Тақырыбы: «Айналайын, анашым!»
Мақсаты: 8 - наурыз мейрамы туралы түсінік беру, анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, аналар туралы өлең шумақтарын оқуда мәнерлі, сауатты, анық айтуға машықтандыру. Адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Слайд, гүлдер, АКТ, суреттер, қанатты сөздер, шарлар. Жүргізуші: Құрметті қонақтар, қыздар! «Ана» дегеніміз - әлемнің жан дүниесі, оның бастауы мен таусылмайтын жалғасы. Ол тіршілік, үлкен тағдыр, махаббат пен шабыттың нәрі. «Ана» сөзі бізді елең еткізбей, жылылықпен шуақты сездірмей қоймайды. Бүгінгі «Мирас» тобының «Айналайын, анашым!» атты ертеңгілігіне хош келдіңіздер.
Шабытым шалқып келгенде, шарықтап самғап қалайын,
Жырымнан тізіп ақ моншақ, мойныңа алқа тағайын.
Өлеңнен соғып ән мүсін, тойыңа шашу шашайын,
Асылым, анам, сен үшін сырымды бүгін ашайын!
Ортаға «Мирас» мектепалды даярлық тобының бүлдіршіндерін шақырайық. Хор: «Аналардың тілегі» Жүргізуші:
-Балалар,бүгінгі тақырыбымызға байланысты мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.Шешуін таба аламыз ба?
Бала,бала,бала деп
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған
Бұл кім?
Балалар: Ана, Ана, Ана.
Жүргізуші: Әріне,бұл біздің аналарымыз.Ана перзент тәрбиелеуші.Ендеше осы асыл аналарымызға арналған балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік:
Тақпақтар: Айлин, Арлан, Мансур, Даяна, Тамирлан, Рамина
Айлин
Ақ жаулықты Аналар қартаймасын,
Бақыттың нұры шалқып ортаймасын.
Тілегі баласына қабыл болып,
Әр күні қуаныштан той тойласын!
Арлан
Ана десем алғыс алам халқымнан
Ана десем теңіз болам шалқыған
Ана десем ,ашылады қабағым
Ана десем әділдікті ұғамын
Мансур
Әжетайым асылым,
Жүзіңде мұң болмасын.
Құтты болсын мерекең,
Қуаныш тапсын жалғасын.
Даяна
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті асыл аналар.
Тамирлан
Ана деген - ақылшың,
Анаң барда батырсың.
Қасыңда кім болса да,
Тек анаңа жақынсың!
Рамина
Жанға сенсең тек Анаға сенесің,
Анаменен бақыт нұры көбейсін.
Ауырмасын асыл, алтын Аналар,
Жаратқаным Аналарды демесін.
Жүргізуші:
Шарықтатып мерекеде ән бастайық,
Өнерпаз өреңдерге тамсанайық.
Ортамыздан шығады қараңыздар,
Күміс көмей әншілерді қарсы алайық.
Ән: «Анатайым менің» Айлин, Тоғжан, Айзере, Айғаным
Тақпақтар: Меруерт, Аділет, София, Диас, Айғаным.
Меруерт
Ақ сүт берген анашым,
Ақылды менің данашым.
Өзіңді жанды әлемнен,
Қайдан таба аламын.
Аділет
Сауле шашқан әсем күндей
Көтерілсін көңіліңіз
Жарқыраған қызыл гүлдей
Болсын әсем өміріңіз
София
Түн ұйқыңды төрт бөліп,
Құшақ жайдың балаға.
Айым, күнім, қызым деп,
Еркелетер анада.
Диас
Құтты болсын осы шаттық күніңіз
Бақытты да,ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз
Айғаным
Ана деген асыл жандар,болаттай
Ана деген мөлдір жандар бұлақтай
О,адамдар ,қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.
Жүргізуші:
Орасақ та жәннат ішік, құндызға,
Баласақ та айға, күнге, жұлдызға,
Ана соның бәрінен де ардақты,
Одан асқан құдірет жоқ ұл – қызға
Би: «»
Жалқаубек келеді:
-Балалар, сендердің көмектерің қажет боп тұр. Апай маған қиын тапсырма берді, мен орындай алмай отырмын, көмектесіңдерші.
Ойын : Логикалық есептер:
Жалқаубек: Алақай, мен енді ойнайтын болдым, рахмет сендерге.
Жүргізуші:
Әжелер осылайша жүзге жетсін,
Ұл-қызың енді өзіңді еркелетсін,
Әрқашан шаттықтардан орын алып,
Уайымның не екенін білмей өтсін
Хор: «Әжетайым»
Тақпақтар:
Айзере
Аналардан шын мейірім көресің,
Талмай ескен өмір алып кемесін.
«Айналайын», «Ботам» деген сөзімен,
Қиындықтың талай шыңын жеңесің.
Ербатыр
Келді көктем күнің,
Күлімдейді гүлің -
Алтын ойлы Анам,
Мерекеңіз бүгін!
Бақдәулет
Бал бөбегін баптаған,
Анам үшін мақтанам.
Аялайтын біздерді,
Көп жасасын жақсы адам.
Айдан
Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан қылып
Мәпелеген ақ мамамды
Жүрсем деймін шаттандырып.
Тоғжан
Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың.
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме, анашым.
Айтуар
Аяулы да алтын нұрлы анашым,
Жүрегіммен мәңгі бірге боласың.
Сен – асқарсың, сен - аспансың, биіксің,
Сен - дарқансың, сен – жомартсың, данасың.
Ойын: «Қане, сыпыр!»
Балалар мен ата-аналары екі топқа бөлініп тұрады.Әр топқа қарама қарсы орындық тұрады.(5-7 қадам) Бірінші топтағы бірінші баланың қолына сыпырғыш пен шар беріледі. Ойын ойнаушы шарды орындыққа жеткізіп, орындықты айналып тобына келіп қайта келу керек . Келген ойыншы сыпырғышын келесі ойыншыға беріп, ойын қайталанады. Эстафетаны тез ойнап бітірген топ жеңіске жетеді.
Би: «»
Жүргізуші:
О,анашым неткен жансың мейірімнен жаралған
Мәнгілікке арамызда шалқып-тасып жүр аман
Егер де сен еш ауырмай,күліп-ойнап қуансаң
Бұл тәңірден одан басқа,ешбір тілек сұрамаң
Өмірдегі ең асыл жан- АНА. Сол үшін балалар аналарымызды сыйлайық,ардақтайық, еш уақытта ренжітпейік.
Жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем әнмен тәтті күй
Жүрекке жылы ой салар
Әнді сүйсең менше сүй деп,Абай атамыз жырлағандай кезекті жігіттеріміздің орындау ындағы жақсы бір әнге берейік
Ән: «Анаңды сүйсең менше сүй» Диас, Айтуар
Жүргізуші:
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым.
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
Хор: «Ана»