Тақырыбы: «Ана – аса қымбатты жан»
Ертеңгіліктің барысы:
Балалар залға бір – бірлеп кіреді. («Тәттәм- ау» әуенімен)
Тәрбиеші: -Құрметті аналар, әжелер сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналған қандай тамаша мереке! Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десе, жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шықаннан – ақ бірінші сөзін « Ана» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару – ана, Ару – асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару – өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Олай болса, бүгінгі аналарға, әжелерге арналған «Ақжелкен» тобының бүлдіршіндерінің «Ана – аса қымбат жан!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Тәрбиеші:
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.
Хор: « Мақтаным апа»
Тәрбиеші: -«Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы, Ананың көз нұры тастай мұзды да жібітеді»- демекші, балаларымыздың аналарына арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар!
Тақпақтар:
Тәрбиеші: - Балалар бізге қонаққа біреу келген сияқты. Бұл кім болды екен?
Қуыршақ:
Жан – жағыма қарасам,
Қонақтар өте көп екен.
Ұлдар да көп, қыздар да көп
Апайларда мұнда көп.
Мен қуыршақпын.
Ақылыма көркім сай,
Ұнаймын жұрттың бәріне.
Үлкенге де кішіге.
Келіп қалдым мен бүгін,
Құттықтауға сіздерді.
Аналарды, қыздарды.
Сүйікті әжелерді.
-Сәлеметсіңдер ме қонақтар, гүлдей құлпырған қуыршақ қыздар. Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Мен сендерге және аналарыңа арнап көптеген тапсырмалар алып келдім, ол үшін менің сөмкемнің ішінен алып орындау керек. Сендер маған көмектесесіңдерме?
Тәрбиеші: Қуыршақ бізге қош келдің! Әрине балалар да, ата – аналарда көмектеседі.
1-тапсырма: « Аналардың қыздарының шаш өруі» (аналар қыздарымен)
Ойын жарыс түрінде өтеді. Аналар қыздарының шашаын өреді.
2-тапсырма: «Аналардың би жарысы»
Тәрбиеші:
Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін.
Жылытар жүрегіңді көз дейін
Аналар ақ жаулақты бұл сіздереге,
Қол соғып қарсы алайық «Қуыршақ барби биін»
Би: «Қуыршақ барби»
Тәрбиеші: Келесі кішкентай топ-топ басқан бүлдіршіндеріміздің топ-топ балақан әнін қабыл алыңыздар.
Хор: «Топ – топ балақан»
Тәрбиеші: -Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелерімен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар»- деп бекер айтылмаған. Келесі әніміз сіздерге араналады құрметті әжелер.
Ән: «Ата-әже бар менде» (Темирлан мен Аиша)
Тәрбиеші: Қуыршақ сен біздің балаларымыздың аналарына арналған тақпақтарын тыңдап демалып отыр.
Тақпақтар:
Би: «Джентельмен биі»
Тәрбиеші: Ару ана өмірдің асылдары,
Жайнаған көңілімнің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен би, өлең мен күй.
Сіздер үшін мереке шашулары.
Хор: «Балабақша»
Тәрбиеші:
Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым.
Ұзақ өмір жүз жасап,
Ауырмашы анашым!
Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз бар, қарындастарымыз бар.
Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған-анамыз емес пе? Олай болса, әр баланың өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен, соны табыс етсін!
Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа.
Осымен кешімізді аяқтайық.
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа- дей отырып бүгінгі «Ана – аса қымбат жан!» - атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар»
Хор: « Құттықтаймын мама»