Білім беру саласы: Әлеумет.
Бөлімі: Экология негізі.
Тақырыбы: Торғай ағаш қорғайды
Мақсаты: 1.Балаларға құстар туралы түсіндіру, оның ішінде торғай туралы толығырақ
айтып түсіндіру.
2. Балалардың сөздік қорын дамыту, дыбыстарды айта білуге үйрету, торғай
туралы білген көргендерін айтқызу, құстарға қамқорлық жасауға
қажеттілігін түсіндіру.Сурет бойынша әңгімелеуге үйрету.
3.Табиғатты, құстарды аялауға тәрбиелеу.
Қолданылатын технология: «Тәй-тәй» технололгиясы
Көрнекілік: Суреттер, слайд, үнтаспа.
Әдіс-тәсілдер: Шаттық шеңбер, ойын, сұрақ-жауап, түсіндіру,көрсету,әңгімелеу.
Билингвальды компонент: торғай-воробей, құстар-птицый
Сабақ кезеңдері |
Жоспарланған әрекет |
Ресурстар |
Мотивациялық- қозғаушылық |
Шаттық шеңбер Қуан шаттан, қуан шаттан Қуанатын күн бүгін Қайырлы таң, қайырлы күн Күліп шықты күн бүгін! |
Балалар, бірге шеңберге тұрып орындайды. |
Ұйымдастыру кезеңі
Рефлексивті-түзетуші кезең |
-Жарайсыңдар, балалар. - Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер оның жауабын шешуге тырысыңдар, 1.Екі қанатты тұмсықты Бұл не ғажайып болды екен? Ол не? балалар 2.Өзі ағаш басында отырады және ұшады -Бұл не болды екен? -Балалар, бұл жұмбақтың шешуі қандай сөздер болды? Ал ,енді балалар тыңдайықшы, ненің дыбысы шығады? Үнтаспадан құстардың дыбысы шығады. -Бұларды бір сөзбен қалай атауға болады? -Құстар қайда мекендейді? -Дұрыс, далада мекендейді. -Ендеше балалар бүгінгі өтетін оқу іс –әрекетіміз құстар жайлы және оның ішіндегі торғай құсымен ерекше танысамыз. -Балалар құстар екіге бөлінеді «Қыстап қалатын құстар және Жыл құстары» болып бөлінеді.
-Балалар мен сендерге қыстап қалатын және жыл құстары жайлы айтып өтейін. Слайд арқылы түсіндіремін. Шыққан дыбыстары жайлы айтқызып отырамын. Қыстап қалатын құстардың ішінен біз торғай құсымен ерекше танысамыз. Далаға серуенге шыққанда қандай құсты кездестіресіңдер? -Дұрыс, торғай құсының ұшып жүргенін көреміз. -Ол қайда қонады? -Дұрыс балалар, енді барлығымыз мында қарайықшы бізге қонаққа торғайлар келіпті. Тоғайдың макетін көрсетіп балаларға түсіндіріп айтып өтемін. Балалар торғай сөзін қазақша және орысша айтып үйренейікші. Торғай-воробей, птицый- құстар. Мен сендерге «Торғай ағаш қорғайды» Ж.Смақовтың өлең жолын оқып берейін. Шыр-шыр еткен торғайды, Қорғамасақ болмайды. Кіп-кішкене торғайлар Ағаштарды қорғайды. Таспен атып торғайды, Ұя бұзған оңбайды. Құс өкпелеп кетеді, Бақшамызға қонбайды. Өлең жолын түсіндіріп өтемін. Торғай құсы ұясын ағаш басына немесе үйлердің шатырына салады.Олардың ұялары шар тәріздес болып келеді. Ұяның макетін көрсетемін.Олар ұясына шөптерді өздерінің мамықтарын жинап жасайды. Торғайлар топ болып ұшып жүреді. Олар ағашты қорғайды. Өйткені олар ағашқа түскен құрттармен қоректенеді.
Балалар тіл ұстарту жаттығуын орындайды. Пан-пан-пан Сап-сары балапан. Ұс-ұс-ұс Ұшты-ұшты құс
Балалар енді орнымыздан тұрып орталықтарға бөлініп отырамыз. 1. «Құрылыс» орталығы Балалар құстардың суреттерін пазлы арқылы құрастырады.
2. «Кітап» орталығы: «Суретті жұмбақ» ойыны Мақсаты: суретті әңгімелеу арқылы балалардың сөздік қорларын дамыту. Шарты : тақтада сандар ілініп тұрады. Бұл сандардың астында сұрақтар және суреттер жасырынып тұрады. Сұрақтарға жауап берген сайын суреттер ашылып отырады. № 1 сұрақ: Құстарға тұмсық не үшін қажет? № 2 сұрақ: Дала құстары неше топқа бөлінеді? № 3 сұрақ:Құстардың қандай пайдасы бар? № 4 сұрақ:Қыстап қалатын құстарды ата? -Балалар қандай құстың суреті шықты?
-Енді орнымыздан тұрып сергіту сәтін орындаймыз. Сергіту сәті: Кәне қанат жазайық, Торғай болып ұшайық. Ұшып-ұшып алайық, Орнымызға қонайық.
-Балалар, барлығымыз менің қасыма ортаға жиналамыз. Маған кім торғай туралы тақпақ айтып береді. -Балалар, бүгінгі оқу іс-әректін түсінгендеріңді білу үшін ойын ойнайық. Ойын «Құстарды ажырат!» Мақсаты: балалардың зейінін дамыту. Шарты: Екі ағаш орналасады сол ағаштарға балалар суреттерді орналастырып қояды. Мысалы : күз ағашына қыстап қалатын ағаштар, ал көктем ағашына жыл құстарын орналастырады. Бүгінгі оқу іс-әрекетіміз сендерге ұнады ма? Бүгін сендер жақсы қатыстыңдар, сендерге сыйлығым бар. |
Балалар тыңдап отырады.
Құс
Торғай
Құстардың дыбысы
Құстар дейміз
Торғай құсын көреміз.
Ағаштың басына қонады.
Тыңдап отырады.
Қайталап отырады.
Балалар тыңдап отырады.
Тіл ұстарту жаттығуын орындайды.
Орталыққа бөлінген балалар тапсырманы орындайды. Балалар құстардың суретін салып, құрастырады.
Құстарға тұмсық тамақтану үшін керек. Дала құстары екі топқа бөлінеді. Ағаштардың құрттарын жейді. Торғай, көгершін, сауысқан Балалар суретті әңгімелеп береді.
Сергіту сәтін орындайды.
Айзере, Айзере, Аймира тақпақтарын айтады.
Балалар тапсырманы орындайды.
Смайликтар таратылады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Құстарды ажырата алуды.
Игереді: Құстардың атауларын айтып игерді.
Меңгереді: Балалар сурет арқылы әңгімелеуді меңгерді.