«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық сабақ

04.02.2019

Пәні: Дүниетану                                     Сыныбы 1

Сабақтың тақырыбы:

Ежелгі ата-бабаларымыз

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар: Ежелгі ата-бабаларымыз сақтар, олардың мәдениеті, тұрмысы мағлұмат алу;

Оқушылардың басым бөлігі: Сақ ханшайымы Томириспен танысу;

Кейбір оқушылар: Қазіргі және ежелгі тіршілікті салыстыруды үйрену.

Тірек сөздер:

Көшпенді ел- кочевник-nomadic people.

Бостандық-свобода- freedom.

Ресурстар:

Сабақтың тақырыбына байланысты суреттер. Топтық жұмысқа парақтар. Сақ мәдениетінің заттары бейнеленген суреттер.

Сабақтың мақсаты:

1.3.1.1. көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелеу.

 

 Сабақ барысы

 

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

 Сабақтың басы

Психалогиялық ахуал

Қайырлы күн достым!

Қайырлы күн, болсын!

Бейсенбінің сәті.

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын!

 

Өткенді пысықтау.

«Ыстық картоп» әдісі

  1. Алғашқы адам қайда пайда болған?
  2. Олардың баспаналарын ата.
  3. Еңбек құралдарын неден жасаған?
  4. Олар немен қоректенген?

 

Жарайсыңдар!!!!

 

 

 

 

 

 

Картоп

 Сабақтың ортасы

Ой қозғау.

«Тапқыр болсаң ,тауып көр»

  • Балалар, сынып ішінде сөздер жазылған қағаздар жасырылған. Барлығымыз бірге іздейміз.Кім тапса сол сөзді оқып береді. Жарайсыңдар! Тауып алған оқушылар қағаздағы сөздерді оқимыз.
  • Ата, сақтар, көшпенділер, бабаларымыз, ежелгі.
  •  Осы сөздерді ретімен өз орнына қойып оқысақ, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы шығады.
  • Ежелгі ата-бабаларымыз. Сақтар. Көшпенділер.
  • Өте керемет! Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы «Ежелгі ата-бабаларымыз »

Бүгінгі сабақтада тарихқа саяхатымызды жалғастырамыз. Ежелгі ата-бабаларымыз туралы білу үшін, мұражайға саяхаттап барғыларың келеме?

-Барамыз.

- Мұражайға немен барамыз?

- Автобуспен

(Мұражайға автобуспен келеді)

Оқушылар барлығы:

-Сәлеметсіз бе!

Мұражай нұсқаушысы:

-Сәлеметсіңдер ме! Қош келдіңіздер!

-Мұражайға келу себебіміз оқушыларым «Ежелгі ата-бабаларымыз» туралы білсек дейді.

Нұсқаушы түсіндірмесі:

  1. слайд . Оқулықтағы 1- сурет.
  • Біздің ежелгі ата- бабаларымыз- сақтар. Олар көшпенді халық болған. Олар өмірі үшін қолайлы жерге, малдарына жайлы шөбі шүйгін жерлерге көшіп отырған. Сақ қоғамы үшке бөлінеді:

Жауынгерлер, абыздар, малшылар мен егіншілер.

-Олардың киімдері, қарулары, көліктері қандай болды?

Нұсқаушы таныстырып айтып өтеді.

  • Бұл Томирис .Атақты сақ ханшайымы. Бес жасында атқа мінген, алты жасында қолына қылыш ұстаған.Сақ ханшайымы Томирис   батыл, ержүрек әрі сұлу ақылды болған. Ол парсы елінің патшасы Кирден өз жерін қорғаған.

Экраннан «Ерден атаның әңгімесі»   тыңдату.

-Балалар, сақтар туралы білсек, мектебімізге барайық.

Автобуспен мектепке келу.

Топтық жұмыс

Оқушыларды «Сақтар» ,«Томирис» деп екітопқа бөлу.

1-топ :«Сақтар» сөзін топтастыру.

  1. топ: «Томирис» сөзін топтастыру.

   2-топта өз жұмыстарын қорғайды.

Өте белсендісіңдер!!!!

Сергіту сәті: Оқушылар шеңберге тұрып, «Көш қозғалады» қозғалып жүреді.«Көш тоқтады» - тұрып қалады.

«Автор орындығы» ойыны

Томирис, сақтар туралы орындыққа отырған оқушы айтып береді.

Белсендісіңдер!!!!

 

Дәптермен жұмыс

33- бет. Бұрынғы көлік суретін салу.

 

 

Ата, сақтар, көшпенділер, бабаларымыз, ежелгі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автобус

 

 

 

 

 

 

Мұражай

 

 

Ежелгі ата- бабаларымыздың

суреттері мен бұйымдары.

 

 

 

 

 

 

 

Томирис ханшайымның суреті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сақтар. Томирис.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмыс дәптері

 Сабақтың соңы

Ұжымдық жұмыс:

Бұрынғы мен қазіргіні салыстыру. Суреттерді сәйкестендіріп жапсыру.

Жұмыстарың керемет!!!!

 

-Бүгінгі сабақта«Ежелгі ата- бабаларымыз» туралы түсінгеніміз жасыл түспен, түсінбесек сарымен бояймыз.

 

Қалыптастырушы бағалау.

Сабақта белсенде араласқан оқушыларға жұлдызша тарату.

 

 

 

Атарба, машина,киіз үй,түйе,зәулім үй, сотка, ұшақ суреттері.

 

Дорба

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұлдызша

 

Просмотров: 777


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст