Мектеп- балабақшада Өзін- өзі тану: Махаббат және Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің жұмыс жоспары құрылып, сол жоспар бойынша жұмыстар жүргізілуде «Балдаурен» ересек топ балаларының қатысуымен «Мен жақсы баламын» атты тақырыбында қойылым өткізілді. Қойылымның мақсат – міндеттері: балалардың үлкенге деген сыйластық сезімдерін дамыту, әдептілікке тәрбиелеу.
«Арман» ересек топ бүлдіршіндерімен «Шынайы тілек» атты ойын да қызықты өтті. Осы ойын кезінде балалар өздерінің шынайы сезім, тілектерін білдірді.
1-сынып мұғалімі Т.Е. Тағыбаева «Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастырды. «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның туылған күніне арналатыны айтылды. Оқушыларға С. А. Назарбаеваның өмірі мен отбасы суреттер арқылы таныстырылды. Сайысқа қатысқан оқушылар ана туралы жаттаған өлең шумақтарын айтып орындар мен белсенділік танытқан үшін мадақтама қағазымен марапатталды.