қош келіпсіз сүйкімдіде сүйікті Сайқымазақ қонағымыз қуаныш сізбен бізге бірге болсын.
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржаннын шашайық.
Хор: Балалардың орындауында «Топ - топ балақан» әнің кабыл алыңыздар Жүргізуші: Атадан өсиет, Анадан қасиет «Әже мен немерелерінің әңгімесі» атты шағын көріністі тамашалаңыздар. Әже кіреді: Ой, қарағым бүгін мереке ғой, қонақ келіп қаламасын тез кел,әлгі менің өмірімнің қызығы немерелерім қайда? Немерелері : Сәлеметсіз бе? Әже, мерекеңізбен құттықтаймыз!біз сізге тақпақ айтып берейік.
Тақпақтар: Бағдаулет, Нұрдәулет, Айзере, Мадияр, Ернұр, Нұрали. Асель Анеля. Әже: Айзере, сен маған әже туралы ән айтып берші. Немересі жақсы әже ән айтып берейін. «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» деп бекер айтылмаған. Келесі әніміз сіздерге арналады құрметті әжелер. ЖетпісбаеваАйзеренің орындауында "Жақсы көрем әжемді" әнін қабыл алыңыздар. Немересі:Әже біз биде билеп береміз "Ладушка" биін қабыл алыңыздар. Сайқымазақ :Ой сендер әжелеріңе биді де, әнді де керемет орындадыңдар, рахметМен әжелеріңді ертіп концертке апарайын, сау болыңдар. Жүргізуші:
Бала ,бала бала деп.
Түн ұйқысын төрт бөліп.
Күндіз тыным таппаған,
Айналайын ,ақ мама. Аналарды ойынға шақырамыз. . Ойын шарты: Пародия қойамыз әнді айтып немесе пародиямен келтірулеріңізге болады . Жүргізуші:
Күнде той бола бермес дәл осындай,
Айналдым ана деген асқақ аттан. Мерекең құтты болсын анажаным,
Сыйлайыншы балалық балғын шақты.
«Цыган» биін тамашалаңыздар.
Күн кіреді: Музыкамен билеп кіреді.
Салем салем балақайлар.
Қуанындар алақайлап,
Құстар әнін ала келдім, Күннің нұрын шашып,
Тіршілік нәрін кіргізіп,
Қуанышпен бөлісуге келдім. Мерекелерің құтты болсын. Жүргізуші: Сәлеметсің бе? күн, біздің балалар аналарын дүниедегі ең жақсы күн шуағына теңейді. Көңілің-- күндей,өмірің-гүлдей Жадыра күндей жан анашым! Осы жыр шумақты арнаймыз бізде, Келіңіз жүзге, жан анашым! балалардың жыр шумақтарын қабыл алыңыздар. Тақпақтар:Арлан Мадина Амина Дәулет Алуа Айлана Аділет Аділжан. Күн:Күн шуағына бөлеп би билегім келіп тұр.? Жүргізуші: Шалқып тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Аналарды құттықтап,
Би билейміз бәріміз деп, сүйікті аналар сіздерге арнап балаларымыз, "Күн " биін билейді.
Жүргізуші: Ерлік, еңбек атқарған,
Еңбегімен мақталған.
Ел сенімін ақтаған,
Айналайын ақ анам, деп келесі ән сіздер үшін.
Айдидарлы Анашым" әнін қабыл алыңыздар. Күн: мен сендермен қызықты ойын ойнайын.
Ойын:"Қызықты шарлар. Жүргізуші: Ана дейміз, бәрімізде аңқылдап,
Ана дейді,жас сәбиде жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген,алтын қазық ,алтын бақ балалардың орындауында"Мақтаным апа"әнін
қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Аналар қалқып бақыт аралына.
Лайым мұң шалмасын жанарыңа.
Пәк сезіммен тілеймін адамдарға,
Анасының ақ сүтін ақтасын.
деп бүгінгі аналар мерекесіне арналған ертеңгілігіміз өз мәресіне келіп жетті.
Сіздерге зор денсаулық ,қажымас қайрат,әлемдегі бар жақсылықты тілейміз деп кішкентай бүлдіршіндеріміздің сыйлығын қабыл алыңыздар.