«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Өзін-өзі тану: Махаббат және Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің өтілуі жайлы ақпарат

12.02.2019

«Балдырған» мектеп- балабақшасында  Өзін- өзі тану: Махаббат және Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің жұмыс жоспары құрылып, сол жоспар бойынша жұмыстар жүргізілуде. 4 ақпан «Балдырған» мектеп-балабақша  кітапханасында  кітапханашы Қ. К. Ахметжанова  Өзін –өзі тану рухани – адамгершілік бағдарламасының авторы С. А. Назарбаеваның қайырымдылық қызметтері туралы «Мейірім төгетін ана» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.

5 ақпан «Өзін өзі тану» пәнінен «Махаббат және Шығармашылық» педагогикасы тақырыбындағы онкүндік жоспары сай мектеп – балабақша педагог-психологы Ж. З. Каменова «Еркетай» ересек топ бүлдіршіндерімен «Жүректен жүрекке» атты тренинг өткізді. Балалар бір-біріне жылы лебіздері мен тілетерін білдірді.

Апталық аралығында «Мейірімділік шуағы» тақырыбында  достық, мейірімділік, отбасы, ана туралы  сурет көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге мектепалды даярлық, ересек топ  балалары қатысты. Көрме балалардың ата-аналарымен бірлесіп жасалған шығармашылық жұмыстарына толды. Өз суреттерінде балалар  өздерінің Отанын, қоршаған табиғаттың әсемдігін, туыстарына деген сүйіспеншілігін, мейірімділіктерін  көрсете білді. Балалар өз суреттерінде бояудың ашық, айшықты түстерін пайдалануға тырысты. 

«Өзін –өзі тану» пәнінің мұғалімі А. С. Жақсалыкова «Құлагер» мектепалды даярлық тобының балаларымен «Бірлігіміз жарасқан» тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу іс –әрекеті өткізілді. Ұйымдастырылған оқу іс –әрекетінің  мақсат–міндеттерін орындау барысында балаларға адам бойындағы құнды қасиеттер туралы түсініктер берілді, достасуға, татулыққа тәрбие беретіндей  тапсырмалар мен ойындар ойналды.

Просмотров: 551


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст