«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ардақты, асыл аналар! ертеңгілігінің жоспары. "Қарлығаш" ортаңғы тобы.

06.03.2019

Ардақты, асыл аналар!

Жүргізуші:

Құрметті: Асыл аналар, Ақжаулықты әжелер, Ару қыздар!

Көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған, гүл мерекелеріңіз құтты болсын!

Шын жүрек ақ көңілмен,

Алғашқы көктемнің күлімдеген.

Құттықтаймыз, 8-наурыз мерекесі,

Халықаралық әйелдер күніменен.

Балаларды ортаға шақырамыз (музыкамен кіреді)

Қандай ғажап, қарашы жан-жағыңа,

Күміс күлкі сыймай тұр залға мына.

Аналардай бақытты жан барма екен,

Қол жеткізген, аңсаған арманына-дей отырып, бүгінгі: «Ардақтыасыл аналар!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай, әрбір күнің, әр айың.

Мерекеңіз құтты болсын аналар,

Тойларыңыз құтты болсын,ағайын! Бүгінгі ертеңгілігімізді ашу үшін, сөз кезегін балабақшамыздың директоры Р.З.Ақпентаеваға береміз.

Жүргізуші:

Жадырап тұр, бүгінгі мерекеміз,

Бір-ақ тамшы,білімді көл етеміз.

Еңбегіңіз, әрдайым жемісті боп,

Құтты болсын,бүгінгі мерекеңіз!

(Музыка ойнайды) Көктем келеді.

Мен көңілді көктеммін

Былтырда келіп кеткенмін,

Құшағым гүлге толсын деп

Нөсерімді төгемін.

Ару, Көктем! Біздің байтақ елімізге қош келіпсіз,төрлетіңіз!

Көктем: Мен сендермен үш ай бірге боламын, бірге ән салып, би билеп, бірге ойындар ойнаймыз ба, балалар?

Балалар: Иә, Ару Көктем!

Жүргізуші:

Біз сүйеміз, бейбіт күнді,

Бейбіт күнде туғанбыз.

Біздің өмір күндей нұрлы,

Бақыт құшқан ұланбыз.балалардың орындауында:

 «Ай дидарлы анашым» әнін қабыл алыңыздар!

Жүргізуші:

Жүзімізге қарасаңыз.,

Біз бақытты баламыз.

Бізге қымбат құшағыңыз,

Бізге қымбат анамыз- дегендей, тақпақтарын айтуға:Адия, Диана, Медет,Алдияр,Алиналарды шақырамыз.

Адия:

Анам менің анашым,

Сені жақсы көремін.

Мерекемен бүгінгі,

Құттықтаймын мен сізді.

Диана:

Ана біздің күніміз,

Ана біздің гүліміз.

Балаларды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.

Медет:

Аппақ мамам, ақ мамам,

Ақ мамам деп мақтанам.

Түн ұйқыңды төрт бөліп,

Бөпешім деп жатпаған.

Алдияр:

Анам болса қасымда,

Басқа бақыт не керек.

Анашымның жүрегі,

Мейірімді ғой керемет.

Алина:

Аналарды сүйеміз,

Ақылын ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Жүргізуші:

Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын шашайық-Адияның орындауында: «Жақсы көрем»әнін,қабыл алыңыздар.

Көктем: Менің балалармен бір ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын: Қыздарға гүл сыйлау

Жүргізуші:

Құтты болсын, ардақты ана,

Асыл анам мерекең.

Құтты болсын жадыраған,

Қуанышты мерекең-ортаға:Азиз, Аймира, Тамерлан, Қайрат,Клавдияларды тақпақтарын айтуға  шақырамыз..

Азиз:

Ақ қабақты анашым,

Күн сәулелі анашым.

Әлпештеген баласын,

Айналайын анашым.

Аймира:

Анам-өмір шырағы,

Анам-өмір бұлағы.

Бесігімнің жыр әні,

Жүрегімде тұрады.

Тамерлан:

Анам,анам,ақ анам,

Мен өзіңдей ақ балаң.

Айтқан тіліңді аламын,

Жұмсағанда барамын.

Асар:

Баланың да тірегі,

Дананыңда тілегі.

Ауырмасын ешқашан,

Анамыздың жүрегі.

Қайрат:

Бүгінгі көктем күнінде,

Барлық адам қуанар.

Аналарды мейраммен,

Құттықтайды балалар.

Клавдия:

Әлпештеген  баласын,

Ана бақыт, ана күн

Әркім сүйіп өзінің,

Мақтан етер анасын.

Жүргізуші:

Достарым бар,қуанып,

Тамашалар кештерде.

Тал шыбықтай бұралып,

Биші болам өскенде,- «Көктем арулары биін» тамашалайық

Жүргізуші:

Ана дейміз,бәрімізде аңқылдап, 

Ана дейді, жас сәби де жарқылдап.

Ана деген, бәйтерегі өмірдің,

Ана деген, алтын қазық, алтын бақ-балалардың

Диастың орындауындағы Сәби тілегі әнін қабыл алыңыздар.

Армысың ақжаулықты әжелерім,

Ақылы дариядай кемеңгірім

Ардақты аналардың мейрамында

Арнайды бүлдіршіндер өнерлерін.

«Әжесі меннемересінің әңгімесі» атты шағын көрнісін тамашалаңыздар!

Жүргізуші:

Жан  жылуы таусылмайтын,артатын,

Өміріңе нұрдан шашу шашатын.

Алақанға бар әлемді сыйғызып,

Баласына бақыт кілтін ашатын- ортаға тақпақтарын айтуға: Рамазан,Диас,Ахмет, Алихан,Алинурларды шақырамыз.

Рамазан:

Қуанамыз сыйлаймыз,

Қуаныштың мың гүлін.

Аналарды құттықтап,

Жырдан шашу арнаймыз.

Диас:

Құтты болсын анашым,

Құтты болсын мерекең.

Әр кез саған тілеймін,

Ұзақ өмір жолдарын.

Ахмет:

Әр сөзімді жаттаған,

Жүрегімде сақтаған.

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ анам!

Алихан:

Айтсаң болды,тіл алам,

Әйбат мамам,ақ мамам.

Сені көрсем қуанам,

Сен керексің әрқашан.

Алинур:

Теңдесі жоқ данасың,

Арқа тұтар панасың.

Еңбегіңді ақтайын,

Аман болшы анашым.

Бейбарыс:

Түнде сергіп жатпаған,

Күндіз тыным таппаған.

Бізсіз тағам татпаған,

Айналайын,ақ мамам.

 

Жүргізуші:

Мың бұрала билеген,

Бишіні кім сүймеген.

Бүлдіршіндер бүгінде,

Би де билеп,үйренген- «Флешмоб биін» тамашалаңыздар.

Жүргізуші:

Ару ана өмірдің асылдары,

Жайнаған көңілімнің жасыл бағы.

Сіздер үшін ән мен би өлең мен күй

Сіздер үшін мереке шашулары.«Ақ мамам» әнін қабыл алыңыздар

Көктем:

Ата-аналармен ойын.

Жүргізуші:

Күнде той бола бермес дәл сондай,

Тыншымас көңіл, бақыт жол ашылмай.

Өмірде саған жақын адам болмас,

Төрт бөліп, түн ұйқысын анашымдай-

Медет, Нурислам, Алдияр «Аяулы анашым »әнін қабыл алыңыздар әнін қабыл алыңыздар!

Жүргізуші:

Аналар қалқып бақыт аралында,

Лайым мұң шалмасын,жанарыңа.

Аққудай бірге қалқып, бірге жүзген,

Татулықты тілейміз жанұяңа-дей отырып,

Медеттің орындауындағы  «Аппақ әжем»атты әнді қабыл алыңыздар!

Жүргізуші:

Адамдықтың ашқан соң,қақпасын кеп,

Туған елің сүйсіне мақтансын деп.

Пәк сезіммен тілеймін адамдарға,

Анасының ақ сүтін ақтасын деп,Армансыз күнім болмайды әнін қабыл алыңыздар-осымен бүгінгі біздің аналар мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.

 

 

 

Просмотров: 612


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст