Балабақшаішілік «Ән көңілдің-ажары» байқауы
2022 жылғы 1-11 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің жопарына сай «Балдырған» мектеп-балабақшасында «Ән – көңілдің ажары» атты балалар арасында ән байқауы ұйымдастырылды. Байқауға ортаңғы, ересек топтарының тәрбиеленушілері қатысып өз бақтарын сынады. Байқау өте жоғарғы деңгейде өткізілді. Байқау нәтижесі бойынша «Балдәурен» тобының тәрбиеленушісі Рамазан Айаруша I орынға, «Еркетай» тобының тәрбиеленушісі Аманжол Гүлдара II орынға, «Балдәурен» тобының тәрбиеленушісі Исмагамбетова Ажара жүлделі III орынға ие болды. Сайысқа қатысқан барлық тәрбиеленушілерге «Көрермен көзайымы», «Жас әнші», «Әнші бұлбұл», «Өнерлі бала» номинациялары мен марапатталып Дипломдарға ие болды.