«Айналайын Анашым»
Мақсаты:Аналарды сыйлауға, құрметтеуге үйрету, мейрімділікке баулу.
Шығармашылық жұмыстар жасай отырып балалардың ой- өрістерін дамыту. Аналарына арнап ән айтуды сыйлықтар жасауды үйрету. Балаларға мерекелік көңіл – күй сыйлау.
Қолданылған құралдар:микрофон, музыкалық аппаратура, проектр, ноутбук.
Көрнекі құралдар: слайд,гүлдер, сыйлықтар, кейіпкерлер.
Зал іші мерекеге сай безендірілген. Көңілді әуен ойнап тұрады.
Жүргізуші: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық, алтын бақ.
Құрметті аналар, қымбатты әжелер, қадірлі қонақтар! Көктемнің алғашқы мерекесі 8- наурыз Халықаралық әйел-қыздар мерекесі құтты болсын! Көктем күні ерекше,қуаныш толы күндерге. Соның бірі бүгінгі аналар мейрамы, «Айналайын Анашым» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
деп « Еркетай»тобының балаларын қарсы алайық.
(Балалардың жүздерінде қуанышты күлкі бар, келіп шеңбер болып тұрады).
Жүргізуші:
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық деп, - балалардың «Аяулы анашым» әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Жасыл көктем сен көктем,
Гүлді гүлмен өрнекпен.
Ел бақытты мейірлі,
Балалары әндеткен,
Төрлет көктем жоғары деп көктемді қарсы алайық
(Музыка әуенімен залға көктем кіреді).
Көктем:
Сәлем,сәлем балақайлар!
Ақ әже назды апайлар,
Мол бақыт ала келдім,
Қуанып алақайлар.
Жерге кілем жаба келдім,
Құстар әнін ала келдім,
Жүргізуші: Сәлеметсіңбе, ару көктем ! Хош келдіңіз, бізбен бірге балалардың өнерін тамашалаңыз.
Көктем:Жарайды мен де сендердің өнерлеріңді көріп тамашалайын.Жүргізуші:
Ақ анашым аппағым,
Өзің жайлы тақпағым.
Арналады сіздерге
Бар баланың тақпағы – деп балалардың тақпақтарына кезек берейік.
Айдана, Айлана, Александр, Адель, Алмаз, Дария, Мирас,Ясмин,Темирлан.
Жүргізуші:
Бәрі де, ана,бір өзіңнен басталады,
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды,
Еркелесем ,бір өзіңе еркелеп,
Жасқандымба, тек өзіңнен жасқандым деп-Ясмин,Эльдар,Алмаз,Альбина,Алуалардың орындауындағы« Апатайым» әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Шалқып тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Аналарды құттықтап,
Би билейміз бәріміз деп, сүйікті аналар сіздерге арнап қыздарымыз би билейді
«Гүлдер» биі.
Жүргізуші:
Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелерімен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» деп бекер айтылмаған. Келесі әніміз сіздерге арналады құрметті әжелер. «Аппақ әжем» әнін орындап береді.
Жүргізуші:
Ана- ол біздің ардақты адам,
Кіші де, үлкен де оны ардақтаған, деп балалардың тақпақтарына кезек берейік.
Нурали, Алуа,Санжар,Әсет,Кира,Эльдар,Бекболсын,Мадияр,Аяна,Айлин.
Көктем: Балалар мен сендермен «Кедергілерден өтіп аналарға гүл сыйлау» ойынын ойнағым келіп тұр.
Жүргізуші:
Ерлік, еңбек атқарған,
Еңбегімен мақталған.
Ел сенімін ақтаған,
Айналайын ақ анам, - деп келесі « Анажаным»әнін Айдана,Айлана,Адельдің орындауында тыңдаңыздар.
Жүргізуші:
Шалқып тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Аналарды құттықтап,
Би билейміз бәріміз – аналарға арналған ұл балалардың биін тамашалаңыздар.
Жүргізуші:
Той тойлап дала мен қалаларым,
Мерекең құтты болсын аналарым.
Қаракөз қыз, абзал ана мерекесін,
Құттықтап жатыр, міне балаларың – деп балалардың орындауында « Аналар күні»әнін тыңдаңыздар.
Жүргізуші:
Асыға күтіп жүргенмін
Болар деп қашан мейрамың
Суретін салдым гүлдердің
Келеді соны сыйлағым – олой болса балалардың аналарға деген сыйлықтарын қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық,
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа, - дей отырып ертеңгілігімізді аяқтаймыз