«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Аяулы ақ анам» ертеңгілігі. "Балбөбек" ІІ кіші тобы

06.03.2019

«Аяулы ақ анам»

Мақсаты:Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, балалар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.

 

Жүргізуші:  Ана десем алғыс алам халқымнан

Ана десем теңіз болам шалқыған

Ана десем ,ашылады қабағым

Ана десем әділдікті ұғамын

Біз ғана емес

Қадір тұтқан бабалар

Аналардаң туған небір даналар

Ана деген тіршіліктің тірегі

Армысыздар,қасиетті аналар!

-Қымбатты да ардақты, аяулы аналар,ақ жаулықты әжелер,құлпыраған қыздар! Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын  8-наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге әлемнің нұрын,өмірдің гүлін,көктемнің шуағын тілейміз!

Бүгінгі балалардың сіздерге арналған «Аяулы ақ анам»атты мерекелік ертеңгілімізгеқош келдіңіздер! Ендеше, «Балбөбек» тобының балаларың қошеметпен қарсы алайық!!!

(Балалар залға көңілді ән-күймен кіреді)

Жүргізуші: Анажан, мені әлпештеп аяладың,

 Бойдағы ізгілікті аямадың,

 Анажан, өзіңсің ғой сүйенішім

 Анажан, өзіңсін ғой саябағым.

Жүргізуші:-Балалар ең асыл жан кім?\Ана\

Осындай үлкен мейрамында аналардың жүзіне кішкене болса да қуаныш сыйлағымыз келе ме?     \ Иә \

-Құрметті аналар, әжелер балалардың орындауында «Топ-топ балақан» әнің қабыл алыңыздар.

Хор: «Топ-топ балақан»

Жүргізуші:-Тамаша, өнерлі екенсіңдер.Ал балалар сендер үйде ата-аналарыңа көмектесесіңдер ме? Шындарыңды айтыңдар! Қазір мен аналарыңнан сұраймын.
1. Күні бойы ойнай беретін, ойнап болған соң ойыншықтарын жинауға ерінетін, дым істемейтін, жалқау бала бар ма сіздерде?
Аналары: Жоқ, жоқ!
2. Ал, тәңертең ерте тұрып, балабақшаға өзі киінетін, үйде анасына көмектесетін әдепті, тәртіпті бала бар ма сіздерде?
Аналары : Бар,бар!

Жүргізуші: «Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзы да жібітеді» - демекші, балаларымыздың аналарына, әжелеріне арналған жыр шумақтарына кезек береміз!

Ортаға:Аяжанды, Ансарды, Айлинді, Інкәрді, Маликаны, Анель Р., Айым Н., Райянаны,Айым М.,Салияны шақырамыз.

 

Аяжан: Мәпелеп мені өсірген
              Ризамын мен өзіңе.
Ана деген керемет,
Сыйлап өтем өмірде.

Ансар:Анам, анам, ақанам
Мен өзіңдей ақ балаң,
Айтқан тілінді аламын
Жұмсағанда барамын.

Айлин:Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым.
Менің саған тілегім
Қартаймашы анашым

Інкәр:Мен анамды сүйемін,
Сөзің ойға түйемін.
Анашымды ардақтап,
Басымды оған иемін.

Малика:Анамменіңсүйіктім
Тек өзіңетабынам.
      Қасымда жүрсең биікпін,
     Алыстасаң сағынам.

Анель Р. Әр сөзімді жаттаған,
       Жүрегімде сақтаған,
       Анашым деп мақтанам,
       Айналайын ақ анам!

Айым Н. Жақсы көрем күлкінді 

   Айналайын ақ мамам

   Менің мамам сүйкімді

                  Бәрінен де жақсы адам.

Райяна:Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Аналардан тарайды
Біздің анна тіліміз.

Айым М.Ана деген-жылулық

                 Ана деген-мейірім

Салия:Анам мені күнім дейді

             Мен қуансам күлімдейді

Жүргізуші:Әуені бар шарлатын кең даланы,

                     Шырқаса бәріңізді таң қаласыз.

Айым  қызымызды ортамызда,

 Қол соғып қошеметтпен қар салайық.

-Құрметті қонақтар Жұмәділ Айымның орындауында«Ақ мамам» әні

Ән:«Ақ мамам»

 

 

 

 

 

Жүргізуші: Анаң болса қасыңда

 Басқа бақыт не керек

Аналардың жүрегі

Мейірімді ғой керемет,-деп келесі кезекті аналарға, әжелеріне арналғанбалаларымыздың жыр шұмақтарын тамашалаңыздар.
Тақпақтар

Ортаға: Әнел Ш., Жасмин,Аяулым,Раяна К.,Амаль,Али,Адиль,

Айым Ж.,Расулды шақырамыз.

Әнел Ш.Үлкен, кіші әркімде 

Әже де бар, ана бар

Аналардыәркүнде

Қуантсаекенбалалар!

Жасмин:Аналардысүйеміз, 
Сөзінойғатүйеміз.
Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Аяулым: Анабіздіңкүніміз

Ананыңбізгүліміз

Балалардықуантып

Ұзақөмірсүріңіз

Раяна К.Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам.

Амаль:Анам менің анашым
Сені жақсы көремін
Мерекемен бүгінгі
Құттықтаймын мен сізді.

Али:Анашым анам 

Ризамын саған

Тіліңді алам

           Ақылды болам

Адиль:Мені жақсы көреді,

Күндей күліп келеді,

Көп ертегі біледі,

            Маған айтып береді

Айым Ж.Құтты болсын ақ анам
                 Сегізінші науырызың!
                 Қасымда бол әрқашан
                Жансын жарық жұлдызың,
                Тілейді бақыт бір саған
                Әлпештеген ұл- қызың.

Расул:Құтты болсын анашым
Құтты болсын мерекең
Әркез саған тілеймін
Ұзақ өмір жолдарын

 

Жүргізуші:Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,
Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.
Бір көріп таң қалдырмай сахнада,
Өмірде сақталсыншы бұл әдебі – деп ару қыздарымызды ортаға қошаметпен шақырайық.

Би: «Қуыршақтар»

Жүргізуші: Ана десем, алғыс алам халқымнан
 Ана десем, теңіз болам шалқыған.
 Ана десем, ашылады қабағым
 Ана десем, әділдікті ұғамын - дей отырып аналармен ойнайтын кезегі

келді. Аналарды ортаға кошеметпен шақырамыз.

Аналармен ойын:«Мен баламды қалай еркелетемін»

Жүргізуші:Әже  деген көп шығар

                   Әжемдей менің жоқ шығар

                   Мейірімді бұл кісі

                   Қандай ғажап күлкісі.

Ортаға: Аяулым, Айым Н. Айым М., Амальді шақырамыз

Ән: «Жақсы көрем»

Жүргізуші:Шалқып тасып әніміз,

                     Жадырасын жанымыз.

                     Аналарды құттықтап,

    Би билейміз бәріміз - деп енді алдарыңызда балаларымыздың тағы бір аналарына сыйлығы бар екен, ортаға шақырайық.

Би: «Флэшмоб»

Жүргізуші:-Құрметті қонақтар, балалар! Бізге біреу келіпті. Залға сайқымазақ

келеді.

Сайқымазақ: Сәлеметсіңдер ме, достар! Сәлеметсіздер ме, қымбатты ата - аналар!

Жүргізуші: Сәлеметсің бе, Сайқымазақ!

Сайқымазақ: Менің атым Тили Вили. Мен сендерді Америкадан кұттықтауға келдім. Хелоу! Хелоу! Хелоу! (балалардың қолынан ұстап амандасады).

Сайқымазақ:- Мен бүгін мереке бойы сендерге фокустарды алып келдім.

Сайқымазақ:- Ал біріншіден мен әнді айтқым келеді, маған микрофон беріңіз, моэстро музыку.

(музыка ойнайды, сайқымазақ ырғағына қарамай біресе төмен, біресе жоғары айтады)

Жүргізуші: Тили-Вили сен босқа өз тамағыңды шаршатпа. Біздің тобымызда өлең айтатын балалар бар.

Жүргізуші:-Айлин, Ансар, Маликаның орындауында «Апатайым Анашым» әнің қабыл алыңыздар.

Ән:«Апатайым Анашым»

Сайқымазақ: - Рахмет сендерге, ендеше мен де қазір фокус көрсетемін.

Фокус:

-Балалар қазір мен осы әдемі гүлді қорпшаға салып, сикырлы создерін айтып, гүліміз қазір жоғалады. «Фокус, мокус» (Қорапшаның ішіне қараса, ішінде

 

 

кәмпиттер жатыр екен.).Ой балалар қарандаршы, гүліміз кәмпиттерге айналды (бір-неше рет көрсетеді)

Сайқымазақ:-Міне сендерге тәтті сыйлық.Ал сендер, аналарға сыйлық дайындап қойдыңдар ма?

Балалар: - Ия

Жүргізуші:Біз сыйлықты дүкенен сатып алмаймыз.

Өз  өнерімізді қолымыздан жасаймыз.

Аналар күніне бір-бірден сыйлаймыз!

Бүгінгі мерекеге өздерінің қолдарымен жасаған сыйлықтарын табыс етуге рұқсат етіңіздер. (балалар гүлдерімен ортаға шығады)

Сайқымазақ:-Жарайсындар балалар, олай болса қош сау болыңыздар балалар,

құрметті қонақтар! Маған басқа мерекелерге бару керек

Жүргізуші:Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

                            Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

                            Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

                            Кең құшағың аясындай гүл бақтың. 

Балалардың орындауында «Аяулы Анашым» әнің қабыл алыңыздар.

Ән: «Аяулы Анашым».

Жүргізуші:Аялы да, алтын нұрлы анашым.

                       Жүрегіммен мәңгі бірге боласың

                       Сен асқарсың, сен аспансың биіксің.

                       Сен дархансың, сен жомартсың, данасың  -   деп бүгінгі шағын ғана мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Отбастарыңыз аман болсын. Жүздеріңізден күлкі кетпесін. Келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.

 

Просмотров: 651


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст