«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті Өзін-өзі тану пәні. Педагог: Жақсалыкова А. С.

12.02.2019

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Бөлімі: «Өзін –өзі тану»

Тақырыбы:  «Бірлігіміз жарасқан»

Мақсаты:

Білімділігі: «достық», «бірлік» құндылықтарының мәнін түсіндіру, қамқорлық, бірлік туралы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық: достық  қарым-қатынастарын дамыту.

Тәрбиелік: айнала қоршаған ортаға мейірімді болуға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: суреттер, ватман, гүлдер, шөптер, үнтаспа, слайд.

Билингвальді компонент: достық – дружба-frendship, бірлік – единство-unity.

Балабақша: «Балдырған» мектеп-балабақшасы.  Мерзім: 12.02.2019ж  

Мұғалім: А. С. Жақсалықова 

Іс -әрекет кезеңдері

       Педагогтың  іс -әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Ұйымдастырушы-оятушылық кезеңі

 

Шаттық шеңбері (әуенмен)

Жылы –жылы жүзбенен,
Маңдайыңнан сипайын.
Жылы –жылы жүзбенен,
Жүрегімді сыйлайын.
Ыстық алақаныммен,
Қолыңды бер қысайын.
Амандасып өзіңмен,
Құшақтасып алайын

Балалар бірге  өлеңді қайталайды, қимылмен көрсетеді.

Ұйымдастырушы ізденушілік кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Әңгімелесу

  • -Балалар, бірлік дегенді қалай түсінесіңдер?

-Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады? Топтағы балалармен қарым-қатынастарын қандай? Олармен татусындар ма?

Әңгімелеу

Балаларға  М. Байділдановтың «Құмырсқа» ертегісі. (Аудио)

Сұрақ-жауап

-Ара мен қоңызды нағыз достар деуге болама ма? Неліктен?

-Құмырсқалар  бірліктерін қалай танытты?

Дәйексөз.

«Бірлесе көтерген жүк жеңіл» деген халық мақалын  балаларға түсіндіру. Мақалды жаттап алу.

Билингвальді компонент:

Достық-дружба – frendship                  ( френдшип)

Бірлік  -единство- unity.(юнитй)

Жағдаяттарды шешу.

1-ші жағдаят:

Әділ мен Мирас бірлесіп әдемі қайық жасапты. Олар қайықты өзенге жүздірмекші болғанда таласып қалыпты. Әділ мен Мирас ренжісіп қалады. Әділ мен Мирас қалай татуласады деп ойлайсыңдар?

2-ші жағдаят:

Самал мен Шынар бірлесіп гүл отырғызады. Гүлдері әдемі болып өсе бастайды. Олар гүлдерді суаратын кезде сусепкішке таласып қалыпты. Самал Шынарға өкпелеп кетіп қалады. Самал мен Шынарды қалай татуластырар едіңдер?

Сергіту сәті. (Әуенмен жүргізіледі)

Ойын-тапсырма: «Дұрыс-бұрыс»

Шығармашылық жұмыс.

Тақырыбы: «Балабақша бесігім».

Балалармен бірігіп балабақшаны гүлдендіру.

-Егер бәріміз біріксек, кез келген жұмысты тез және нәтижелі орындайды екенбіз.

 

Балалардың жауаптары тыңдалады.

 

 

 

 

 

 

 

Балалар ертегі бойынша сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

 

Балалар мақал-мәтелді жаттап алады.

 

 

 

 

 

 

Балалардың жауаптары тыңдалады

Рефлекстік түзету кезеңі

 

 

Қорытындылау

Қорытындылау

-Балалар, біз бүгінгі сабақта бірлік туралы білдік. Бірлік деген сөз – бәрі бірдей жұмыла, бірлесіп бір істі бітіру. Бірлік – бұл балалардың арасындағы ынтымақтық, ауызбірлік, татулық, екенін түсіндік. Әрқашан отбасында балабақшада, бірлікшіл, ынтымақшыл, ұйымшыл болу керектігін түсіндік.

Күн- өте қызық, жақсы әсер алдым

Гүл- орташа, онша әсер алмадым

Бұлт – қызық емес, мүлде ұнаған жоқ

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар өздері таңдап алады.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: бірліктің қажет екенін білу қажет.

Нені игерді: «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» 

Нені үйрену керек: досқа көмектесуді, қамқорлық жасауды, әрдайым жанынан табылуды.

 

Просмотров: 687


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст