1-сыныпта дүниетану пәнінен өтілген ашық сабақ туралы анықтама
1-сынып оқушыларына «Ежелгі ата-бабаларымыз» тақырыбында ашық сабақ өтілді. Сабақтың мақсаты оқушылар ежелгі ата-бабаларымыз сақтар, олардың мәдениеті, тұрмысы туралы мағлұмат алды. Сабақ шаттық шеңберімен басталды. Өткен сабақты «Ыстық картоп» әдісі арқылы еске қорытындылады. Жаңа сабақ тақырыбын «Тапқыр болсаң , тауып көр»ой қозғау арқылы ашылды. Сынып ішінен мұражай дайындалды. Оқушылар ежелгі ата-бабаларымыз туралы білу үшін мұражайға саяхаттап барды.Мұражай нұсқаушысы суреттер, киіз үй, көшіпенділер мүсіндері арқылы оқушыларға түсіндірді.Ерден атаның әңгімесін экран арқылы тыңдады. Оқушыларды топқа бөліп. С әрпін алғандар «Сақтар» сөзін , т әрпін алған оқушылар «Томирис» сөзін топтастырды. Әр топ өз жұмыстарын қорғады.Сергіту сәті жасалды. «Автор орындығы» ойыны ойнатылды. Ойында жаңа сабақта түсінгендерін айтып шықты. Дәптермен жұмыста ежелгі қоныстың суретін салды. Жаңа сабақты қорытындылауда ,ұжым бірлесе отырып бұрынғы мен қазіргіні сурет арқылы сәйкестендірді. Жаңа сабақты түсінгендер дорбаны жасылмен, түсінбесе сарымен бояды. Сабақта белсене араласқан оқушыларға жұлдызша таратылды.