«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті "Таңқурай" ІІ кіші тобы. Тәрбиеші: Даниярова Б. С.

12.02.2019

Білім беру салалары: Коммуникация. Шығармашылық

Бөлімдері: Сөйлеуді дамыту. Сурет салу

Тақырыбы: «Менің кішкентай көмекшілерім»  Н. Әлімқұловтің әңгімесі, «Кесе»

Мақсаты:

  1. Балалардың сөйлеу, ойлау,жұмбақтар шешу,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
  2. Сұрақ-жауап арқылы таныс шығармалардың мазмұнын айтып беруге дағдыландыру. Балаларға бір отбасының татулығын, бірліктерін көрсету.
  3. Достыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Биллингвалдық компонент: Ыдыс- аяқ-посуда-diches, қасық-ложка-spoon, шанышқы-вилка-fork.

Қолданылған технология: «Тәй-тәй» технологиясы

Көрнекіліктер:Суреттер, жұмбақтар, мақал-мәтелдер,ойындар.

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Қызығушылығын ояту кезеңі

Шаттық шеңбер:

Қайырлы таң!

Ормандар мен далалар.

Қайырлы таң!

Достасқан бар балалар.

Қайырлы таң!

Біздің балабақшамыз.

Қайырлы таң!

Жора –жолдас, ұл мен қыз.

 

Шеңбер құрып қимылдарын көрсетеді.

Ұйымдастыру кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ал енді бәріміз орнымызға жалғасайық.

Слайд көрсету.

 Әңгіме айтып беру.

 Сұрақ бойынша жұмыс.

- Бұл әңгіме не туралы айтылған?
- Балалар, анасына қалай көмектеседі?

-Ал, сендер ата-аналарыңа қалай көмектесесіңдер?

 

Ойын: «Заттарды ата»

Шарты:суреттегі ыдыс- аяқтардың атын атату.

 Билингвалдық компонент:Ыдыс-аяқ- посуда-diches

Қасық- ложка- spoon

Шанышқа- вилка-fork

 

-Балалар белгі бойынша орталықтарға бөлініп орындарына жайғасады.  Балаларға қауіпсіздік ережелерін естеріне түсіріп айтып өту.

Екі топка балаларды бөлу.

1. Кітап орталығы:

Сурет бойынша жұмыс.

Мына суреттерде не  бейнеленген?

 

Мақал-мәтелдер жаттау.

Еңбек адамның көркі,

Адам заманның көркі.

 

Еңбек –ата, жер-ана.

 

Ананың көңілі балада

Баланың көңілі далада.

 

Бірлік болмай- тірлік болмас.

 

 

Жұмбақтар

Сабы бар,

Басы шатыр.

Табысын өлшеп әкеп,

Қудыққа тасып жатыр.

Ол не? (қасық)

Жарайсыңдар, балалар ол қасық.

 

Кесе, шыны, пиала,

Оларсыз шай құя ма?

Қасықсыз тамақ жемейді

Бәрінің атын не дейді?

(Ыдыс- аяқтар).

Жарайсыңдар, балалар.

Мына суреттерде не  бейнеленген?

 

 

 2. Өнер орталығы:

Анамыздың колданған ыдысы кесенің  суретін салып, безендіреміз.

 

Сергіту сәті:

Бала, бала,

балақан

Кәне, қайсы

алақан?

Саусақтарың әйбәт,

Былай, былай

ойнат

 

 

 

Қазір осы ыдыс аяқтар жөнінде кім маған тақпақ айтып берер екен?

Амина:

Апам ыдыс жуады

Мінезі оңды биязы

Ол барыңда турады

Жайнап үйдің жиһазы.

 

Дильназ:

Ыдыстарды жинаймын,

Үлкендерді сыйлаймын.

Кесе, қасық бәрінде,

Оз орнына қоямын.

 

 

Милана:

Бәрінде бар бақшада.

Ойын бөлме, Асхана.

Орындықта, тақтада,

Заттарда көп басқада.

 

С/О:«Қуыршақ қонаққа келеді»

Шарты:

Қонаққа қуыршақ Әйгерім келеді.

 –Балалар, Әйгерім бізге қонаққа келді. Қонақты күтуді,сыйлауды білуіміз керек. Кәне, Әйгерімге шай жасайық- деп ұсыныс жасау.Қантты, нанды тәрелкеге,шайды шәйнекке салып,шай дайындап, кесеге құямыз деп айтып,үйретіп отыру. Балалар тағамдарды ыдыстарға салып,үстелге қойып,Әйгерімді үстелге шақырамыз.

 

Балалар орындарына отырады

 

Мұхият тыңдайды

 

Сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

 

 

-ойын шартын түсініп, қызыға ойнады

 

 

 

 

Қайталау

 

 

 

 

 

 

 

Сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

 

Мақалдарды мұқият тыңдайды, қайталайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмбақтарға жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(қолдарын көтеріп)

 

 

(алақандарын көрсету)

 

(саусақтарын қимылдату, ойнату)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар өлең жолдарын тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Сұрақтар беріп,оқу іс-әрекетін қорытындылау.

Дұрыс айта алмаған балаларға көмектесу.

 Белсенділік танытқан балаларды мадақтау.

 

-балалардың жауаптары тыңдалып, толықтырылып отырылды.

 

Күтілетін нәтиже:

Білуге тиіс:Тақырып бойынша таныс сөздер мен жаңа сөздердің мағынасын түсінеді.

Талапты болу:жұмбақты шешеді, мақал-мәтелдерді айтып, өлең жолдарын айтып берді.

Қолынан келеді:достық, ұқыптылық, кішіпейлділік, еңбек сүйгіштік деген түсініктерді меңгерді.

 

 

Просмотров: 1953


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст