«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті "Балбөбек" ІІ кіші тобы. Тәрбиеші: Тастубаева А. С.

30.01.2019

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта. Шығармашылық

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру, Сурет салу

Тақырыбы: «Табиғат әлемі», «Қайың»

Мақсаты: Өсімдіктер мен жануарлар, құстар туралы түсініктерін кенейту, оларға күтім жасауға тәрбиелеу. Балалардың сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Көрнекіліктер: Жануарлар, құстар, өсімдіктер суреттері.

Әдіс –тәсілдер:Тыныштық сәт,тақпақтар, ойын, ғажайып сәт.

Билингвалдік компонент: Табиғат-природа; құстар-птицы.

Оқу іс әрекетінің қызметі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың  әрекеті

 

Салеметсіздер ме, балалар! Бүгін бізге сабаққа қонақтар келіпті? Қане балалар орнымыздан шаттық шеңберге тұрып қонақтармен амандасайық.

Шаттық шеңбері

Күннің көзі ашылсын
Көкке шуақ шашылсын
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Ал қанекей балалар
Сәлем дейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме апайлар.

Балалар қонақтарға назар аударады

 

 

 

-Балалар шаттық шеңберге тұрып, қимылдарда қайталайды.

Ұйымдастырушылық  ізденістік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Балалар бүгін біз сендермен табиғатпен танысамыз. Табиғатпен танысу үшін біз орманға саяхатқа шығамыз.

-Барасындар ма балалар?

-Саяхатқа  шығу үшін не істеу керекпіз?

Ендеше бәріміз орнымыздан тұрып, саяхатқа жиналайық.

Тоңса біздің басымыз – құлақшын киіп аламыз

Тоңса біздің денеміз – тон киіп аламыз

Тоңса біздің аяғымыз – пима киіп аламыз

Тоңса біздің қолымыз – қолғап киіп аламыз

-Өте жақсы енді біз дайынбыз, саяхатқа шығайық. (Серуенге шығу)

Тыныштық  сәті:  Табиғат   құбылыстарының  

дыбыстарын   тыңдау.

-Балалар  не  естідіңдер?Ненің  дыбысы  деп  ойлайсыңдар?

Осы  құбылыстардың  барлығы  табиғат  

құбылыстарына  жатады. 

Қараңдаршы, біздің  қоршаған  орта, ормандағы ағаштар, ауа, күннің көзі, жер, су, жануарлар, өсімдіктер, тастар, құм олар бәрі табиғатқа жатады.

-Балалар білесіңдер ме орысша айтқанда табиғат-природа; құстар-птицы.

-Қараңдаршы балалар, орманда неше түрлі жануарлар жүреді екен. Құстар да өте көп

(Балаларға жануарларды, құстарды атап айту, бірге қайталау).

(Орманда бір бұзық бала жүріп, құстын ұясын бұзып, ағаштарды сындырып жүр.)

-Сәлеметсізбе балақай, Сенің атын кім?(Азамат)

-Сен не істеп жүрсін? (Мен орманда ойнап жүрмін).

-Ағашты сындырып ол саған ойын ба?

-Сен мына кішкентай балаларға қандай үлгі көрсетіп жүрсін?

-Балалар Азаматқа айтындаршы ағаштарды сындыруға бола ма? Құстардың ұясын бұзуға болады ма?

-Дұрыс, өйткені құстар біздің досымыз. Ағаштарды да сындыруға болмайды олар біздің табиғатымыз. Біздің табиғатымыз әдемі болу үшін табиғатты дұрыс пайдалануды үйрену керек,күтім жасау керек.

-Жүр бізбен бірге құстарға жем салып, даладағы қоқысты жинап алайық. (Балалар тапсырманы орындайды)

-Жарайсындар, балаларал енді Азаматқа табиғат  туралы және табиғатты қорғау туралы кім тақпақ айтып береді?

Тақпақтар

Аяулым:Табиғат біздің анамыз,

Жер–Ана біздің панамыз.

Таза болса табиғат

Біз де аман боламыз.

Айым Ж:Бұтақтарды сындырмай,

Тазалықты сақтайық.

Гүл өсіріп, су құйып,

Табиғатты қорғайық.

-Өте жақсы, балалар тонып шаршап қалған шығарсындар, бәріміз шенберге тұрып сергіту сәтін орындаймыз.

 

Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан желеседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үлкен болып өседі.

Азамат:-Рахмет сендерге балалар енді мен  де табиғатты қорғаймын және достарыма барып табиғатты қорғауға үйретейін. Сау болындар!

-Жақсы балалар, біз де топқа барайық.

-Балалар даладан келіп киімдерінді шешіп, отырайық.

-Балалар бүгінгі саяхатсендерге ұнады ма?Біз бүгін табиғат туралы көп білдік, енді белсенділік орталыққа барып фишкалар арқылы орталықтарға бөлініп оқу іс әрекетімізді жалғастырайық. 

-Балалар гүлдер де табиғаттын бір бөлігі, «Ғылым» орталығыда біз бүгін гүлдерге қамқорлық жасаймыз.

«Өнер» орталығында қайың ағашының суретін саламыз.

1 ғылым орталығы:Гүлдерді суару, Жапырақтарды сүртіп. Екі гүлді салыстыру.

2 өнер орталығы: Қайыңның суретін саламыз. Суретті дәстүрлі емес әдісін қолданып саламыз.

-Жақсы балалар енді ортаға жиналайық.

 

 

 

Ия

Жылы киіну.

 

тұрып, құлақшын кию қимылы

тон кию қимылы

аяқ киім кию қимылы

қолғап кию қимылы

 

 

құстың сайрағаны, желдің, жаңбырдың дыбысы

 

 

 

 

 

табиғат-природа; құстар-птицы.

 

Тиын, кірпі, қоян

Торғай,қарға

 

 

 

 

 

 

 

Құстардың ұясын бұзуға болмайды. Ағаштарды да сындыруға болмайды

 

 

 

Балалар даладағы қоқысты жинайды.Құстарға жем береді

 

 

 

 

Тақпақтарды

айтады

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәтін

орындайды

 

 

 

 

Сау болыныз

 

Топқа келеді, киімдерді шешеді

 

 

 

 

 

 

 

 

Орталықтарда  жұмыс жасайды

Рефлексиялық- түзетушілік

-Балалар ойын ойнағысы келе ме?

Ойын:"Жақсы -жаман" ойын ойнайық.

Ойын ережесі: "Жақсы-жаман қасиеттер бейнеленген суреттерге қарап "Жақсы" қасиет болса қол шапалақтау "Жаман" қасиет болса тып-тыныш отыру.

Гүлдерге су құю

Ағаштарды сындыру

Құстарға жем беру

Құстың ұясын бұзу

Ағаштарды отырғызу

Құстарға ұя жасап беру.

-Балалар бүгін біз не туралы әңгімелестік?

-Табиғатқа не жатады екен кім айтады?

-Жақсы балалар. Осымен біздің оқу іс әрекетімізді аяқтаймыз. Рахмет сендерге.

Ия

 

 

Ойын ойнайды

 

 

Жақсы

Жаман

Жақсы

Жаман

Жақсы

Жақсы

 Табиғат туралы айттық

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Балалар табиғат туралы жалпы мәліммет біледі.

Үйренді: Табиғатқа күтім жасауға үйренді.

Білді:Табиғатқа «жақсы-жаман» қасиеттерін білді.

 

Просмотров: 592


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст