«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аналар мерекесіне арналған ертеңгілік. Тақырыбы: ««Менің анам ең жақсы»» "Жауқазын" мектепалды даярлық тобы

12.03.2019

«Менің анам ең жақсы»

Жүргізуші: Той пердесін ашайық

Тойға шашу шашайық

Аналарды құрметтеп

Ән маржанын ашайық.

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды
Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды
Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,
Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқанды

 

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Армысыздар,  аяулы аналар, гүлдей құлпырған қыздар,  әжелер,құрметті әріптестер! Көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз Халықаралық әйелдер, аналар күні  құтты болсын! Сіздерді бүгінгі «Менің анам ең жақсы» атты ертеңгілімізді тамашалауға шақырамыз.

Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті ,жан аналар!

Балалардың орындауында хор: «Ана туралыәндертоптамасы»

Жүргізуші:

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым, 
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың 
Өміріме нәрін берді ақ сүтің, 
Кең құшағың аясындай гүл бақтың. 
Ер жеткізіп елге берген баласын, 
Ақылдысың, ардақтысың, данасың! 
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме анашым

Келесі кезекті балалардың аналарына арналған жыр шумақтарына береміз.   Ортаға: Еркеназ ,Әли , Абдурахман, Бақдаулет,Гульназ,Виталий,Нурали,Айдарларды  шақырамыз.

Жүргізуші:

Баурап алар бірақ ауыз сәлемі,

Қазақ қызы әдепті де әдемі.
  Қазақ қызы –ақылына көркі сай,
  Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.
Біздің топтың сұлу қыздарының орындауында «Гүлдер фантазиясы» биін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:

Әркімнің өмірден аласы бар,Аласы бар адамның анасы бар.

Мерекесін құттықтап аналардың

Ән жолдайды сүйікті балаларың-дей отырып балалардың орындауында «Анақайда» әнін қабыл алыңы

 

Ойын: «Менсуретшімін »

Жүргізуші:

Менің әжем мейірбан,
Мені жақсы көреді.
Қажетінежарасам,  
Жасбалашакүледі. 

Әжем  менің әлі де

Ұқсамайды кәріге

Шай қайнатып береді

Біздің үйдің бәріне  дей келе балаларымыз әжелеріне арнап тағы да өнерлерің көрсетпек «Бабушки старушки» музыкалық көрініс.

  •  

Ана өмір шырағы
 Ана өмір бұлағы
 Бесігімнің жыр әні 

Жүрегімде тұрады.
Біз доспыз гүлдермен 
    Тек оны жұлмаймыз.
    Той күні бірбірден 
      Анаға силаймыз.
Кезекті балалардың жыр шумақтарына береміз.

Ортаға :Аяна,Жанарыс,Камила,Маншук,Аделя,Әбілхайырларды шакырымыз

 

 

  •  

Аяулы да алтын нұрлы анашым,

Жүрегіммен мәңгі бірге боласын.

Сен арқарсың, сен аспансың,биіксің,
Сен дархансың  сен жомартсың данасың-дей отырып Айдар,Еркеназ,Жанарыс,Аяналардың орындауында  «Анашым » әнің қабыл алыңыздар.

Ойын : “Аналарменби

Жүргізуші: Қариясы бар үйдің, қазынасы деп бекер айтпаған. Қазыналы әжелерімізді бүгінгі мейраммен құттықтаймыз

Сөзімді дұрыстайтын, әже, 
Айғайлап ұрыспайтын, әже. 
Қыдырса, ерте кететін, әже, 
Ылғи да еркелететін, әже, 
«Алысқа кетпе» дейтін әже, 
Келмесем өкпелейтін әже, 
Ойынға досым шақырып тұр 
Апама айтпай, жібересің бе, әже! 

Балалардың орындауында « Аппақ  әже» әнің қабыл алыңыздар.

  •  

Шалқып тасып әніміз,
 Жадырасын жанымыз.

   Аналарды құттықтап,
      Би билейміз бәріміз.
Сүйікті аналар сіздерге арнап  балаларыңыз  би билейді.
«Заманауи биі»

  •  

Еркелеймін шаттанам

   Жарқын күлкің бақ маған
    Ақ бетіңнен сүйейін
     Келші келші ақ мамам
 Бал бөбегін баптаған
    Мамам үшін мақтанам
    Ақ бетіңнен сүйейін
    Келші келші ақ мамам.   Ер балалардың орындауында  « Аналар алтың» әнің қабыл алыңыздар.
 

 

  •  

 

Ана-бала, бала-ана бір ұғым,

Бір-бірінсіз жоқ олардың бақыты.

Омыртқаның үзбеу үшін жұлынын,

Екеуінің бірге өтсін уақыты.

Балалар өздерінің аналарына арнап жасаған ашық хаттары мен гүл шоқтарын табыс етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 882


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст