«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аналар мерекесіне арналған ертеңгілік. Тақырыбы: «Анаға гүл сыйлайық» "Арман" ересек тобы

12.03.2019

«Гүл сыйлайық анаға»

 

Жүргізуші

Құрметті аналар,әжелер, әріптестер көктемнің алғашқы мерекесі сегізінші наурыз құтты болсын!

 Адам үшін ең аяулы ,ең қастерлі жан-Ана!

Ол бала дүниеге келген күннен бастап,өзінің жұмсақ алақанын,жылы жүзін, ыстық құшағы мен мейірімін,махаббатын арнайды.

Өмірге ана- бұлақ, ана пана,

Өмірді өркендетер ана ғана

Ана! Ол біздің елде ардақты адам

Кіші де, үлкен де оны ардақтаған.

Өзінің аяулысы Отанды да

«Ана» деп біздің халық текке айтпаған.

Деп біз бүгінгі аяулы жандар, аналар, ақ жаулықты әжелерге арналған ертеңгілігімізді бастаймыз.

Жүргізуші: - Ау, балалар, бәрің қандай керемет, сұлу жігіт болып кеткенсіңдер.

Ал тобымыздың қыздары қайда?

 

Бәріне бүгін не болды?

Қыздар неге әдемі?

Мен түсіндім бұл күнді

Наурыздың бүгін сегізі

 

Наурыздың сегізі

Шықты анам әдемі

Әжем де, тәтем де

Әп- әдемі көйлекте.

 

Ұлдар, ұлдар таласпаңдар.

Әне, өздері де келіп тұр

Көңілдірек жымыяйық

Біздің қыздар келіп тұр!

 

Музыка ырғағымен қыздар ортаға шығады.

 

Жүргізуші:Қиындық көп көрсе де жасымаған

 Бақ айналып келсе де тасымаған

  Ақ жүзінен қажырлық арылмаған

Менің анам осындай асыл адам

-дей келе балалардың «Ең жақсы ана» әнін қабыл алыңыздар.

Ән: «Ең жақсы ана»

 

 

 

Жүргізуші:Анам менің жасыл бағым жайнаған

  Сол бағымда асыр салып ойнағам

 Пәк жүрекпен жыр арнайды перзентің

  Бар тілегі сіздерге арналған

Балалардың тақпақтары:

Әсел

Ертегі  қандай  көп  еді,

Күнде  айтып  береді.

Қуанатын  балаша,

Менің  әжем  тамаша.

 Бағдаулет

Ана  өмір  шырағы,

Ана  өмір  бұлағы.

Бесігімнің  жыр  әні,

Жүрегімде  тұрады.

Шұғыла

Жақсы  көрем  күлкіңді,

Айналайын  ақ  мамам.

Менің  мамам  сүйкімді,

Бәріненде  жақсы  адам.

 Альбина

Асыраған  баптаған,

Мамам  үшін  мақтанам.

Ақ  бетіңнен  сүйемін,

Келші,  келші  ақ  мамам.

Аңсар

Бізді  өсірген  апатай,

Еңбегіңде  зор екен.

Құтты  болсын  апатай,

Құтты болсын  мерекең.

 

 

 

 

 

 

Жүргізуші: Ару ана өмірдің асылдары

Жайнаған көңілімнің жасыл бағы

 Сіздер үшін ән мен би өлең мен күй

 Сіздер үшін мереке шашулары.

«Ұлдар мен қыздар» биі

Жүргізуші :Ең аяулы есім ғой  ана деген

                     Бар тіршілік бақыты анаменен

                     Ананы жеткізгенше мұратына

Өнер іздеп лапылдап жана берем

отырып ортаға  Раминаның   орындауында «Сәби тілегі» ән шашуын қабыл алыңыздар.

Ән: «Сәби тілегі»

 

Жүргізуші:Балалар сендердің армандарың бар ма?

Ия, балалар осындай керемет мерекеде бізге сиқыршы келіп  ең ерекше, ең таңғажайып армандарымызды  орындаса ғой шіркін.

Міне, сол кезде нағыз таңғажайып болады.

Сиқыршы шығады

Сиқыршы: Сәлеметсіңдер ме балалар ,  көктемде далаларды гүлге айналдырып  таңғажайып сиқыр жасаймын.

Ардақта аналар мерекелеріңіз құтты болсын!

Кім мұнде ұлы сиқыршыны шақырған.

 Мен сендерге көмектесуге дайынмын.

Жүргізуші:Сәлеметсіз бе, сіз  нағыз сиқыршысыз ба?

Сиқыршы: Ия мен нағыз сиқыршымын.

 Сендердің қандай армандарыңды орындайын.

Жүргізуші:Біздің  балалар  болашаққа барғысы  келеді балалардың арманы орындалар ма екен.

Сиқыршы: Бұл деген өте оңай ғой

Жүргізуші: Қалай сонда

Сиқыршы: Менің сиқырлы таяғым  бар ол барлығын орындай алады Балалар барлығың менің қасыма жиналыңдаршы.

Қане, біз сыйқырлы сөз айтып болашаққа  барайық ақалай, мақалай.

 

Сиқыршы:Балалар көрдіңдер ме мен сендерді болашаққа алып бардым, енде сиқырлы сөзді айтып балаларды ортамызға қайтарайық сендер маған көмектесіңдеменің қасыма жиналыңдаршы   ақалай, мақалай суф-суф.

Сиқырша екі балаланы ортаға алып шығады.

Балалар сендер болашаққа барып келдіңдер.

Енді мен сендермен қоштасамын сау болыңдар.

 

Жүргізуші:Ананың оттай ыстық алақаны

Болғансоң ойлайтыны бала қамы

Баладан анасына мың сан алғыс

Өйткені ол ананың балапаны.

Ән: «Анашым  қартаймашы»

Жүргізуші: Бұл күнді тойлап жатыр барша халық,

Әйелдер күні бүгін халықаралық.

Жарыққа бізді әкелген аналарды,

Бүгінгі мерекемен құттықтайық

Балалардың тақпақтарына кезек берейік:

Инжу

Айналайын  анашым,

Асқар  таудай данасың.

Күн  көзіндей  күлімдеп,

Құшағыңа  аласың.

Айзада

Гүл,гүл  жайнап  бәріміз,

Кірді  біздің  сәніміз.

Аналарды  тойымен,

Құттықтаймыз  бәріміз.

 Лия

Шалқып  тасып  әніміз,

Жадырасын  жанымыз.

Ана  сені  құттықтап,

Әндетеміз  бәріміз.

Камилла

Анашым  жан  анам,

Балдан  тәтті  бал  анам.

Құтты  болсын  анашым,

Құтты  болсын  мерекең.

 Бауыржан

Ана  деген  ақылшың,

Анаң  барда  батырсың.

Қасыңда  кім  болсада,

Тек  анаңа  жақынсың.

 

 

Жүргізуші:Жанымызды жайнатқан,

Сіздерсіз ғой аналар,

Зор денсаулық мол бақыт,

Тілейміз біз балалар.

Балаларыңыздың мерекелік ән шашуын қабыл алыңыздар

Ән «Ана қайда» Беколжас. Аңсар. Бауыржан. Бақдаулет.

Жүргізуші:Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

 Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

 Бишілер өнерлерін көрсетуде

Би: «Гүлдер»

Жүргізуші:Армысың әжелерім, аналарым

Мейірбан аппақ көңіл даналарым

Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен

Құттықтайды сіздерді балаларың

 

Беколжас

Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға  түйеміз.

Аналарды  ардақтап,

Әдеппен  бас иеміз.

Аружан

Жарқын жүздіжан анам

Сендей болса бар адам

Сендей болса бар кісі

Шексіз перзент алғысы

Нұрсипат

Ақылшымыз анашым

Ұзақөмір сүріңіз

Айналайын анашым

Алдымызда жүріңіз

Аяулы асыл анамның

Әдепті сөзін сүйемін

Парасатты мінезін

Ойыма әр кез түйемін

Рамина

Түн ұйқысын төрт бөліп

Әлпештеген анашым

Жақсы болсам асырып

Жамандықты жасырып

Қамқор болған анашым

Шашымды да тарайсың

Бақшамада барасын

Мейірлене қарайсың

Виктория

Мен анамды сүйемін

Құшағына енемін

Мәпелеген анамды

Қуантсам деп келемін.

Нұрсұлтан:

Менің әжем гүл әжем,

Алтын әжем, күн әжем

Апам үшін мен үшін,

Аман сау бол ақ әжем.

 

Жүргізуші:

Енді аналарымызды ойынға шақырайық

Ойын:

 

Жүргізуші:

 Әлемдегі ақылды адам

 Бәріненде жақын маған

 Ол жанымда жүрсе, менде

Жігерленем батылданам.      

Ән: «Анажаным»

Жүргізуші: Аналар, қалқап бақыт аралында,
                      Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен мерекеніаяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

Балаларыңыздың мерекелік сыйлықтарын қабыл алыңыздар.

Ардақты аналар мерекелеріңіз  құтты болсын!

Сау саламатта болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 686


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст