«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

8 наурыз- аналар мерекесіне арналған ертеңгілік. Тақырыбы: «Аяулы анашым»

06.03.2019

Тақырыбы: «Аяулы анашым»

Мақсаты: -мерекелік көңіл-күйін құру;
-ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру; 
-балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру; 
-өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. 

Кейіпкерлер: Жүргізуші, Көктем, Бұзық бала

Ертеңгілік өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: Безендірілген әсем зал, гүлдер, сыйлықтар, әсем әндер т.б 

Ертеңгіліктің барысы: 

Жүргізуші:

Ару ана өмірдің асылдары,

Жайнаған көңілімнің  жасыл бағы

Сіздер үшін ән мен би өлең мен күй

Сіздер үшін мереке шашулары - деп «Құлыншақ» тобының балаларын ортаға шақырамыз

Жүргізуші: Хош келіпсіз, ақ жаулықты аналар

                     Жүздеріңнен  мейірім мен нұр тамар.

                     Алдарыңда жауқазындай құлпыраған,

                     Алаңсыз бақытты балалар!

                     Қырларда қызғалдақтар дірілдеген.

                     Қуаныш келе берсін күлімдеген

                     Біз сіздерді құттықтаймыз

                     8- ші наурыз мерекесімен!

                    Сіздерге мол бақыт, ашық аспан,

                    Отбасының берекесін тілейміз.

                    Балаға сіз ғой ана,

                    Сіздің ыстық құшағыңыз-бізге пана

                    Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,

                    Теңесе алар бір ақ нәрсе- Отан ғана

   Осындай жыр жолдарын арнай келе, бүгінгі «Аяулы анашым» ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші: 
Той пердесін ашайық, 
Тойға шашу шашайық. 
Аналарды құрметтеп, 
Ән маржанын шашайық.

1.Ән: «Анашым қартаймашы»

Жүргізуші: Балалар қар еріп, құстар ән салып, алғашқы гүлдер шығуда. Адамдарға қуаныш сыйлайтын сиқыршы көктем. Олай болса мерекеге көктемді шақырайық.
Музыка әуенімен залға (Көктем) кіреді.
Көктем:

Мен көңілді көктеммін,

Былтырда келіп кеткенмін

Құшағым гүлге толсын деп

Нөсерімді төгемін.


Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын. Денсаулық, қуаныш, сұлулық тілеймін.

Жүргізуші: Сиқыршы көктем, біздің шақыруымызды қабыл алып мерекемізге келгеніңізге рахмет.
Көктем: Мен қалай келмеймін. Бүгін сондай керемет күн - әжелер мен аналар мерекесі.
Балалар мен сендердің әже, аналарыңның есімдерін білгім келеді.
Жүргізуші: Әрине біздің балалар әже, аналарыңның есімдерін біледі. (Балалар жауап береді)
Көктем: Қандай керемет есімдер. Көп - көп рахмет балалар сендерге.
Осы кезде көктемнің телефоны шақырады
Көктем: Ия, не сұрақ жапырақтар шықпай жатыр ма? Кірпілерде оянбай жатыр ма? Оларға көмектесу керек. Қазір ұшып келемін. Мінекей балалар менің басқада жұмыстарым бар, маған кету керек. Бірақ мен сендерге босқа келмедім. Мен сендерге сиқырлы кітап тарту етемін. Міне ол. Аналарыңмен бірге оқыңдар. Сау болыңдар.

Жүргізуші: Қандай қызық кітап. Ой аша алмай жатырмын, мұны кілтпен ашу керек екен. Е, міне кілті. (Кілтті осы кезде бұзақы бала тартып алып кетеді). Кім бүгін бізбен қалжыңдасуға келген?
Тентек: Ол мен тентек бала. Сендерде не болып жатыр? Мен тентектік жасаған кейін анам мені далаға қуып жіберді.

Жүргізуші: Ананың мазасын алатындай күн емес қой бүгін. Бүгін олардың мерекесі. Сондықтан сен Бұзақы бала бізбен бірге ертеңгілікте өлең айтып, би үйреніп, анаңды құттықта.
Тентек: Ойқандай жақсы балаларсыңдар. Міне сендердің кілттерің.
Жүргізуші: Ал енді кітапты ашайық. (Сиқырлы әуенмен кітап ашылады)
Кәмпитті ағашты көреміз. Қандай қызық ағаш. Әр бұтасында кәмпит өсіп тұр, бұл жәй кәмпит емес, онда не жасырынған екен.

(Кәмпиттерді ашу)
 

1ші кәмпит тақпақтар.

Балалар ортаға шығып тақпақтарын айтады.

Жүргізуші: Алақаны жылылықтан балқыған,

                     Бір күлкісі бар әлемді шарлаған.

                     Бұл сезімге ие болған барма жұрт,

                     Әр қашан да мол байлықта шалқыған- дей отырып ұл-          

                       қыздарыңыздың жүректерды тілектерін қабыл алыңыздар! Ортаға : Ш Айзере, Катя, Жансая, Азамат, Лейсан, Артур, Ускенбай, Аружан,

 2-ші кәмпит.
  Ару-Ана өмірдің асылдары

  Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.

  Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,

  Сендер үшін мереке шашулары-дей отыра Шаужан Айзере мен Қайыр Айзеренің

   орындауында.

2.Ән: «Ерке қыз»

3-ші кәмпит

Жүргізуші: Балалар енді ойын ойнайық

Тентек: Менде  балалармен бірге ойын ойнайыншы

Ойын: «Кім бірінші қызға гүл сыйлайды»

Шарты: Ортада үстел үстінде құмыраға салынған гүлдер тұрады. Ойынға 5-6 бала қыздарды биге шақырады. Әуен ойналып, би билейді. Әуен тоқтаған кезде ұлдар жүгіріп барып гүлді алып бірінші қызға сыйлау керек. Кім бірінші қызға гүл сыйласа, сол бала жеңіске жетеді.

4-ші кәмпит

Жүргізуші:   Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып,

                       Жақсанбай әр қадамың нық-нық басып,

                      Биімен көрерменді тәнті ететін.

                      Арулар келді міне толқып,тасып.Ортада

Би:«Гүлдер»

5-ші кәмпит

Жүргізуші: Ардақты ана,аяулы ана,қымбаттым,

                     Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.

                     Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

                     Кең құшағың аясындай гүл бақтың-дей келесі кезекте балалардың           

                    орындауында.                    

3.Ән: «Аяулы анашым»

6-шы кәмпит

Жүргізуші: Ойын ата-аналармен

«Баласын сыйпап сезу»

Шарты : «Аналар сыйпау арқылы балаларын табады»

7-ші кәмпит Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

                       Бишілер билеп кетті тербетіле.

                       Аққудай қалықтаған теңіздегі,

                       Бишілер өнерін көрсетуде-дей отырып келесі кезекті мың бұралған  

                        бишілерге береміз.

 Би: «Күннің көзі»

8-ші кәмпит

Жүргізуші:  Келбетіңде ұлылық.

                       Даладай кең пейілің

                       Ана деген – жылылық

                       Ана деген-мейірім –деп келесі кезекті өлең жолына береміз.Ортаға

                     Қайыр Айзере, Алижан, Нелля, Дамир, Аймира, Адия, Әмір

9-ші кәмпит Жүргізуші:  Әже деген көп шығар,

                      Әже дейдін жоқ шығар.

                      Мейірімді бұл кісі,

                      Қандай ғажап күлкісі-деп балаларды әжелеріне арналған  

                       әнін қабыл алыңыздар

4.Ән: «Аппақ, аппақ ақ әжем»

10-шы кәмпит

Сыйлықтар тарату

Тәрбиеші:

Бөбегінің сыйлығын,

Қабыл алшы анашым.

Ұзақ өмір жүз жасап

Ауырмашы анашым!

 

Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған - анамыз емес пе? Олай болса, әр баланың өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен, соны табыс етсін!

11-ші кәмпит

Тентек: Менде көмектесейінші анама менде біреуін сыйлайыншы

Жүргізуші:     Кең кеудеңе гүл болып тағылайын,

                         Жұлдызыңдай көгінде жағыламын.

                         Алыс кетсем аңсаймын сағынамын,

                          Анам менің ,асылым,төгіл әнім.

                         Балалардың  орындауында.

Ән:   «Ай дидарлы анашым»

 

Жүргізуші:  Аналар, қалқып бақыт аралында, 
                     Лайым мұң қонбасын жанарыңа
                     Осымен кешімізді аяқтайық 
                      Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа

                        -дей отыра бүгінгі мерекеге арналған         

          ертеңгілігіміз аяқталды, келіп тамашалағандарыңызға көптен- көп рахмет.

 

 

 

 

 

Просмотров: 2134


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст